7


  • Учителю
  • Разработка урока 'Тілдер күні'

Разработка урока 'Тілдер күні'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тілдер күніне арналған сайыс сабақ
«Тілден артық қазына жоқ,
тілден артық қасиет жоқ»
Н.Ә.Назарбаев
Мақсаты:

1.Ойын арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау деңгейін көтеру, тілдерін жетілдіру.
2.Тіл - ата-бабамыздан қалған асыл қазына, байлығымыз екенін ұғындыру.

3.Туған елге, тілге деген құрметтерін арттыру, тілге деген көзқарастарын қалыптастырып, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Екі топқа бөлу. 1-топ мысалға «Қырандар» 2-топ мысалға «Тұлпарлар»

Ойын шарты бойынша топ өздерін таныстырады:

Мыс.:

1.«Біз Қыранбыз, әрқашанда биікте ұшамыз, сайыстада биіктен көрінеміз».
2.«Біз тұлпармыз, жарыста алдымызға жан салмаймыз».
2- кезең «Ойлан тап» екі топқа 5 сұрақтан қойып, жауаптары тыңдалады. Дұрыс жауапқа 1 үкі. «Қырандар» тобына:

1.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
2. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?, атап бер. 4.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
5. «Тіл туралы» Заң бірінші қай жылы қабылданды?
«Тұлпарлар» тобына:

1.Тілдер күні қашан?

2. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?
3. Қазақ тілінде неше септік бар?, атап бер.
4.Ауыз әдебиетінің түрлерін ата
5. Тіл туралы» Заң екінші рет қай жылы толықтырылып, қабылданды?
3-кезеңде «Сен білесің бе?» деп аталады, онда өзіңіз таңдаған карточкаңызды алып сұраққа жауап беріңіз. Дұрыс жауап 2 үкі.

№ 1 карточка. Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі?

№ 2 карточка. Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
№ 3 карточка. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
№ 4 карточка. Қазақтың үш биі кім?
№ 5 карточка. Тудың, Елтаңбаның авторлары кім?
№ 6 карточка. Жаңа әнұран қашан қабылданды?

4-кезең «Сөз тапқанға ...» деп аталады. Мұнда «Тәуелсіздігімізде» деген сөзден неғұрлым көп сөз тауып құрау керек.
(сіз, әуез, ел, әуелі, мәуелі,ізгі, елу, лезде, із, зәулім,дем,демсіз,дәу)
5-кезең Мақалды аяқта және тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш. Дұрыс жауап 2 үкі
1. Туған жердей жер болмас, ... 2. Басқа пәле - ... 3. Өнер алды ... 4. Тілден артық ...
1.Төбе шашым тік тұрды - деген нені білдіреді?
2. Тілім бармай тұр - деген нені білдіреді?

3. Тіл табысу - деген нені білдіреді?
4. Қоян жүрек - деген нені білдіреді?
2-бөлім 1-кезең «Полиглот» Шешімін тауып үш тілде айту, дұрыс жауап 3 үкі

1. Мектеп кеме, білім ...(теңіз- ... - ... )
2. Отансыз адам, ормансыз ... (бұлбұл - ... -... )

3.Өнер алды қызыл ... (тіл - ... -... )
4. Күш білімде, білім ... (кітап -... - ... )
5. Абай Құнанбаев ұлы ... (ақын -... - ... )
6. Көп тіл білу ... талабы. (өмір ... -... )
7. ... оттан да ыстық. (Отан - ...- ... )
1.Сөздердің антонимін табыңдар.
1.жаңа
2.бүгін
3.жақсы
4.тар
5.кедей

2.Сөздерді аударыңдар.
1.новый - 2.расписание - 3.дедушка - 4.хлеб - 5.класс - 6.сахар -
3. Сөздердің антонимін табыңдар.
1.аз -
2.биік -
3.кішкентай-
4.ерте - 5.үстімен -
6.сен - 7.қысқа -
4.Сөздерді аударыңдар.
1.время-
2.год -
3.август -
4.лето
5.неделя
6.зима
3-кезең «Жорға» Екі топтан екі сайыскер шығып минутына берілген жауаптары арқылы жарысады. Әр сұрақ 1 үкі
1-сайыскерге: 1. Тәуелсіздік күні -
2.Оқушы сөзінің синонимі -
3.Республика астанасы -
4.Суффикс сөзінің аудармасы -
5.Аптаның бірінші күні -
6. «Бөбек» орталығының бас директоры кім?-
7. Тілдер күні -
8. Кімнің? Ненің? қай септіктің сұрағы? -
2-сайыскерге: 1. Ынтымақ күні -
2. Мұғалім сөзінің синонимі -
3.Рәміздер -
4. Аптаның соңғы күні -
5. Біздің гимназияның бас директоры -
6.Кіммен? Немен? қай септіктің сұрағы? -
7. Ахмет Йассауи кесенесі қай жерде? -
8. Корень сөзінің аудармасы - Көп үкі жинаған топ «Қазақ тілін үздік меңгерген білгір топ» атымен аталады. Сарапшылар ұпай санын санап жеңімпаздарды анықтайды. Қорытынды: «Тіл - қазына, тіл - тапқырлық, тіл - мемлекет, тіл - даналық. Ендеше сайысымызды Шона Смаханұлының «Анамның тілі» өлеңімен аяқтаймыз..

Анамның тілі
Өмірге келдім Анамды көрдім, Деді ол: «жаным» «Арайлы таңым». Самал боп желпіп, Жырымен ертіп. Үйретті тынбай, Бал тілін маған.
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім.
Тыңдадым сөзін
Табынып сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал