- Учителю
- Конспект по казахскому языку на тему 'Мой Казахстан'
Конспект по казахскому языку на тему 'Мой Казахстан'
4 сынып
1.Сабақ тақырыбы: Менің Қазақстаным. Қайталау сабақ.
2.Сабақ мақсаты:
Білімділік: жіктік жалғау, көптік жалғауларын меңгерту, сөйлем құрауда дұрыс қолдана білуге үйрету және өтілген модуль тақырыптарын жинақтап, қайталап, пысықтау;
Дамытушылық: оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік: туған жерге,елге, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
3.Сабақ түрі: саяхат сабақ
4.Сабақ типі: қайталау
5.Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, орыс тілі,география,музыка.
6. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: видео- ролик, слайд-презентация, интерактив тақта, аударма, мәнерлеп оқу, грамматикалық тапсырмалар.
7.Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі /амандасу, кезекші мәліметі/
Видео-ролик «Менің Қазақстаным»
Сұрақтарға жауап бер.
2-тапсырма
1.Қазақстан қандай мемлекет ? 2.Қазақстанның Президенті кім?
3.Қазақстанның астанасы қай қала? 4.Рәміздерін білесің бе?
5.Астана қандай қала? 6.Қазақстанда неше облыс бар?
7.Сен қай облыста тұрасың? 8 Облыс орталығы қай қала?
9.Қай ауданда тұрасың? 10.Аудан орталығы қалай аталады?
Үржар жері туралы суреттермен сөйлемдер құрау. /Үржар гимні қосылып тұрады/
Балалар, біз ауылда тұрамыз ба, әлде қалада тұрамыз ба?
Онда біз бүгін сендермен ауылымыздан шығып, Қазақстанның ірі қалаларына саяхат жасайық.
Енді біз сендермен Қазақстанның осы қалаларына саяхат жасаймыз./ әр қала өз тапсырмасымен келеді/
1).Еліміздегі әсем де, әдемі Алматы қаласынан бастайық./слайд/
1-тапсырма. Оқы аудар.
Қазақстан - үлкен мемлекет. Қазақстанда 14 облыс бар.Үлкен қалалары-Алматы, Астана, Қарағанда, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен , Семей, Талдықорған. Бұлар әдемі қалалар.
«Апорт» / Н.Әлімқұлов / өлеңін жатқа оқу.
2)Қызылорда қаласы туралы не білеміз?/слайд /
Байқоңыр туралы суреттер.
Ғарышкерлеріміздің суреттерінен кім екенін тауып айту.
Сәйкестендіріп оқы.
Алатау Қызылорда қаласында
Байқоңыр Маңғыстау облысында
Каспий Алматы облысында
3) Міне, Қарағанды қаласына да келдік./слайд/
Қарағанды қаласы туралы айтқанда ойымызға не түседі?
Ол жерде не шығады? / «Шахтер ағам» өлеңін жатқа оқу/
Мен Сен
Мен тұрамын. Сен тұрасың.
Мен Қарағандыда тұрамын. Сен Қарағандыда тұрасың.
Мен Қарағандыда көптен тұрамын. Сен Қарағандыда көптен тұрасың.
4) Батыс Қазақстанның Ақтау қаласына төрт күн жүріп келдік. /слайд/
/Сөйлемдерді аударып, көптік жалғауларын тап/
Ақтау Каспий теңізінің жағалауында.Ақтауда мұнайшылар тұрады. Қалада университеттер, театрлар, ескерткіштер, мектептер, балабақшалар бар.
5) Көкшетау қаласы. Суреттермен жұмыс.
3- тапсырма. / Сөйлем құрап үйрен, жаз./
Қарағанды -үлкен ... . Менің қалам өте ... . Астана-жаңа ... . Алматы, Ақтау, Шымкент, Павлодар -үлкен ... .
6) Еліміздің астанасы- Астана қаласы./слайд/
4-тапсырма. Сызбаға қара, аударып сөйле.
ҚазақстанМемлекет Ту
Елтаңба Гимн
Президент астана
6- тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.
1.ұлт (қазақ) 6.Қазақстанның астанасы(Астана)
2.ҚР мемлекеттік рәміздері (елтаңба) 7.ҚР мемлекеттік рәмізі(ту)
3.көктем мерекесі (наурыз) 8.Қазақстанның теңізі(Каспий)
4.ұлы ақын (Абай) 9.ҚР мемлекеттік рәміздері( Гимн)
5.ғарыш айлағы(Байқоңыр)
Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе, тігінен ҚАЗАҚСТАН сөзі шығады.
8.Үй тапсырмасы: 5-тапсырма.89 бет.
9. Оқушылардың білімін бағалау.