7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану сабағының жоспары. ӘДептілік - әдемілік

Өзін-өзі тану сабағының жоспары. ӘДептілік - әдемілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағының жоспары
№ 10сабақ
Мектеп:Ақсай қаласы №4 ЖОББМ Мерзім1а(14.11.15)ә(14.11.15)б(12.11.15)в(14.11.15)
Тақырып:Әдептілік- әдептілік Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер:сыпайылық, ізеттілік, әдептілік
Мұғалім:Жандосова.А.Ж Сынып-1

Сабақ мақсаты:
«Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру;
- сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- ізеттілікке, сыйластыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып,«Өзін - өзі тану»сабағының ережесін «5-Т»қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
2сабақ Дәптермен жұмыс


4.Әңгімелесу. Әдеп
Әдептілік қағидалары - мінез-құлық нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.

Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дұрыс түсінік пен білімге қанық болғанда ғана оның нормаларына бой ұсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.

Жеке адам өмірін әдептілік қағидаларына сай калыптастыру керек-ақ. Алайда мұны дұрыс түсінбейтін адамдар да кезігіп қалады. Олар: "Жеке адамның өміріне ешкім араласпауы керек, әркім өз өмірін өзі біледі" деген пікірге жүгінеді. Яғни жеке өмірлерінде қандай да бір құқықтарының шектелгендіктерін алға тартады.

Бар түсініспеушілік осында жатыр. Ал, оны түсіне алу үшін мынаған ерекше назар аударған жөн сияқты. Бір адамның екінші бір адам өміріне араласпау керектігі - орынды нәрсе. Ал, басқаның жеке өміріне араласпау үшін өзіңнің жеке өміріңді соған орай бейімдеуің керек емес пе? Бүл дегеніміз - өзіңнің еркінді шектеу. Ендеше, адамның жеке өмірінде әдептілік қағидаларын қалыптастыру шектеудің осындай бір түрі болып табылады.


5.Дәйексөз.
« Сәлемдесу - әдептілік бастауы »


6.Шығармашылық жұмыс.
Әдепті сөздер


7.Топпен ән айту.Балдырғандар әні
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.
Қайырмасы:
Өмір тым жайдары,


Қызықтың қайнары,
Бақшамыз жайнады. (2 рет)
Біз - Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық - ұранымыз.
Қайырмасы:


8.Үй тапсырмасы.

№11 сабақ дәптермен жұмыс


9.Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыстап:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал