7


  • Учителю
  • Разработка по физкультуре в средний группе

Разработка по физкультуре в средний группе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Разработка по физкультуре в средний группе



Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

2. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;

3. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер.

Барысы: 1. Кіріспе сөз;

2. Спорттық жарыс;

3. Қорытынды сөз. Марапаттау.

Жүргізуші: Құрметті жиналған достар, ! Бүгінгі «Жүзден жүйрік » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін ортаңғы «қарлығаш» тобының балаларымен сайыс өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту:

Жүргізуші: Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған екі топқа сөз кезегін ұсынамыз.

Топтың аты: «Құлагер», «Тұлпар»

Топтың ұраны

Алдарынызда «Құлагер» «Тұлпар» тобының балалары өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттары:

1. Допты ойын; 2. Ептілік; 3. Кенгуру 4. Арқан тартыс.

Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда,

«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға

1.« Допты ойын».

Ойын шарты:Доппен жүгіріп барып, доппен жүгіріп келеді де, допты келесі балаға береді.Дәл осылай ойын қайталанады.

Жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп аталады.

Ойын шарты: доптың үстінде отырып секіріп барып, қайтып келу.

Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.

3. Келесі ойынымыз «Кенгуру» деп аталады.

Ойын шарты: Әр қаппен секіріп барып, қаппен секіріп келеді де, қапты келесі балаға береді.Дәл осылай ойын қайталанады

Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма, еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан, жаттық еңбекпен.

4..«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен жарысады.

Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»,- деп Абай атамыз айтқандай,балалардың орындауында «Көңілді күн» әні.

Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.

Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші: Құрметті балалар, жүлделеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал