7


  • Учителю
  • Алма жемісінің пайдасы ғылыми жоба

Алма жемісінің пайдасы ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







МАЗМҰНЫ





І. Кіріспе ….................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім



2. 1 Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі .................4

2. 2 Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы..............................................5

2. 3 Алма гүлінің шипалық қасиеті.............................................................9



ІІІ. Қорытынды .........................................................................11

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................12











































Аннотация





№47 М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің 4 «Б» сынып оқушысы Бекмұратов Досымжанның «Алма жемісінің пайдасы» атты ғылыми жобасы алма ағашының қыр-сырын танытуға, оның жемісінің адам өмірі үшін пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін ашуға арналған.

Зерттеудің мақсаты: Әлемдегі алма түрлерінің алуан түрлілігін, олардың жалпы сипаттамасын танып-білу. Алманың аса шипалы және ақылды өнім екенін меңгеру және бұл жемістің емдік қасиетін зерттеп, анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, алма жемісінің өзіндік ерекшеліктері жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, өз дәрежесінде танытылса, онда жастарымыздың, болашақ ұрпағымыздың алманың қыр-сырын ұғына отырып, они жиі пайдаланған жағдайында денсаулығы мықты болып, ақылды, данышпан болып өсеріне септігі тиер еді.

Зерттеу барысында

1. Алманың алуан түрлілігі анықталды;

2. Алманың адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;

3. Алма жемісінен түрлі салаттар жасауға болатындығы зерттелінді;

4. Алма жемісінің адам ағзасына тигілер шипалық қасиеттері жан-жақты жүйелі түрде анықталды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Алма туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.





































№47 М.В.Ломоносов атындағы

орта мектептің 4 «Б» сынып оқушысы

Бекмұратов Досымжанның «Алма

жемісінің пайдасы» атты

ғылыми жұмысына



Пікір



Оқушы Бекмұратов Досымжанның «Алма жемісінің пайдасы» атты ғылыми жобасы алма ағашының өзіндік ерекшеліктерін ашуға, оның жемісінің адам өміріндегі пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.

Зерттеу жұмысында Досымжан алма ағашының әлемде өсіп-өнген көптүрлілігін танытуға, оның Қазақстан жерінде де кеңінен тарала отырып, адамзат өмірінде алып отырған орнын көрсетуге, адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашуға тырысқан.

Алма жемісінің құрамында адам денсаулығына қажетті және пайдалы дәрумендердің жеткілікті мөлшері бар. Осы заттардың пайдалы жақтарын көрсете отырып, олардың қандай ауруларға шипасы бар екендігін жүйелеп, талдап көрсеткен.

Зерттеуші алманың пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, оның барлық қырын ашуға тырысқан.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.











№47 М.В. Ломоносов атындағы

орта мектебінің бастауыш

сыныптар психологі: Байзақова Динара



















Кіріспе



Алма латынша (мalus) - раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.

Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан. Негізінен, алманың Отаны - Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен.

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Күнделікті өмірде жиі пайдаланатын алма жемісінің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты зерттей отырып, оның адам ағзасына тигізер пайдасын танып-білу, емдік қасиеттерін анықтау.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

- Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігін анықтау;

- Алма жемісінің адам ағзасына пайдалы жақтарын тексеру;

- Алма гүлінің шипалық қасиетін зерттеу.



















Негізгі бөлім



2. 1 Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі



Қазақстанда негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымнан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу - әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.

Алманың түрлері:

  • Антоновка - дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.

  • Багайлық мальт - фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.

  • Сұрғылт анис - жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.

  • Мичуриндік бессемянка - жемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар.

  • Мичурин естелігі - жемісі ірі (100 - 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.

  • Жас натуралист - жемісі ірі (110 - 120 г), Түсі жасыл-сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл-кермек.

  • Күздік шаттық - жемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл - тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды.

  • Жазғы алтын - жемісі орташа жемісі (100-115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді.

  • Ерте пісетін қызыл алма - жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.

  • Россошан алмасы - жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашық жасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.

  • Мелба - шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.

  • Шілделік черненко - жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді

  • Кинга - жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі</</font>, т.б.



2. 2 Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы



Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», - деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.





Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!



9



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал