7


Сан есім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Сан есімСабақтың мақсаты:Білімділік: Сөз таптарын қайталау, сан есім туралы білімдерін арттырып, кеңейту.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, ізденушілік қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу, шығарма
предварительный просмотр материала



Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің «Ел қорғаны - Ер Жәнібек » атты республикалық мүшайрасына!



Тегіне тартқан Ер- қазақ

Ұстасаң қару мылтықтан ұста деген бар,

Ашықсаң азық, шаршасаң дәйім таяғың.

Жар таңдап сүйсең, жасыңда сүйгін қарағым,

Қартыңда сүймей, өзіңді-өзің аяғын.



Би болғың келсе, қарайла мүсәпірге кіл,

Ақылды мыңнан сұрамай, сұрап бірден біл.

Аяма олжа жоғалтпау үшін досыңды,

Батасы осы бұрынғы кездің берген дүр.



Жайлаған елім Өр Алтай таудың етегін,

Жатырған сайрап ерліктің ізі неше мың.

Абылайхан мен Қабанбай, Бөгенбайлармен,

Атасам атын, ерлігі үлгі етерім.



Жеңуге жауды керек-ақ әр кез қалың қол,

Тілемек керек ерлікке қайыр, қадам зор.

Керейден туған Жәнібек келді дегенде,

Қойдырған елің алдыңа асыл тағам мол.



Ендігі ойы атойлап салып ту алу,

Дәулет құс қонған, басына мәңгі бақ алу.

Ел бастап барып, жайымен жүріп жөн алу,

Қол бастап барып, бәрінен бұрын жау алу.



Ерлікті айтсаң, дулыға киіп жауға кір,

Елдікті айтсаң, көк найза білеп дауға кір.

Батасы елдің алдаспан сілтер алысқа,

Жәнібек ердің жұлдызы жанды және бір.



Сауытын киіп, сайманын түйіп асынған,

Жарқ етіп өзі жаралғандай-ақ жасыннан.

Дүбірі бөлек тұяқтың шаңын көтеріп,

Үш ғасыр бұрын туған ер екен асылдан.



Жорықтар жойқын кезгенде қазақ даласын,

Дарынды етіп туған-ау қазақ баласын.

Тамыры терең тарихтан таптым тұлғаңды,

Кешені енді ертеңге жалғап барасың.



Көк найза ұшын түйреген көкке көтеріп,

Тұрмаған жауы кәрінен текке бөгеліп.

Сірә да сенің арқаңда шығар Бек- Арыс,

Жатқаны гүлдеп, жерімнің бәрі көгеріп.



Керейдің атын ұрандап алға апарып,

Жеріне жаудың жібердің нағыз атойнақ.

Бағына елдің туған бір сонда есіл ер,

Жүрмесін деген жерімде менің жат ойнап.



Көшімді бастап жеткізген осы күніме,

Тыныштық орнап таптырмас мынау түніме.

Ел болып еркін, жайқалып өсті ұрпағың,

Бар қазақ тартқан түбінде сенің тегіңе.

Қызылорда облысы, Арал қаласы, Құмаров к-сі, 4-«А» үй.

Балманова Шолпан Жібекәліқызы.

Үй тел: 8 724 33 2 50 10.

Ұялы тел: 8 702 978 99 50.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал