7


  • Учителю
  • Серии уроков по казахскому языку и литературе для 6 казахского класса

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 6 казахского класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: СөзжасамСабақтың мақсаттары: 1. Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету2. Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру,өз бетінше сөзжасаманың жасалу жол
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам

Сабақтың мақсаттары:

1. Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету

2. Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру,өз бетінше сөзжасаманың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру.

3. Оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру, игерілген білімді пысықтау.

Сабақтың түрі: Түрлендірілген аралас сабақ


Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта,Инсерт кестесі)

Пәнаралық байланыс: информатика

Көрнекіліктер: слайд, сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сынып кезекшісімен жұмыс, өтілетін сабақ тақырыбы, мақсат- міндеттерімен таныстыру.

  2. Үй тапсырмасын пысықтау.

  1. Слайд №1 «Ой шақыру стратегиясына» ілінген шеңбер


Қималар бойынша сұрақтарға жауап береді. Шеңбердегі сұрақтар:

  1. Екпін дегеніміз не?

  2. Екпін нешеге бөлінеді?

  3. Сөз екпіні дегеніміз не?

  4. Ой екпіні дегеніміз не?

  5. Тіркес екпіні дегеніміз не?

  6. Тіл туралы үш мақал

ІІІ. Жаңа сабақ : Бүгін сабақта біз сөзжасам және оның жасалу жолдарымен танысамыз.\


Сөзжасам



Жаңа сөздің жасалуы



Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер



Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер


Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөздер

Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған туынды сөздер

Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөздер



Тұтқа : 1) Есіктің тұтқасы;

2)Өмірдің тұтқасы

Құлақ: 1)Адамның құлағы;

2) Қазанның құлағы

Қара: 1)қара шаш - заттың түсін білдіріп тұр;

2) тақтаға қара- қимыл-әрекетті білдіріп тұр


Түбір+ сөз тудырушы жұрнақтар

мек

Жүр ме

ген

іс

Мысалы: Көктөбе

(Көк+ төбе)


Екібастұз

(Екі+бас+тұз)


Қызылорда

(Қызыл+орда)


Итмұрын

(Ит+мұрын)


Көлбақа

(Көл+бақа)

Мысалы:

Ауыл-аймақ,


кәрі-жас,


сөйлей-сөйлей,


ақ-қара,


азды-көпті,


үгіт-насихат,


оқу- әдістемелік

Маңғыстау облысы


Он жеті

Мың тоғыз жүз жиырма бес


Сөз таптары

Қара-торы,

мал шаруашылығы

ІV. Оқулықпен жұмыс:

355-жаттығу.Мына сөздердің қайсысы түбір, қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.


Жер,жер серігі, бұлт, кемпірқосақ, күн, күн сәулесі,аспан, көкжиек,жұмыс,жұмысшы,жұрт, ағайын-жұрт,жер-көк,тау-тас.

V. Жаңа сабақты меңгеру. слайд№3


Семантикалық карта №1

Мысалдар

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөздің қосарлануы арқылы

жасалған туынды сөз

Екі сөзді тіркестіру арқылы

жасалған туынды сөз

Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөз

Бүркітші

+


Бүгін

+


Арам шөп, арам тамақ


+

Үлкен үй

+


Білім


+

Баспасөз

+


Жүзбе-жүз


+

Жер серігі

+


Семантикалық карта №2

Мысалдар

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөздңі қосарлануы арқылы

жасалған туынды сөз

Екі сөзді тіркестіру арқылы

жасалған туынды сөз

Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөз

Түсім


+

Еңбеккүн

+


Қарама-қарсы


+

Суық су, суық хабар

+

Ұшқыш


+

Күн сәулесі


+


Қолбасшы

+


Көзбе-көз

+


VІ Бекіту: Суретпен жұмыс. Слайд №4

  1. Суретші, биші, күйші (жұрнақ арқылы)

  2. Атжарыс (екі сөзді біріктіру арқылы)

  3. Ыдыс-аяқ (Қосарлану арқылы)

  4. Күн сәулесі (тіркесу арқылы)

  5. 1) Жаз мезгілінің суреті

2) Жазу жазып отырған баланың суреті (лексикалық жолмен жасалған)

VІІ Бекіту: Қорытынды: слайд №5

Сабағымызда қолданатын келесі әдіс ИНСЕРТ, яғни түртіп алу стратегиясы арқылы бүгінгі сабақта не білдік және бұл сабаққа дейін не білгенмін деген сұрақтарға жауап бере отырып сабағымызды қорытындылаймыз.

Инсерт кестесі

Білетінім

Мен үшін жаңалық

Мені таң қалдырады «?»


VІІІ. Үй тапсырмасы: слайд №6

  1. Өткен тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу

  2. 359-шы жаттығу

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік-қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары, ерекшеліктері туралы

ұғым беру,жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту.

2.Дамытушылық- сауатты жазу , оқу дағдыларын жетілдіру,дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

3.Тәрбиелік- оқушыларды ұқыптылыққа, таза сауатты жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын қосымша материалдар: әдістеме, дидактикалық материалдар, жаттығулар жинағы, көркем әдебиеттер,диктанттар жинағы.

Көрнекілік: сызба,суреттер,кеспе карточкалар, грамматикалық ойындар

Әдіс - тәсілдері: сөз әдісі ұжымдық талдау,ой қорыту, жаттығу, танымдық ойындар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың формасы: жеке, топпен

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру а) амандасу б) түгендеу в) психологиялық дайындық г) бір- біріне сәттілік тілеу ғ) оқу құралдарының орнында болуын қадағалау

Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сөздер қандай жолмен жасалады?

2.Сөз тұлғасы деген не? 3.68- жаттығуды оқып сөздерді құрамына қарай ажырат.

Жаңа тақырыпты меңгерту

а ) Тақырыптың аты жазылып, сабақтың мақсаты түсіндіріледі.

ә ) Өткен сабақтағы білімдеріне сүйене отырып, оқушылардың өзі қосымша сөзіне аныықтыаы береді.

б ) Өлең жолдарын жазып, түбір мен қосымша жалғанған сөздерді табады.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,..

в ) Қосымшаның неліктен жалғанатынын ұғу үшін өлең жолдарындағы қосымшаларды өшіріп, дауыстап оқыту. Қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыратынын оқушы өзі айтады.


Сөз тудырушы жұрнақ

Жұрнақ

Сөз түрлендіруші жұрнақ

г)Қосымша

Жалғау

Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс.

69- жаттығу а) Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.

Үлгі: адамға: адам- түбір, ға- барыс сеп. Жалғау

70- жаттығу Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жаса.

Үлгі: ой-ла, пайда-лы, жазу-шы, оқу-лық

71- жаттығу. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Үлгі: әділет- ті- лік- ті, шаруа- шы- лық- тар.

Шығармашылық деңгей: Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар.


Тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жаз.

Тәлім, өнер, кітап, Әбішев, арба.

(керекті қосымшалар; паз,кеш, хана,гер пен)


«Кім жылдам?» ойынының шарты бойынша мына сөздердегі қосымшаларды өз орнына қой.

-қысыл- ғы-да-шаң, шешен-ге-дік-іңіз, естелік- дің- іміз- тер.


Жатжазу Әдептілік

Әдептілік деген не? Ол- адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым -қатынасының жалпы ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайлық, көрегендік, инабаттылық , кішіпейділік сияқты сүйкімді қылықтар жатады.

(оқушыларға бір- бірінің жазғанын тексерту

Сабақ қорытындысы: сызбаны қолдана отырып қорытындылау


Сөз түрлі бөлшектерден тұрады.


Түбір Қосымша

Негізгі Туынды Жұрнақ Жалғау

түбір түбір 1.Септік

2.Көптік

Сөз тудырушы Сөз түрлендіруші 3.Тәуелдік

4.Жіктік


Үйге тапсырмасы: 73- жаттығу,түбір сөз, туынды сөз, жалғаулы сөздерді бөліп жаз.

Бағалау кезеңі: сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік


Дамытушылық


Тәрбиелік


Зат есімнің сөйлемдегі қызметімен таныстыру, оны практикалық жаттығулар арқылы бекіту.


+

Белсенділігін ояту, өзін-өзі

сыйлау идеясын дамыту, талдау

дағдыларын қалыптастыру.

Сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.

+

Салауатты өмір салтын дәріптеу, алғырлыққа тәрбиелеу.

+

  • Жаңа оқу материалын беру сабағы

  • Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

  • Білімдерін жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы

  • Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы

  • Білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Репродуктивті


Эвристикалық зерттеу


Шығармашылықпен оқыту

+

Сұрақ-жауап, пікіралмасу


Көркем шығарма талдау, тың астарын ашу


Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу


Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау


Жоспар құру, пікір жазу, жаттау


Оқушының мәнерлеп оқуы, реферат оқу


Тапсырма орындау, тақтамен жұмыс

+

Мәтінге жақын баяндау, логикалық сұрақтар қою


Шығармашылық тапсырмалар


Танымдық ойындар


Теориялық мәселелер

+

Проблемалық сұрақтар

+

Өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс

+

Баяндама жасау, пікірсайыс, жарысу


Шығарма, мазмұндама жазу, тест

Жаңа технология элементтері: «Топтастыру» стратегиялары

Сабақтың жабдығы: Кестелер, портреттер, үлестірме қағаздар+, слайд + , интерактив. тақта + ,

Сыныппен жұмыс түрі: даралап+, жұппен+ , топпен, ұжымдық +

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

-Көңіл күйлерің қалай? Неліктен?

- Жақсы көңіл-күй - жақсы денсаулықтың кепілі- деп, сабақты бастаймыз.

ІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Сабаққа кіріспе жасау.

І. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, өтілу формасы туралы хабарлау.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Бүгінгі сабақта біз зат есмінің сөйлемдегі синтаксистік қызметімен танысамыз және денсаулық, спорт туралы әңгімені жалғастырамыз. Сабақтың мақсаты

-жалпы, зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі қандай?/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.

-Сонымен, жаңа тақырыпты меңгеру үшін зат есімнен және «Сөйлем мүшелері» тақырыбына байланысты алған білімдерімізді еске түсірейік. Сабақтың 1-кезеңі «Қайталау - білім анасы» деп аталады. «Лото» ойыны арқылы бұрынғы өткен білімдерімізді ортаға салайық. /Оқушыларға жетон таратылады. Кімге қандай номер түседі, сол ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді./

1. Сөйлем мүшелері не? 2. Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді?

3. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? Атап шығыңыз. 4. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? 5. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

6. Зат есімнің қандай грамматикалық категорияларын білесіздер? Мысалдар келтіріңіз.

7. Құрамында зат есімдері бар мақал - мәтелдер келтіріңіздер.

8. Бастауыш пен баяндауыш не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

9. Тұрлаусыз мүшелер: Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

10. Тосын сыйлық.

ІІІ. Грамматикалық тақырыпты меңгерту.

Сабақтың 2 кезеңі «Жаңа білім құпиясы» деп аталады. Жаңа сабақ. Сөйлемдер бойынша ереже шығару.

  1. Тіл - ұлттың жаны.

  2. Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, өзге тілді сүйе алмайсың.

  3. Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.

А. /Осы мысалдар арқылы өздерің «Зат есімнің сөйлемдегі қызметі» тақырыбына байланысты ереже шығарады/.

Ә. «Топтастыру» - «Зат есімнің сөйлемдегі қызметі»

Б. Оқушылардың мысалдарын тыңдау.

ІҮ. Бекіту жұмыстары (жаттығулар, жұмыс түрлері, кластер, диаграмма құру).

Сабақтың 3 кезеңі «Білімді мыңды жығады». Алған теориялық мағлұматты пысықтаймыз.

  1. Сергіту сәті. Мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді тауып, орысша, ағылшынша

баламасын табу. /слайд/.

  1. Жазба жұмысы.

  2. 1. Әр адам өз денсаулығына жауапты болу керек.

  3. 2. Салауатты өмір салты - адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған адамның белсенді әрекеті.

  4. 3. Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі.

Сөйлемге синтаксистік талдау жасау. /3 оқушы тақтада жұмыс істейді - қалғандарының қолдарына кеспе

қағаздар таратылып, орнында орындайды.

Келесі кезең «Сөйлей-сөйлей шешен боласың» - берілген тақырып бойынша диалог құру

/Жұптық жұмыс/.

Диалог дайындау. «Салауатты өмір салты». Тірек сөздер беріледі.

Ү. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).

«Рефлексия»

«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы.

Қазақ тілі мен орыс тіліндегі зат есімнің ұқсастығы мен даралығын көрсетіңіздер.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. «Зат есімнің сөйлемдегі қызметі» - тақырыбын пысықтау.

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері

Білімділік мақсаты: Сын есімнің мағыналық түрлерін, оның жасалу меңгерту.

Дамытушылық: Салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытыныдысын жасауды, мәтін құрастыра білуді игерту.

Тәрбиелік: Шыдамды, сабырлы болуға, ана тілінің қадірін жете түсініп, құрметтеуге, ұлттық дәстүрді аялай білуге баулу.

Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру

Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік

Сабақтың әдісі: сөз, талдау-жинақтау, ынталандыру, ой салу

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кестелер

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Бұрынғы білімдерін еске түсіру. Жаңа сабаққа енбес бұрын, сын есімнің жасалуын, олардың негізігі, туынды түрлерін бірнеше мысалдармен дәлелдетіп, еске түсіремін.

Төменде берілген жұрнақтарды тиісті сөздерге жалғаңдар.

-ынды, -інді, - улы, -ғыр, -гір, -дай, -сыз, -қыш

Қой... жуас, жолдас... адам, жаса... сағат, айт... ақын, біл... маман, ал... бүркіт, түй... сөз.

Қызығушылығын ояту:

... Бораш бір аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей, бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты.

Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен.

... Үстіндегі көйлегіндей көгілдір көзді әнші әйел әнмен бірге өзі де аспанға оп-оңай көтеріліп кеткендей көрінеді. ... Өнерлі бала екен...- деді. Мен онысын «үйрен» дегендей ұқтым.

Оқушыларға сұрақ-тапсырма

1. Мәтін қай шығармадан алынған? ( 5- сынып оқулығындағы Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі. «Қазақ солдаты» романынан үзінді).

2. Мәтіннен қандай сын есімдер кездестірдіңдер? Тіркескен сөздерімен бірге айтыңдар.

Ой қорыту.

Бұл үзінді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашуға көмектесе ме? - деген сұрақты қоя отырып, осы мәтінде кездескен сын есімдерді құрамына талдаймыз. Түбірін ажыратып, сын есімнің мағыналық түрлеріне тоқталамыз.


Мағынаны тану

Сын есімнің мағыналық түрлері


148- жаттығу (деңгейлік тапсырмалар)

І деңгейдегі тапсырма

Мәтінді пайымдап оқып, мазмұнын әңгімелеңіз (бір оқушы мәнерлеп оқиды).

ІІ деңгейдегі тапсырма: Құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңыз (Екі бағанға бөлу).

ІІІ деңгейдегі тапсырма: Ертегіні ары қарай жалғастырып, мәтінді аяқтаңыз.

Ой қозғау:

І деңгейде мазмұндаған оқушыға сұрақ: Мәтінде не туралы баяндалады, сын есімнен болған қандай сөздерді кездестірдіңіз?

ІІ деңгейдегі сапалық және қатыстық сын есімді ажыратқан оқушыларға сұрақ: Жаттығу мәтінінде жесір әйелдің, яғни, үш ұлдың анасының шеберлігін, кестелеген орамалдарын қандай сөздермен берген? Мағыналық түрлеріне қарай ажыратып түсіндір.

Үлгі:

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім

Ескі үй, жесір әйел, керемет, шебер кісі, торқа орамал, үлкен орамал, әсем үй, кең аула, қызыл кірпіш,

Сабан төбелі үй, керемет өнерлі, кестелі бұйымдар, кестеленген үлкен орамал, көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы. жемісті ағаштар, әнші құстар, кестелеген орамал

ІІІ деңгейдегі оқушыға сұрақ: Ертегіні қалай жалғастырдыңыз? Құрастырған үзіндіде сапалық және қатыстық сын есімдер кездесе ме?

Мәтінді қорыту: Әдебиет теориясында осындай сын есімдер кездескен сөздерді не деп атаушы едік? (Эпитет). Сабақты оқулықтағы 150- жаттығумен ары қарай жалғастырамыз. 150-жаттығуда «Жайлауда» мәтіні берілген.

І деңгейлі тапсырма: Сын есімді тауып тіркескен сөзімен бірге жазыңыз.

ІІ деңгейлі тапсырма: Мәтін мазмұнына сүйеніп сурет салыңыз.

ІІІ деңгейлі тапсырма: Мәтін ішінен бір тірек сөзді пайдаланып, мәтін құрастырыңыздар.

Тірек сөз «Әсем үн» Жазылатын мәтінге жоспар құрып аламыз.

Жоспар

  1. Раушан - сыйлы бала.

  2. Ол - белсенді оқушы.

  3. Таланттың жемісі.

  4. Сыныбымыздың мақтанышы.


Үлгі:

Әсем үн

Біздің сыныпта Раушан есімді қыз оқиды. Ол өте таза, тиянақты, сабаққа ынталы оқушы. Үнемі өзін-өзі күтіп, әдемі болып жүреді. Барлық қыздар соған ұқсағысы келеді. Барлығына мейірімді, тілалғыш. Достарының алдында беделді еді.

Мектепте «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Раушан сынып жетекшімізбен бірігіп, айтулы сайысқа қатысты. Керемет, жанды дауыспен ән шырқады. Әр байқау сайын адал еңбекпен, қарсыластарының алды болды.

Талантты қыз сайыста жеңді. Сыныбымызды абыройлы атаққа көтерді. Әнші қыз атанды . Біз талантты, әсем үні бар, бұлбұлдай сайраған Раушан есімді қызбен мақтанамыз.


Осы тектес мәтін құрастырған ІІІ деңгейдегі оқушылар бір-бірінің мәтініне пікір айтады. Бір-бірінің мәтінінде тақырыптың ашылуы мен ойдың жүйелілігі, стилі, тіл көркемдігі, сауаттылығы тексеріледі.

Мынадай бағалау критерийі ұсынылады:

Оқушының аты-жөні

тақырыптың ашылуы

5 ұпай

ойдың жүйелілігі

5 ұпай

стилі


5 ұпай

тілдік көркемдігі

5 ұпай

сауат-тылығы

5 ұпай (әр қатеге -1 ұпайдан азайтылады)

Ой қорыту. Бұл мәтіннен нені үйрендің?

Оқушы сөзі:

  • тірек сөздерді пайдаланып жоспар құруды;

  • мәтін құрастыруды;

  • жетістікті мадақтап, кемшілікті түзетуді;

  • жолдастарымның еңбегіне пікір айтып қана қоймай, оны бағалауды;

  • әдеби, көркем сөздерді қолдана білуді үйрендім.

Рефлексия:

  1. Сын есімнің мағыналық түрлері дегенді қалай түсінесің? Сапалық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз. Қатыстық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз.

  2. Қай сөздерден қатыстық сын есім жасалады? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

Бағалау.

Оқушыларға берілген бағалау парақшаларын жинап алып, бағалары қойылады .


Үйге тапсырма:

1. 153,154-жаттығулар

2. Өздерің қандай тапсырма орындап келесіңдер?

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау

С

абақтың мақсаты:

1. Сын есім тақырыбын қаншалықты меңгергенін тәжірибеде тексеру;

2. Оқушылардың шапшаңдық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту;

3. Оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:қайталау сабақ

Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ

Әдіс-тәсілдер: Қ.Бітібаева технологиясы, мәтінмен жұмыс, анализ, синтез

Ұйымдастыру формасы: дербес, жұппен, топпен оқыту

Сабақтың жабдықтары: магнитофон, кесте, модель

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет, музыка

Мотивация: 1) мұғалім алдын ала үйге суретті жақсы салатын оқушыға табиғаттың суретін салып келу тапсырмасын береді; 2) келесі оқушы өзіне ұнаған сыныптасының портретін салады; 3) мұғалім бір оқушыны алдын ала түрлі түсті киім кигізіп, бет-аузын бояйды. Киіндіріп қойған оқушының портретіне, табиғат көрінісіне, салып келген портретке отырған оқушылар ауызша сипаттама береді. Оқушы өзінің салған суретінен ләззат алатындай, құлшына жұмыс істеуге кіріседі.

Өзектендіру: «Ең шебер суретші, ең әдемі оқушы кім?» деп бір оқушыны тақтаға шығарамыз да, суретшіге жазбаша сипаттама береді, ал қалған оқушылар орындарында отырып жұмыс істейді.

Осыдан оқушының сауаттылығын, сөз саптау шеберлігі мен синонимдер қатарын қаншалықты дәрежеде қолдана алатындығын тексеруге болады (жазбаша орындайды).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Шығармашылық қабілеті бар оқушыға мұғалім журналист болатындығын ескертеді (жоғарыда қатысып отырған оқушылардан басқа оқушы). Диктор (немесе журналист) оқушы болып жатқан мән-жайды баяндап, бүгін өтетін тақырыптың қайталауға арналғанын хабарлайды. Қалған оқушылар көрермен ретінде отырады. Сонда журналист көрермендерге сабақтың мақсатын, ол мақсатқа жетудің жолдарын сұрақ қою арқылы анықтайды.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мұғалім үй жұмысы дәптерін жинап алады.

ІІІ. Сын есімді қайталауға байланысты тапсырмалар орындау

Мәтінмен жұмыс (дербес оқыту)

1-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді ажыратып, сызбаға түсір.


Бораш бір ақ құба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей. Мөлдір қара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай. Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілген, күнге күйген тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, кеудесі жалпақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен. Келте мұрын, аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанымен, маған ол өте сымбатты көрінді. Табаны жалпақ та, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай.

Мысалы:


сұңғақ денелі сұлу

тобылғы торы қыздай қыпша бел


қақпақ жауырынды Шеген жалпақ кеуделі

табаны жалпақ келте мұрын

бұлшық еттері болаттай

сымбатты

аузы үлкенірек т.б.

2-тапсырма: Сызбаға түскен сын есімдерді құрамына қарай талда.


Дара сын есім

негізгі туынды

Күрделі сын есім

... ...


...


3-тапсырма: Мұғалім Қобыланды батырға ауызша мінездеме бергізеді. Оқушылар Қобыланды батырдың намысшыл, батыр, ержүрек, жаужүрек, қамқоршы т.б. екендігін айтады.

Мұғалім: - Айтқандарыңа сүйене отырып, Қобыланды батырдың қасиеттерін модельге, жобаға айналдырыңдар. Әр оқушы жеке-жеке жұмыс жасайды.

Көмек-нұсқау

Қобыландыны күннің көзіне ұқсатуға, ал жан-жағындағы шашып тұрған нұры анасы, қарындасы мен достары деп алуға болады (жұптасып жұмыс жасайды).

Осы жұмыстан соң «батыр» деген атауды қалай түсінесің, соны модельдеңдер деген 4-тапсырма беріледі. (Мұнда оқушылар 2 топқа бөлініп, топпен жұмыс жасайды).

Модельдеріңді ортаға салып, бір қорытындыға келіңдер. (Оқушылар орындаған жұмыстарына ауызша талдау жасайды. Толықтыруды қажет етсе, толықтырады, өз пікір-пайымдарын ортаға салады). Оқушылар жасаған модельдерін қорғап шығулары қажет.


Сергіту сәті

Ж.Ысқақованың орындауындағы «Сыр сұлуы» әні (әнін жазған Ш.Қалдаяқов, сөзін жазған З.Шүкіров) тыңдалады. Осымен қоса әннің мәтінін де әр партаға таратып беруге болады.


5-тапсырма: Мәтіннен сын есімнің мағыналық түрлерін теріп жаз.

Мысал сөз

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім


6-тапсырма: Кестені толтыр

Сын есімнің анықтамасы

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Күрделі сын есім

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім


ІҮ. Қорытындылау - Тақырыпты қайталауда қандай жұмыстар атқардық?

  • Қай топ, қай оқушы ерекше көзге түсті?

  • Несімен саған оның жауабы ұнады? Дәлелде

  • Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?

  • Жіберген кемшіліктерің мен жетістіктеріңе жеке тоқталыңдар.


Ү.Үйге тапсырма: 1) Құрамында сын есім кездесетіндей 5-6 мақал-мәтел жазып, құрамы мен тұлғасына, мағыналық түріне қарай талда; 2) Кез келген сын есімге дыбыстық талдау жаса; 3) Сын есімді модельге түсір; 4) Сын есім туралы ертегі құрастыр (шығармашылық қабілеті бар оқушы үшін).


ҮІ. Бағалау. бір-бірлерін бағалағанын ескеріп, өзім қорытынды баға шығарамын.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

1).Сан есімнің сөз табы жүйесіндегі орны мен рөлін айқындауға,сондай -ақ оның зат есіммен байланысын толық таныту.

2) Зат есім, сын есім, сан есім тараулары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, сан есім туралы түсініктерін дамыту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, оқу мативтерін туғызу.

3) Сан есімнің заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік- эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, ұжымдық, топтық жұмыс жасау барысында адамдық , тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.

Сабақта қолданылатын қосымша материалдар:әдістеме,дидактикалық материал, қызықты грамматика, диктанттар жинағы.

Сабақтың жабдығы: интербелсенді тақта, кеспе карточкалар, ребус, грам. ойындар.

Әдіс-тәсілдер: репродуктивті әдіс, пробл. жағдаят тудыру, ұжымдық, топтық талдау,

ой қорыту, көрнекілік әдіс, танымдық ойындар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика,

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын таныту, білім дағды машықтарын жетілдіру.

Сабақтың түрі: теориялық және тәжірибешілік, аралас сабақ

Сабақтың формасы: жұппен, топпен, жеке

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Армысыңдар балалар ! Армыз, дайынбыз ба сабаққа? Дайынбыз. Қазақ тілі- сөз өнері, Сай келейік талапқа.

Үй тапсырмасы: Сын есім оның түрлері. 145- жаттығу

Оқушыларды топқа бөлу. Ұран. Әр тапсырманы дұрыс орындағандары үшін беріледі.

Жаңа тақырыпты меңгерту:

1.Ребус арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын шығарады, алға мақсат қояды.


2. Сан есім анықтамасын оқушылар мысалдар арқылы өздері шығарады.

Жиырма Алтау Бесінші

санын мөлшерін ретін

қанша? нешеу? нешінші?

І.Кітаппен жұмыс.

156 - жаттығу. Үлгі: 3 адам, 45 шамасында 2 адам, 60- тың ішінде,30- дың ішінде, 94000 халық, 44 проценті, 30-ға тарта, 15 аудан, 3- орын, 6-7 есе

ІІ.Кеспе карточкамен жұмыс.

ІІІ. «Кім тапқыр?» ойыны./ слайд/ Зат есім Сын есім Сан есім

Сары, оқушы, отыз, биік, ащы, жиырма, шұбар ала, Көкшетау, екі- екіден, сараң, белбеу, денелі, азық- түлік, екі мың он бір.

ІҮ.Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш,

Мұғаліммен бірге біз,

Білім нәрін іздейміз.

ҮІ. «Ұйқасын тап» ойыны.

  1. Асанның қолы кір. 2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12.....

ҮІІ. « Кім көп біледі?» ойыны./слайд/

1.Оң оқыса да, сол оқыса да.........

Ү. Сен білесің бе? /ішінде сан есімдері бар мақал- мәтел, жұмбақ, нақыл сөздер айту.

ІХ. Сандар сөйлейді./ слайд/

1991 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алған жыл.

1992 Рәміздер қабылдаған жыл

1993 Қазақстан теңгесі айналымға түскен жыл

1 Білім күні. Қарттар күні.Ынтымақтастық күні. Балалар қорғау күні

12 Ғарышкерлер күні

16 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

22 Тілдер мерекесі, наурыз мерекесі.

.30 Қазақстан Республикасының Конституция күні.

2011 Тәуелсіздікке 20 жыл.

Х. Бұл- қызық: Бір буынды сан есім. Екі буынды сан есім

Бір, үш,төрт, он,бес. екі, алты, жеті,сегіз, тоғыз

Х. Жатжазу.

Тайқазан

Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы Әмір Темір жасатып, Қожа Ахмет Иассауидің мазарына сыйлаған. Тайғазанның салмағы- екі тонна, биіктігі- жүз алпыс екі сантиметр.

Жеңген топты анықтау.

Сабақты бекіту: оқушылар бір- бірлеріне сұрақ қою арқылы

Үй тапсырмасы: саралап, оқушылардың қабілеті ескеріліп.

І. 157- жаттығу, ІІ. Карточкамен жұмыс ІІІ. «Менің ғұмырнамам » тақырыбына сан есімдерді қатыстырып, шағын өмірбаян жазып келу.

Бағалау: топ басшысы бағалайды.

Рефлексия: Оқушылар өздері пайым түрде жасайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың қалай өткені туралы өз ойларын ортаға салады.

Сабақтың тақырыбы: Үстеулерді қайталау

Мақсаты. Білімділік: Үстеулер жайындағы мағлұматты қайталау, құрамдық, мағыналық түрлерін меңгерту

Дамытушылық: Оқушылардың қызығышулықтарын оята отыырп, еркін сөйлеу, ойлау, жазу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Халықтық ұлттық салт-дәстүрді бағалап құрметтеуге, елін жерін сүюге, ұлы тұлғаларға тағзым ете білуге, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Саяхат сабағы

Сабақтың түрі: Қайталау

Әдіс тәсілдер: Ынталандыру, көрнекілік, проблемалы оқыту

Көрнекілігі: Карта, балық қиындылары, ребус, үлестірме қағаздар, мүшелер (жамбас, омыртқа, жілік төс т.б)

Пәнаралық байланыс: Геогарафия, әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқуға ынталарын қадағалау.

Үйге берілген тапсырманы сұрау.

«Менің сүйікті жазушым» тақырыбына жазылған шағын шығармаларын оқыту.

Шығармаға қойылатын талаптарды ескеру. (Мазмұндылығы, тіл шұрайлылығы, стилі т.б)

Тақтада балық қиындылары, саяхат жасау картасы, ребус ілінген.

Сабақтың эпиграфы

Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

(Халық мақалы)

Өткен тақырыптарды еске түсіру үшін, ең әуелі, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алайық. Ол үшін тақтада ілінген ребусты шешуіміз керек. Қанеки, кім жылдам ребусты шешеді?

Ребустың шешуі:

ҮСТЕУЛЕРДІ ҚАЙТАЛАУ.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Үстеулерді қайталау екен.

Қанеки, балалар, біз бүгін осы сабаққа байланысты саяхат жасаймыз, экскурсияға шығамыз. Экскурсия жасамай тұрып, ең алдымен әуелі қандай жерлерге ат басын тірейтінімізді картадан көріп, танысып алайық.

Алғашқы саяхатымыз Баянауыл ауданы. Бұл ауданда біз бірнеше сұрақтарға ауызша жауап береміз. Сосын ары қарай саяхатымыз жалғасатын болады. Егер кімде-кім дұрыс жауап бере алмаса, осында қалдырып кетеміз. Қанеки, жауап берейік!

  1. Үстеу дегеніміз не?

  2. Үстеудің құрамдық түрлері қандай?

  3. Үстеудің мағыналық түрлерін ата.

  4. Үстеудің емлесі қандай, қалай жазылады?

  5. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.


О

Жасыбай көлісы сұрақтар арқылы жауап алынғаннан кейін саяхатымызды жалғастырамыз. Енді біз осы Баянауылдың «Жасыбай» атты көлі бар. Сол көліне ат шалдырып, аздаған «балық аулаймыз» (Балықтың қиындылары жіпке тізілген). Ал, балалар, балық аулау ісіне кірісейік! Балық қиындысына жазылған мысалдардан үстеудің мағыналық түрлерін табады.

  1. Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

  1. Ішім өлген, сыртым сау

Көрінгенге деймін-ау!

Бүгінгі дос ертең жау,

Мен не қылдым япырым - ау!

  1. Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді

«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге.

  1. Кірді ғой түстен кейін тентек ақылы

Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры.

  1. Мұндай кітапханадан соншама қалың кітапты бірінші көруім еді.

  2. Жағымсыз істі әдейі істегенін мойындап отырды.

  3. Айтқысы келмеген сөзді амалсыздан айтқызып, достары мәз болысты.

  4. Әбден асқынған екенсің деп, Құнанбай Абайға суық жүзбен қарады.

Ал ,енді оқушылар!

Балық ауладық «пісіріп жедік», «тойдық». Енді арық қарай Сұлтанмахмұт атамыздың өзінің туып өскен ауылына барып, атамызға «ас беріп» қайтайық.

Онда сендерге қазақ салты бойынша қой сойылып, ет тартылады. (Бас, жамбас, жауырын, омыртқа, төс, қабырға т.б)

Әр «мүше» таратылған балалар карточкалық сұрақтарға жауап береді. Қане, балалар, қайсысың берілген мүшені жақсы мүжиді екенсіңдер? (Ынталандыра отырып, сұраққа жауап алынады).

Тесттік тапсырмалар


  1. Мезгіл үстеуі 1. Мөлшер үстеуі 1. Мақсат үстеуі

а) былтыр, қазір а) мұншама, әжептәуір а) әдейі, жорта

ә) ілгері, сонда ә) мүлдем, дәл ә) бекерге, амалсыздан

б) ақырын, осылай б) әдейі б) ақырын, тез

2. Сын қимыл-бейне үстеуі 2. Себеп-салдар үстеуі 2. Күшейткіш үстеуі

а) сонша, мұнша а) бірталай, әжептәуір а) тіпті, нақ

ә) әрең, бірге ә) құр босқа, шарасыздан ә) жоғары, биік

б) мұнда, талай б) аса, өте б) қыстыгүні, жаздыгүні

3. Мөлшер үстеуі 3. Күшейткіш үстеуі 3. Себеп салдар үстеуі

а) неғұрлым, соғұрлым а) нағыз, керемет а) босқа, бекерге

ә) тым, сәл ә) бірте-бірте ә) әдейілеп, шаарсыздан

б) әдейі, жорта б) мұнша б) талай, бірталай


(Осы тектес бірнеше карточкалық тест тапсырмалары беріліп, дұрыс жауаптары талданады).

Торайғыр көліАл, енді балалар, Сұлтанмахмұт атаның ауылына саяхатымыз бітті. Өз ауылымызға келген жолымызбен кері қайтуымыз керек. Қайтар жолда тағы да Жасыбай көлінен балық аулап, Шолақсор ауылына барғасын ауылда қалған достарыңа сыбаға апарып бересіңдер. (Бірнеше оқушы тағы да «балық аулайды»).

Берілген тапсырманы орындайды.

№ 1. Қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтар қай үстеудің сұрақтары? Мысал келтір.

№2. Қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? қалай? қалайша? деген сұрақтарға кез келген мысал айтып, қай үстеудің сұрақтары екенін айтыңыз.

№3. Қалай? не мақсатпен? деген сұрақтар қай үстеуге тән? Мысал келтір.

№4. Күшейткіш үстеуінің сұрақтарын ата Мысал келтір.

№5. «Бүгін, баяғыдан үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалмен дәлелде.

№6. Қайда? қайдан? қандай үстеудің сұрақтары? Мысал келтір.

Білімдерін бағалау

Ал, енді, оқушылар, бүгін біз Сұлтанмахмұт атамыздың ауылында қонақта болдық. Жолда балық ауладық, серуендедік, аталарымыздың өлеңдерімен, үстеумен таныстық, талдадық.

Енді қазір бүгінгі саяхатымыздың қорытындысын шығарамыз. Кім қандай сыбағаға ие болды, қонақта кім нендей олжа иемденіп, қандай баға алғанын білетін боламыз, бір-бірімізді бағалаймыз.

Үй тапсырмасы:

  • С. Торайғыров өлеңдерінен үстеулерді тауып, жазып талда.

  • Мазмұндама жазуға дайындалып кел.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Дара және күрделі сан есім

Сабақтың мақсаты:

1. Сан есім туралы түсінікті, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуді меңгерту.

2. Оқушылардың қызығушылықтары мен ойлау белсенділіктерін,танымдық әрекеттерін дамыту.

3. Еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік

Сабақтың әдісі, педтехнологиясы: сөз, көрнекілік, сатылай кешенді талдау

Сабақтың жабдығы мен көрнекілігі: сөзжұмбақ, кестелер, интербелсенді тақта


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

ІІ. Танымдық қызығушылықты ояту (2 минут)


- Балалар, қазақ тілінде қанша сөз табы бар еді?

- Тоғыз.

- Біз қандай сөз таптарымен таныстық?

- Дұрыс, зат есім,сын есім.

- Бүгін біз тағы да бір сөз табымен танысамыз.Ол қандай сөз табы екенін білу үшін мына сөзжұмбақты шешейік.

С


А

Н


Е


С

І


М


1.Үздік баға

2. Ел ордасы

3. Киелі ас

4. Ал сөзінің антонимі

5. Нәресте төсегі

6. Сүттен жасалатын тағам

7. Той, мейрам сөздерінің синонимі


Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі (15 минут)

  • Сонымен бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы - «Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер».

  • Енді сабағымыздың мақсатын анықтауымызға болады.(сабақ мақсатын оқушылар анықтайды).


Өздерің қандай сан есімдерді білесіңдер? Атап жіберіңдерші.


  • Интербелсенді тақтадағы сөйлемдерге көңіл аударайық.


Бір дегенім -білім, екі дегенім -елім… (санамақ өлең)


Болар бала он бесінде бас болар,

Болмас бала отызында жас болар. (мақал)


Атадан алтау, анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.


Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп ғылымға жүгініпті. (Абай)


Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты. (Жамбыл)


Ең бірінші бақытым -Халқым менің. (М.Мақатаев)


Ұлттың келбетін сақтайтын үш-ақ нәрсе бар. Ол -тілі, дәстүрі, діні.

(Қ.Мұхамеджанов)

-Балалар, осы сөйлемдерде сан есімдер бар ма?

-Олар нені білдіріп тұр?

-Қай сөзбен байланысып тұр?

-Дұрыс, бұл сөздер заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп тұр.

-Ендеше, балалар, өздіктеріңнен сан есімнің ережесін айтыңдар.


-Балалар, кейде сан есімдер зат есімсіз де жұмсала береді. Ал ондай уақытта сан есім заттық мағынаны және сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады.


Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де асты.

Тоқсанннан, жүзге деген сан есімдер заттық ұғымды әрі оның мөлшерін білдіріп тұр. Оқулыққа қараңдар, ондай сын есімдерді қалай атайды екен?


  • Заттанған сын есімдер дейді екен.


Балалар, жоғарыдағы сөйлемдерге тағы да бір назар аударып, олардың құрамына тоқталайық және төмендегі кестені толтырайық:



ІІІ. Түсініктерін тексеру.

1.Кестемен жұмыс (ережені дауыстап қайталау)



Заттың санын, ретін,

мөлшерін, шамасын білдіреді



құрамына қарай Қанша? Неше?

дара сан есім, Нешінші? Нешеу?

күрделі сан есім Сан есім




Мағынасына қарай

-Қандай мағыналық топтары бар деп ойлайсыңдар?


1.Есептік 3. Жинақтық 5. Бөлшектік

2. Реттік 4. Топтау 6.Блжалдық


2.Оқулықпен жұмыс


156-жаттығу. Мәтін мазмұнынан сан есімдерді табу,оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазу.


159-жаттығу. Мәтіннен дара сан есімдерді бір бөлек,күрделі сан есімдерді бір бөлек екі бағанға жазу.(Тақтада орындау)

3. Сергіту сәті


4. Деңгейлік тапсырмалар.


І деңгей.

Дара, күрделі сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін жазу (3,7,15,32,1).


ІІ деңгей.

Дара, күрделі санесімдерді қатыстырып,үш сөйлем жазу.


ІІІ деңгей.

Дара, күрделі сан есімдері бар төрт мақал ойлап жазыңдар.


ІV деңгей.

Дара,күрделі сане сімдері бар шағын мәтін құрау.


ІV. Бекіту

1.Сөз құрамынан сан есімдерді тауып цифрмен жаз.


Күбір Секір Сегізкөз

Күшті Жалтыр Тоғызқұмалақ

Жетістік Бесік Төртбақ


2. «Кім жылдам?» ойыны


Мақал-мәтелдегі сан есімдерді тауып жазу (интербелсенді тақтада жазу)


1.Білекті ...жығар, білімді ... жығар.


2. ... кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.


3. ... ала болса, ауыздағы кетеді.

... түгел болса, төбедегі келеді.


4. ... теңгең болғанша, ... досың болсын.


5. ... жұрттың тілін біл.

... түрлі білім біл.


V. Қорытынды.


Сұрақтар:

1.Бүгін қандай сөз табымен таныстық?

2.Құрамына қарай сан есім неше түргебөлінеді?

3. «Қазыбектің тапқырлығы» әңгімесін айтып беру.

4. Абайдың қырық бес қарасөзі бар. Сөйлемдегі сан есімге сатылай кешенді морфологиялық талдау жаса.

Интербелсенді тақтада.

Екі ешқашан алмаңдар, Үшке алданып қалмаңдар. Үнемі төрттік алғандар

Бесті ғана армандар,- дегендей үнемі үздік, жақсы оқуларыңа тілектеспін.


VІІ. Бағалау.

VІ.Үйге тапсырма

І деңгей: 1. Ереже оқып, жатта. 2. Жұмбақтарды шешіп, сан есімдерді тап. Дара күрделі екендігін ажырат. «Төсек астында төрт бауырсақ. Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім. Таңертең төрт аяқты, түсте екі аяқты, кешке үш аяқты. Түнде төртбұрыш, күндіз үшбұрыш». 3.Ұлы адамдар сөздерінен санға байланысты дәйексөздер жаз.

ІІ деңгей. 1. Жұмбақтардың құрамындағы сан есімдерге сатылай кешенді М.Т. жаса. 2. Дара, күрделі сан есімдерді қатысқан 6 мақал-мәтел жаз.

ІІІ деңгей. Санамақ өлең жаз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал