7


  • Учителю
  • 'Менің президентім ұлы тұлға'

'Менің президентім ұлы тұлға'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ЭССЕ

Менің президентім ұлы тұлға


Менің Отаным - Қазақстан Республикасы. Мен осы елде тұрып жатқаным үшін шексіз бақыттымын. Туған елім, кең байтақ дархан далам - менің мақтанышым. Себебі, мен осы дархан далада дүние есігін аштым. Осы жерде алғаш қадам бастым, мектеп табалдырығын аттадым. Менің дарханы кең Отанымда қаншама талантты да зиялы, ақылды да мейірімді адамдар дүниеге келді. Сондай адамдардың бірегейі деп,- қазақ халқының атын әлемге танытқан, алаш баласының абыройын асқақтатқан тұлға елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев.

Бұл адамды балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі.
Ол - талантты тұлға, өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Оның еліне, жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес. Біз оны Елбасымыздың әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан сезінеміз. Мемлекет басқару - бұл өте қиын іс, мәртебелі міндет. Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш - жігерін жұмсайды. Ол кісінің бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік - тарихи маңызы бар істер атқарылды. Қазақстанның әр облыс орталықтарына, аудандарына, қала, ауылдарына барып, халықпен, біз сияқты оқушылармен кездеседі. Олардың тілектерін тыңдайды, мәселелерін шешеді.

1991 жылдың күзінде қырық жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қаупін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н. Ә. Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді.

Елімізде мен сияқты көптеген ұлағатты ұстаздар балаларға білім беріп, қызмет атқаруда. Мен Қарағанды облысы, Теміртау қаласы № 3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Басқа мұғалімдер сияқты мен де өте білімді де, білікті ұстаздың бірі болғым келеді. Болашақта өзім білім берген оқушыларым алған білімдерін көрсетіп, биіктерден көрініп, еліне адал қызмет атқарғанын тілеймін.

Біздің балалар осылай білім алып жүргендері еліміздің Тұңғыш Президенті - Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Себебі, оқушыларға оқу үшін барлық жағдай жасалған.
Қазақстанның мектеп оқушылары мен халықтары Елбасы Нұрсұлтан атамыз осы құрметке лайық деп айта аламыз, себебі Нұрсұлтан атамыз жастарға, оның ішінде балаларға көп көңіл бөледі. «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша көптеген істер тындырды. Қазақстанның барша жерлеріне үлкен мектептер мен балабақшалар, емханалар мен ауруханалар, үлкен және әдемі ғимараттар, зәулім үйлер, мешіттер, жыраулар мен ақындардың ескерткіштері, С.Сейфуллин атындағы драма театры, «Қарағанды Арена» мұз сарайы, Теннис орталығы, Бокс орталығы бой түзеді. Соның бір дәлелі біздің сүйікті қаламызда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан қазіргі кезге дейінгі өмірбаяны туралы есте қаларлықтай көркем мұражай ашылды. Сол мұражайға кіріп, барлығын өз көзіммен көрген кезімде бойымдағы күрең тамырымның соғысы мен жұдырықтай жүрегімнің тарсылы өзгеше бір сезімде бой алады.

Елбасымыздың игі істерінің бірі - мемлекетіміздің Тәуелсіздігі. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденіп келеді. Біздің елімізде тыныштықтың болуы Президентіміздің арқасы деп білеміз. Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір - бірімен тату - тәтті және бейбіт өмір сүріп келеміз. Қаз тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әрі қарай дамуының басында бірінші күннен бастап осы кісі тұр. Кемені басқарған штурман да, бағыт көрсетуші де Елбасымыздың өзі, сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде.
Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық. Даламыз егісті, Ордамыз кеңесті! Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. 2012 жылдың бірінші желтоқсанында - Тұңғыш Президент күні мерекеленеді. Мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда.

Менің арманым Президен болмасам да, сол кісінің бойындағы жақсы қылығы мен адамгершілік қасиеттерін бойыма сіңіріп, сол кісі сияқты елге, дүниежүзіне танымал, білімді де, білікті ұстаздардың бірі болып, халық алдында адал қызмет етіп, елімнің үмітін ақтау. Президентіміз бізге: «Еліңнің патриоты бол!» дейді. Біз елімізді Нұрсұлтан ағамыз сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Біз елімізді Нұрсұлтан атамыздай басқарғанына қуанамын.

Менің Президентім аман - есен, дені - сау, өмір жасы - ұзақ, жүрген жері мен басқан тауы әрқашан таза, көңілі жайлы болып, бізбен бірге қуана беруіне тілектеспін.








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал