7


Д дыбысы мен әрпі 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі

Білім беру саласы: қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Д дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту.

Дамытушылығы: Д дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе әріптер, суреттер, слайд,текшелер.



Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

1-6 слайд

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды орнынан тұрғызып амандасу.

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба достарым!

Амансыздар ма қонақтар!

Сабағымызды бастайық

Жамандықты тастайық.



- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сабаққа жақсы қатысайық.



7-слайд

- Балалар, бүгінгі сабақта бізге Дымбілмес келіп отыр, ол бізге өзімен бірге тапсырмалар ала келіпті.



8-слайд

1 тапсырма

А Т П Н Ғ Р Л У Ш Й О Қ

Әріптерді еске түсіру.



9-слайд

2 тапсырма

Мына буындарды дұрыс оқындар.

ША АЙ ЛО ПО НА ҒУ ОР



10-слайд

3 тапсырма

Мына сөздерге сөйлем құра

ТАУЫҚ, ОЙНА, ЛАҚ



Балалар біз Дымбілместің барлық тапсырмаларын орындадық, Дымбілмес сендерге рахмет айтып жатыр.



11-слайд

Жаңа сабақ

Ойын «Сиқырлы сандар»

1, 2, 3, 4 - сан беріледі төртеуінде төрт тапсырма

  1. Тақтаға суреттер ілу

Д дыбысы мен әрпі 1 сынып Д дыбысы мен әрпі 1 сыныпД дыбысы мен әрпі 1 сынып

Суреттерді ататып болған сон, қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу.

Д дыбысы. Д дыбысын ортаға кою.

Д дыбысынын баспа және жазба түрімен таныстыру.

- Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба?



  1. Жұмбақ шешу



- Қане, орнымызға отырып, Жұмбақбай атай жұмбақ жасырады соны шешейік.

Сол аяқ пен оң аяқ

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді. (Доп)



Бір түймелі, екі желілі,

Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра)



Лақтырдым да әуелеп

Қағып алдым "оп" деп.

Жерге соқтым, секең қақты

Атаймыз оны "не" деп? (Доп)



  1. Сөздер оқу

ДА ДО ДА - ЛА ДА - РА ДО - ҒА ДО - ДА

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбырды.

</<font size="4">Ойлы - қырлы жерлерден,

Ытқып - ытқып жүгірді.





  1. Дәптермен жұмыс

Д

д



(дәптерге жазу)

Д дыбысна толығырақ тоқталу

а) Д дыбысынан келетін сөздер айту.

б) сөйлем құрату (дәптермен жұмыс)

в) сөздер жазу

г) ребус шешу (Д ара)



Сабақты қорытындылау

Балалар сонымен Д дыбысы қандай дыбыс?

Д дыбысы дауыссыз дыбыс. Д дыбысы сөздің басында, аяғында, ортасында кездесе береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Дд дыбысы мен әрпін, дауыссыз дыбысқа жатады.

Нені игереді:

- Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі;

- Дд дыбысы кездесетін сөздерді;

Нені біледі:

- Сөздерді буынға бөледі;

- Сөздерге қатысты сөйлем құрай алады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал