7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған сабақ үлгісі. Сабақтың тақырыбы: 'Ғаламтордың қалай пайда болғанын білесің бе?'

Қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған сабақ үлгісі. Сабақтың тақырыбы: 'Ғаламтордың қалай пайда болғанын білесің бе?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

10 сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың қалай пайда болғанын білесің бе?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Ғаламтордың шығу тарихы» тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Мәтіннің мазмұнын сұрау

ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2.Сөздікпен танысу:

жүйе-система

Әскери зерттеулер- военные исследования

Сенімділік- надежность

Кесінді-отрезок

Хаттама- протокол

Мүмкіндіктері- возможностиъ

Бағалау- оценить

А) сөздерді дұрыс айту;

Ә) сөздік дәптерге жазып алу;

Б) сөйлем құрастырып жазу.

3.Мәтінмен танысу- Оқылым

Ғаламтор-Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болды.
Интернеттің шығу тарихы 1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген.
Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос - Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі саланың ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды.Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық - талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

1.Мәтіннің мазмұнына сәйкес төменде берілген сұрақтарды рет- ретімен қойып, соларға жауап беріңдер.

-Ғалоамтор арқылы кіммен танысуға болады?

-Ғаламтор осыдан неше жыл бұрын пайда болған?

-Торапаралық хаттама деген не?

- Ғаламторды пайдаланатындар нені іздейді?

- Ғаламтордың лайықты мүмкіндіктерін кімдер бағалаған?

- Ғаламтор алғашқы рет қай елде пайда болған?

2. «Ғаламтордың шығу тарихынан» мәтінінің мазмұнын ашатын 3-4 сөйлем негізінде мәтінді жазбаша әңгімелеңдер.

ІІ деңгей

1.Мәтінді бөліктерге бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар. Интернационалдық терминдерді пайдаланыңдар.

2.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді басқа синоним сөздермен ауыстырып, әңгімелеңдер.

І деңгей

Ғаламтордың шығу тарихы бойынша қосымша мәліметтерді жинақтап, әңгімелеңдер.

V. Сабақты қорыту: Жазылым: сөйлемдерге тиісті етістіктерді қойып жазу

4- тапсырма

Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ- та ...

Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін ...

Мамандар Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін ...

Интернетті пайдаланатындардың барлығы ақпарат ...

Керекті сөздер: іздейді, бағалады, пайда болған, құрылған.

VI. Үй тапсырмасын беру: мәтінді мазмұнын айту

VII. Бағалау.

VIIІ. Рефлексия : Даналық ағашына өз пікірлерін жазып қалдырады




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал