7


  • Учителю
  • Уроу по казахскому языку на тему Тіл мәдениеті (7 класс)

Уроу по казахскому языку на тему Тіл мәдениеті (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Уроу по казахскому языку на тему Тіл мәдениеті (7 класс)



Самаева Акку Шариповна

И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы





Күні: 25.09.16ж

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 7- сынып

Тақырыбы:

Тіл мәдениеті

Мақсаты:

Сөйлеу мәдениеті, тіл байлығы туралы түсініктерін кеңейту. Тіл туралы мақал- мәтелдерді бекіту

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар:

Тіл туралы мақал-мәтелдерді айта біледі.Осы тақырып бойынша сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде қолдана біледі.

Оқушылардың көбісі:

Тіл мәдениеті туралы өз ойын білдіре біледі. Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрай алады. Өз ойларын толық жеткізуге талпынады.

Кейбір оқушылар:

Оқушылар тірек сөздер арқылы түсініп, тіл мәдениеті туралы өз пікірін белгілі жүйе арқылы жеткізуге тырысады.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

  1. Шеңбер құра отырып, оқушылар өзара бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

  2. Тіл туралы жазылған мақал-мәтел қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөледі.

  1. Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы бір-біріне жылы тілектер айтады.

  2. Қиындыда берілген мақал-мәтелдерді тауып, оқушылар осы тәртіпте топқа бөлінеді.

Көңіл-күйлерін көтеру











Беймәлім әрекет арқылы топ құра білу



Негізгі кезең



Құрастырған мақал-мәтелдер арқылы сабақтың тақырыбын ашу, сабақтың мақсатымен танысу. Тіл туралы мақал-мәтелдерді қайталату.

Тіл туралы мақал- мәтелдерді еске түсіреді.





Формативті бағалау:





Өзін-өзі бағалау







Білу,түсіну



1.Тіл мәдениеті төңірегі бойынша сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде қолдануға бағыттайды.

2.Тіл мәдениеті жайлы мәтінді тыңдап, пікір бөлісуге шақырады.

1.Сабақ барысында кездесетін жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін құрастырады, олардың қолдану аясын анықтайды.

2.Тіл туралы, сөйлеу мәнері туралы өз ойларымен бөліседі.





Қолдану, талдау



1. Мәтіннен түсінгенін қолдана алуын анықтау үшін сұрақ-жауап тапсырмасын беріледі.

- Тілді қадірлеу неден басталады?

2. Сөйлемдерді толықтыруға тапсырма беріледі.

-Халық бар жерде .... де бар.



3.Топ ішінде талқылауға, тұтас ой түйіндеуге тапсырма беріледі:

- Адам өзін мәдениетті адам қатарына қосу үшін не істеу қажет? Неге? екендігін анықтайды.

1. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беруге талпынады. Оқушы өзі оқиды, түсінеді.

-Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.



2.мәтінге сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырады.

-Халық бар жерде тіл де бар.



3.Оқушылар өз ойларын орта сала отырып, мәдениетті адам туралы көзқарастарымен бөліседі. Себебі не екенін түсіндіреді.

Жұппен алмасып, жұмыстармен бөліседі. Оқушылар өзін, жұбын тексереді.

АКТ, оқулық, қима қағаздар, маркерлер, плакаттар, үлестірмелі материалдар.

Жинақтау, бағалау



Әр топқа ойларын қорыту мақсатында жеке тапсырма беріледі.

1-топқа: Тілін білмеген адам қандай деп ойлайсыңдар?

2-топ: Қазақта дұрыс сөйлеу білу мәдениеті деп нені атаған?

3-топ: «Тілін білмеген - түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойларын жинақтау барысында мәтіннің мазмұнын ұғына отырып, өз пікірлерін білдіреді. Мысалы: Мен тілін білмеген адамды өз ойын толық жетік жеткізе алады деп ойламаймын. Меніңше, адам .... .





Қорытынды

«Еркін жазу» стратегиясы. Сонымен тіл мәдениеті туралы ойларын жеткізуге сөйлемдер арқылы шағын әңгіме шығарту

Сабақ барысында қолданылған сөздерді, сөйлемдерді жинақтай отырып, шағын әңгіме құрастырады.





Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай, сабақ ұнады ма?

Сұраққа жауап береді.

Екі жұлдыз, бір тілек



стикерлер







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал