7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 'Омонимдео' (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: 'Омонимдео' (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 15.10.2015

Сыныбы: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Омонимдер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың омонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.


Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі


І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


61-жаттығу

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Сөз деген не?

- Белгілі бір ұғымға берілген атау.

2. Сөз мағынасы деген не?

- Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.

3. Сөздің қандай мағыналары болады?

- Тура және ауыспалы мағыналары.

4. Сөздің тура мағынасы деген не?

- Негізгі, бастапқы мағынасы.

5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?

- Келтірінді мағынасы.

6. Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?

- Сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

ОМОНИМДЕР


Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа - басқа сөздердің тобын білдіреді.

Мысал

1 мағынасы

2 мағынасы

1

Қара

Қара шаш -заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз

Тақтаға қара -қимыл-әрекетті білдіретін етістік.

2

Айт

Айт болды -діней мейрам

Ән айт-қимыл мағынасындағы сөйлеу,деу

3

Арық

Зат -су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы.

Арық -сын есім, семіз емес,еті қашқан жүдей

4

Атыс

Аты-зат ұрыс, соғыс.

Етістік -жанжал салып төбелесу,қырқысу,соғысу

Көп мағыналы сөздер

айырмашылығы

Омонимдер




Көп мағыналы бір негізден тарағандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын, ұқсас болып,олар бір ғана сөз табына жатады.

Омонимдер мағыналары жағынан бір - бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына, әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады.

Адамның көзі -иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі,күннің көзі,істің көзі

1) қара шаш - заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз;

2) тақтаға қара - қимыл - әрекетті білдіретін етістік.

ІV. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

«Бәйге» ойыны

Омонимдер

Мағынасы

Мағынасы

Мағына

1

Ара

I. Ағаш кееетін жұқа темірден жасалған құрал

Гүл шырынынан бал жиятын қанатты насеком

Екі орта, аралық.

2

Ана

Туған шсше

Сілтеу есімдігі.


3

Көк

Көгергсн түс.

Аспан, әуе

Көгеріп шықкан өсімдік

4

Мақта

Зат есім

Мақта (Етістік,араб сөзі)


5

Саулық

Зат есім-амандық,есендік

Зат есім-қозылы қой


6

Қулық

Зат есім -айлакерлік, арамдық

алғаш рет құлындаған бие


7

Жаз

Етістік- Емде,сауықтыр

Зат есім-мезгіл тақтақа жаз.

Дастарханды жаз,

8

Ер

Батыр, жомарт

Еркек, ер адам, күйеу

Атқа салатын әбзел

9

Қой

Қоңыр қой

Дәптерді орнына қой


10

Сіңір

Аяқтың сіңірі

Еңбек сіңір


11

Сабақ

Ашық сабақ

Өсімдіктің сабағы


12

Алма

Алмас алма жеді

Дәптерді алма


13

Ат

Допты көздеп ат

Ат -ер қанаты


14

Түс

Түс кезінде егіншілер демалды

Бүгін түнде ұйықтағанымда жақсы түс көрдім.

Мәшинеден түс

15

Тамақ

Тамақ ішуді ұмытпа

Дене мүшеміз тамақ

V .Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

62 -жаттығу. (тақтамен жұмыс, астын сызу)

1.Тыйым сөздерді түсініп оқыңдар

2.Тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздерді табыңдар.

Тамақты асығып ішпе. Ас қайырмай дастархан басынан тұрма.

Бас киімді айналдырып киме. Бір қолмен нан үзбе.


63 - жаттығу

1.Мәтінде омоним болатын сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.

Үлгі: Жүз -қайшының жүзі, суға жүз, жүз жылқы, жүзге бөлінді,

Ара. Әсеттің қолын ара шақты. Атам араның жүзін қайрады. Бұл арада айтылатын сөз емес.


64-жаттығу. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.

Жас, оң,көз, үй сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құраңдар.

Жас бала. Көз жасы. Оң қол. Оң іс. Қара көз. Бұлақ көзі. Үлкен үй. Құмды үй.


V. Сабақты қорыту:

VІ.Үйге тапсырма:

1.Омонимдер туралы түсінік.

2.65 -жаттығу

Қол, сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрып жазыңдар.

● Адамның қолы; қалың қол.

Ашық сабақ; өсімдіктің сабағы.

Аяқтың сіңірі; суды сіңір.

Қоңыр қой; дәптерді орнына қой.

Бағалау


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі.

  1. Сыныбы: 5

  2. Күні, айы, жылы:

  3. Тоқсан: І

  4. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың омонимдер бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру


VІІ. Бекіту сабағын өткізу.

  1. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

І деңгей

1.Омонимнің анықтамасын айт.

2.Мына сөздерге омонимдік мағына беретін сөйлем құра.

Ақтау, көктеу, түс.

ІІ деңгей

1.Омоним болатын сөздерді тап.

Кітап, жаз, нан, қу, ақылды, дала, күл.

2.Омоним болатын сөздері бар өлең шумақтарын жаз.

ІІІ деңгей

  1. Үш, бес, жеті сандарына арналған асыл сөздерді жаз және омоним сөздер болса, астын сыз.

  2. «Бабалар дәстүрі»деген тақырыпта ойтолғау жаз.


  1. Оқулықпен жұмыс.

68-жаттығу

Топ-топқа бөлініп жұмыс істеңдер.

1.Мәтінді көшіріп жазыңдар.

2. Ақ, жер, қара, айт, жон, ен, бөле сөздері омоним болатындай бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

69 -жаттығу.

  1. Мәтінді көшіріп жазыңдар

  2. Омоним сөздердің антонимдері мен синонимдерін тауып жазыңдар..

ІV. Үй тапсырмасын беру.

1. Омонимдер туралы қайталау.

2. Әзіл өлең құрастыру. Өлең шумақтарында міндетті

түрде омоним болуы керек.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал