- Учителю
- Сабак тақырыбы: 'Атамекен-алтын бесік'
Сабак тақырыбы: 'Атамекен-алтын бесік'
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөб еауданы, Үшағаш ауылы
Үшағаш негізгі орта мектебінің
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Серікқалиева Жаннұр Жұмабайқызы.
Күні: 29.01.15 Сыныбы: 7 Пәні: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Атамекен -алтын бесік
Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы,өміріндегі рөлі туралы түсініктерін кеңейту.
А.Атамекенді қадірлей білуге, қызметету, адамның алатын орыны туралы мағылмат беру.
Ә. Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер беріп білімдерін кеңейту.
Б. Өз атамекеннің туған жеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту. Шаттық шеңбері
II.Әңгімелесу, ой толғау
III.Мәтінмен жұмыс
IV.Дәйексөз
V.Сергіту сәті
VI.Дәптермен жұмыс
VII.Қортынды, жүректен-жүрекке
Шаттық шеңбері
Оқушылар барлығы шеңберге жиналып
Сөзі: Қ.Мырза Әлидің сөзіне жазылған «Атамекен» әнін айту.
Шеңберімізді бұзбай балалар 3-топқа бөлінеміз ол үшін
Үшағаш, Қанды өзек, Ақсуат деп оқушылар кезекпен айтып шығады сол бойынша өз ауылдарына жайғасады яғни орындарына.
Жаңа сабақ
«Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліне ұлтан бол» дегендей балалар өз елімізді сыйлап, үнемі қамқорлық танытып жүрсек. Өз еліміздің мақтанышы бола білсек сонда ғана ел сыйлаған азамат боламыз.
Топтастыру жасап көреміз.
Атамекен
Қазақстан
Туған жер Отан
Әңгімелесу
Слайдтан суреттер Отан ,Атамекен көрсетіледі сол суреттерге қарай отырып сұрақтарға жауап береміз.
*Атамекен дегенде ойына бірінші не келеді?
*Адамның туған жері әрқашанда атамекеннен бола ма?
Дұрыс айтасыздар балалар: Атамекен ата-бабамыз қоныс еткен мекені.Адам қай жерде жүрседе, қандай биіктерге көтерілседе. Ол үшін ең қадірлі,қасиетті өлке- ол Атамекен.
Таныстыру:Топқа бөлінген оқушыларды таныстыру/
«Қанды өзек» -тен -суретшілер келіп отыр
«Үшағаш» тан -ақындар келіп отыр
«Ақсуат» тан - тарихи -зерттеушілер яғни тарихшылар келіп қапты.
Топпен жұмыс
Қанды өзек тобына
/Қанды өзекті суреттеп саламыз плакатқа/
Үшағаш тобына
/Болашақ ауылынды қалай көркейткін келеді сол туралы плакатқа суреттеп салу және ауылына арнап өлең шығару /
Ақсуат тобына
/Не себепті Ақсуат яғни шығу тарихын зеріктейміз, онда өмір сүрген белгілі адамдар жайлы айтып өтеміз/ Уақыт: 15 минт
Дәйексөз
«Туған жер -тұғырын,
Туған ел-қадірін»- өзіннің елің тұрып жатқан жерін мәңгілік тұрағын, ал қадірің деген қасиет тұтуға, қарызын өтеуге міндеттісін.
Бағалау парақшасы арқылы екі топ бір-бірлерін бағалайды.
алтын күміс қола
INSERT тәсілі арқылы сабаққа талдау жасап, кері байланыс жүргізіледі.
Сабақта не өттік?
Не білдік?
Не білгім келеді?
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс : «Атамекен -мақтанышым » тақырыбына өз атамекенің туралы эссе жаз.
Қортынды:
Отан сүйер ұлан бол
Б.Момышұлы
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен.
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!деп бүгінгі сабақты қортындылаймыз