- Учителю
- 'Абай жолы' эпопеясының тарихи, этнографиялық сипаты
'Абай жолы' эпопеясының тарихи, этнографиялық сипаты
Қазақ әдебиеті 11 «А» сынып 19.11. 15
Сабақ тақырыбы: Эпопеяның тарихи, этнографиялық сипаты.
Сабақ мақсаты: 1.Ғұлама жазушы М. Әуезовтің ұлағатты мұрасын негізге ала отырып, эпопеяның тарихи, этнографиялық сипатын ашу.
2.Өз бетімен ізденіске, ой қорытып, пікірлерін жүйелі әрі сауатты жеткізе білу қабілеттерін дамыту
3 .Оқушыларды ұлтжандылыққа,шешендікке, ізденімпаздыққа,адами
ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақ әдісі: баяндау, сараптау, зерделеу
Сабақта қолданылған технология түрлері: компьютерлік технология
Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа ынта -ықыластарын аудара отырып,
сыныпта жайлы ахуал қалыптастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
М. Әуезовтың әкесінің аты кім?
Жазушының трагедиялық шығармасы қандай?
Бірінші түбірі сын есім, екінші түбірі зат есімнен жасалған біріккен сөз қандай драмалық шығарманың аты ?
Қыздардың атымен аталған шығармасы қандай?
Қасым деген бала қандай әңгімесінің кейіпкері?
Мұхтардың семинариядағы орыс тілі мұғалімі кім?
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті баяндайтын көлемді шығармасы қандай?
«Қараш-қараш» хикаятындағы басты кейіпкердің прототипі кім?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушы дайындағаны.
Абайтанушылар:
1) Тәкен Әлімқұлов - абайтанушы ғалым.
2) М.Әуезов -Абай мұрасының бірегей білгірі.
3) М. Әуезов - Абай шығармаларының текстологі
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Этнография, этнология ( etnos - тайпа, , grapho - жазу) - ғылымның мен халықтарды зерттейтін . Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
3. Оқушыларға әр түрлі ғылыми деректер беріліп, эпопеяның этнографиялық сипатын ашу.
4. Эпопеяның тарихи сипатын ашу.
5. Мәтінмен жұмыс : берілген көрсеткіштер бойынша мәтіннен керекті сөздерді теріп жазу,сөздік құру.
1. Кейіпкерлер
2. Жер-су атаулары
3. Ру-тайпа атаулары
4. Дәстүр, ырымдар
5. Тұрақты тіркестер(фразеологизм)
6. Сөздік
І V. Қорытынды жасау.
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
V . Бағалау.
VІ Үйге тапсырма: «Абай жолы» романының шығу тарихына хронологиялық кесте құрастырып келу.