7


  • Учителю
  • Бейнелеу сабағы бойынша ойындар

Бейнелеу сабағы бойынша ойындар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дидактикалық ойын: «Өрнек құрастыр»

Мақсаты: Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өзбетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Квадрат, тікбұрышты, дөңгелек ақ қағаз бетіне үлгіге қарап, өрнектерді түсіне, пішініне, көлеміне сәйкес симметриялы орналастыру.









Дидактикалық ойын: «Негізгі және қосымша түсті тап»

Мақсаты: Түстер мен олардың реңктерін анықтауға, негізгі және қосымша түстерді ажыратуға үйрету. Суық және жылы түстерді ажырату дағдыларын бекіту.

Шарты:1 вариант: Суық және жылы түстерді жеке орналастыру.

2 вариант: Арифметикалық амалдар арқылы негізгі түстерден «қосу, азайту» көмегімен қосымша түстерді шығару.











Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілінің түстерін ата»

Мақсаты: Боялмаған суреттерге жақын бояу түстерін табуға үйрету. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Жыл мезгілдерінің суреттеріне байланысты бояу түрлерін өзбеттерінмен таңдау.









Дидактикалық ойын: «Әтешті бояуға түс таңда»

Мақсаты: Балаларға түстерді таңдау, салыстыру, ажырата білуге үйрету.

Шарты: Берілген түрлі-түсті карточкалардан суреттегі бояу түріне сәйкестендіре түстерді таңдап алу.







Дидактикалық ойын: «Портрет салу»

Мақсаты:Адамның қуаныш, қорқыныш, т.б. сезімдерін бейнелей білуге үйрету.Балалардың қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты:Адамның портретіне қажетті бояу, қосымша заттарды таңдау.

Бас мүшелерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру.



Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап»

Мақсаты: Силуетті немесе контурлы бейнелерге сәйкес заттардың бейнесін табуға үйрету.

Шарты: Берілген түрлі пішіндегі заттардың таныс бейнелеріне сыңарын табу.







Дидактикалық ойын: «Симметриялы заттар»

Мақсаты: «Симметрия» ұғымымен таныстыру. Симметриялы заттарды анықтау және ажырата білуге үйрету. Кеңістікті бағдарлау дағдыларын дамыту.

Шарты: Берілген кескіндерді симметриялы орналастыру, қағаз бетінде дұрыс қою.











Дидактикалық ойын: «Көбелектің суретін жалғастыр»

Мақсаты: Қағаз бетіне түрлі пішіндерден заттың дайын суретін құрастыра білуге үйрету. Балалардың қиялы мен шығармашылығын дамыту.

Шарты: Дайын үлгіге қарап, геометриялық пішіндерден көбелекті құрастыру.











Дидактикалық ойын: «Суретті жалғастыр»

Мақсаты: Суреттегі аяқталмаған үлгіні өз қиялы бойынша аяқтауға үйрету. Балалардың қиялын, шығармашылығын дамыту.

Шарты: Берілген үлгідегі суреттерді аяқтау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал