7


  • Учителю
  • Мектептегі әскери патриоттық тәрбие

Мектептегі әскери патриоттық тәрбие

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектептегі әскери патриоттық тәрбие


Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттер және әскери қызмет» жайлы заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы №144 қаулысына сай, орта мектептерде алғашқы әскери дайындық пәні мемлекеттік пән ретінде оқытылатын болды. Осыдан былай жастарды әскер қатарында қызмет атқаруға дайындау, келешек Отанын қорғаушыларды тәрбиелеу мектептердің негізгі міндеттірінің біріне айналды десе де болады.

Мектептегі алғашқы әскери дайындық барысында жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму тарихымен, мінездемесімен, ерекшеліктерімен танысалы. «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет» туралы т.б. заңдарымен, әскери ант пен әскери жарғылардың талаптарын оқып үйреніп, атыс қаруларының үлгілерімен жете танысып, азаматтық қорғанысқа қажетті мәліметтер мен іс-қимылдарға үйренеді.

Әскери істерге үйрету мен әскери патриоттық тәрбие берудің сапасы, осы істердің ұйытқысы болып табылады.

Оқушыларға әскери патриоттық тәрбие беру дегеніміз- оларды саяси, моральдық психилогиялық жағынан егемен елін қорғауға дайындау.

Бұл дайындықтың негізгі бағыттары:

-еліміздегі Қарулы Күштерге деген қамқорлық, «жалпыға бірдей әскер міндет» туралы, еліміздің қорғаныс қабілеті туралы т.б. заңдар мен қаулылардың мазмұны-мен мақсатын түсіндіру;

-жастарды саяси қырағылыққа, қазіргі кезеңдегі соғыстың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оларды Отанын қорғау ісіндегі міндеттерін дұрыс түсінугетәрбиелеу;

-қазіргі кезеңге лайықты саяси-моральдық, психилогиялық қасиеттерін дамыту;

Мектептің міндеті оқушыларға саяси және әскери білім бере отырып, Отан сүйгіштік т.б. қасиеттерді дарытып, алған білімдерін, үйренгендерін іс жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Республикамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін әрбір мектеп ұжымы мынадай педагогикалық талаптарды жүзеге асыру керек.

әскери патриоттық тәрбиені жалпы мектептегі оқу тәрбие жұмысының негізгі бөлімі деп қарастырып, оны басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланысты жүргізу;

-әскери патриоттық тәрбиені оқушылардың жас ерекшіліктеріне, жеке қасиеттерімен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі әдістерде пайдаланып түрлендіре жүргізу;

-әскери патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу;

-әскери патриоттық тәрбиеде оқушылардың бастамалық т.б. ұсыныс талап тілектеріне көңіл бөліп ескеру;

әйтседе, әскери-патриоттық тәрбиенің бүкіл мектеп ұжымының арқасында іске асатынын әсте ұмытпайық. Төменде мектептің ұжым мүшелерінің атқарар жұмыстарына тоқталсақ:

Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушысы:

-сыныптан тыс әскери патриоттық тәрбиен шараларын іске асырады.

-сыныптар пмен сынып жетекшілерінің жұмыстарын үйлестіру, бақылауды және қажетт көмек ұйымдастырып отырады.

Сынып жетекшілері:

-өз сыныптарындағы әскери-патриоттық жұмыстарды жоспарлап, оларды жүзеге асыруға басшылық жасайды;

-жалпы мектеп ішінде өтетін әскери-патриоттық шараларға ат салысып, оқушылардың белсенді түрде қатысуларын қамтамасыз етеді.

Пән мұғалімдері:

-өз пәнінің материалдарын әскери патриоттық тәрбие беруге пайдаланады;

-әскери патриоттық тәрбие тақырыптарында өтетін әр түрлі шараларды ұйымдастыруға, олардың өтілуіне жанды көмек көрсетеді;

Мектептегі әскери-патриоттық жұмыстардың жас ерекшеліктеріне қарай жасалған жобалы үлгісі:

-батыр бабалар мен аталар жайлы әңгімелер;

-жақын жерде орналасқан Даңқ ескетркіштеріне саяхаттар;

-ерлік тақырыбындағы өлеңдер, тақпақтар жаттау;

-төтенше жағдайларындағы қажетті іс-қимылдарын үйрету;

-әр түрлі әскери патриоттық ойындар ұйымдастыру;

-сурет көрмелері;

5-9 сыныптарда:

-«Біз тарихымызды тағлым етеміз, біз тарихтың жалғасымыз» атты лекторий ұйымдастыру;

-Батыр ана, аталар жайлы деректер жинастырып, соларға арнап сынып сағаттарын ұйымдастыру;

-өз көшеміздегі ардагерлерге қамқорлық акцияларын ұйымдастыру

-өлкетану, іздестіру жұмыстарына араластыру, музейлерге саяхаттар жасау;

-спорттық жарыстар, саптық дайындық т.б. жарыстар, байқауларға

қатысу;

- деректі бейнефильмдер, телехабарлар көрсету;

- нысана көздеуден, граната лақтырудан жарыстар;

- Туристтік жорықтарға қатыстыру

10-11 сыныптарда:

-Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту туралы саясатымен таныстыру;

-аса көрнекті қазақ қолбасшылары, хандары өмір дерегімен, ерлік жолымен таныстыру;

-жауынгерлермен, офицерлермен, мамандармен кездесу;

-әскери-спорттық ойындарға қатысу;

-төменгі сынып оқушыларына көмек көрсету;

-тақырыптық кештер, байқаулар т.б

Әрине бұл шаралар ісітң алғы шарттары деседе болады, әр мектептің ұжымы өздерінің жоспарларында тәжірибелеріндегі дәстүрлі шараларды қосатын құптаймыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал