7


  • Учителю
  • Балабақшаға арналған үйірме жоспары

Балабақшаға арналған үйірме жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Үйірме жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Мақсаты

Сағат

Қыркүйек





1

«Алма бағында алмалар пісті»

Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Ағаш бұтақтарын қылқаламның ұшымен жеңішке етіп, жапырақтарын тігінен сүйкей жағу, алманы дөңгелектей бояу тәсілімен салуға жаттықтыру.

1

2

«Саңырауқұлақ»

Балаларға саңырауқұлақтың түрлерімен таныстыру. Бояу түстерін таңдай білу суық және жылы түстерді ажыратуға үйрету.Жылы түстермен күн шуақтарын салулары.

1

3

«Қуыршақ»

Мүсіндеудің көмегімен бейнелердің пішіні мен мазмұны бойынша байқағыштығын қалыптастыру, затқа қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту. Мүсіндеудің тәсілдерін үйрету.

1

4

«Түрлі - түсті түймелер»

Дөңгелек пішінді түйменің суретін салып, таңдаған түспен бояуды үйрету. Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

1

Қазан





1

«Балапан»

Желімдеу тәсілін меңгертіп, пішіндерден балапанды жапсыруға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

1

2

«Ит пен күшік»

Итті күшігімен мүсіндеуді үйрету. Балаларға бірнеше бөліктерден тұратын заттардың бейнесін мүсіндеуді және олардың қатынасын сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.

1

3

«Торсық»

Бояумен қымыз құятын торсықтың суретін салу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Торсықты әртүрлі әдіс-тәсілдерімен безендіру. Торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді таңдап, талғап әшекейлеу жолдарын түсіндіру.

1

4

«Жолақша ою өрнек»

Балаларға әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Ою - өрнектермен басқұрды әшекейлеу. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай білуге дағдыландыру.

1

Қараша





1

«Ақ қоян».

Әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, балаларға ақ қағаз бетіне ақ қоянның бейнесін салуға үйрету.

1

2

«Тотығұс».

Жалпы құстар туралы мәлімет беру. Құстың суретін салуға үйрету. Әр бөлігін даралап салғанын қадағалау.

1

3

«Сәнқой түлкі».

Балаларға түрлі-түсті қарындаштарды пайдалану арқылы түлкінің бейнесін салуға үйрету.

1

4

«Батыл әтеш»

Қылқаламды басып басып бояу арқылы әтештің бейнесін салып үйренулері

1

Желтоқсан





1

«Аққала»

Үш дөңгелектен аққаланың суретін салуға қол икемдерін дағдыландыру

1

2

«Біздің әсем шыршамыз»

Балаларға шырша суретін салуды үйрету. Шырша жөнінде мәлімет беру. Шыршаны түрлі-түсті ойыншықтармен әшекейлеуге үйрету.

1

3

«Қысқы пейзаж»

Көгілдір, жасыл, қаракөк, т.б (негізгі фонға) астарға ақ бояумен ақша қарлар салуды үйрету.

1

4

«Қарлы ертегі»

Қыс мезгіліндегі қар жамылған ағаштарды қыс мезгілін бейнелеуге үйрету.

1

Қаңтар





1

«От шашу»

Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отыра салюттың оттарын салуға дағдыландыру.

1

2

«Ерке мимоза».

Әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, балаларға ақ қағаз бетіне ерке мимозаның бейнесін салуға үйрету.

1

3

«Аквариумдағы балықтар».

Үшбұрыштар арқылы аквариумдағы балықтарды салуға үйрету. Түстерді дұрыс таңдауға, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

1

4

«Ай шуақтары» суық түстердің реңктері.

Дөңгелетіп айдың суретін салуға үйрету. Ол туралы мәлімет беру.Түрлі түстермен бояу.

1

Ақпан





1

«Менің анам».



Балалар әрқайсысы өзінің анасының бейнесін салып, бояулары.

1

2

«Түрлі-түсті үшбұрыштар».

Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отыра үшбұрыштардың суретін салуға дағдыландыру.

1

3

«Үй».

Балаларға түрлі-түсті қарындаштарды пайдалану арқылы үйдің бейнесін салуға үйрету.

1

4

«Орамалды әшекейлеу».

Балалар әртүрлі гүлдерді салып әшекейлеп орамалдың суретін салулары

1

Наурыз





1

«Алғашқы бәйшешектер».

Қылқаламды басу тәсілі арқылы бәйшешек гүлін салуға үйрету.

1

2

«Бұйра тоқты».

Өздерінің көргендерін бейнелеу іс әрекеті барысында бояу түстерін дұрыс пайдалана отырып бұйыр тоқтыны салу.

1

3

«Пирамида».

Түрлі-түсті қарындаштарды пайдалана отырып, пирамиданың суретін салуға үйрету.

1

4

«Бақбақтар».

Балаларға нүктелі тәсілдер арқылы тұқымды егуін суретте көрсете білу.

1

Сәуір





1

«Арба».

Тіктөртбұрыш және екі дөңгелек пішіндерден тұратын арба бейнесін суреттеу.

1

2

«Ертегілер еліне» реңктер мен шағылысулар.

Бояу түстерін таңдай білу, суық және жылы түстерді ажыратуға үйрету реңтерін салуға дағдыландыру.

1

3

«Қандай заттың пішіні шарға ұқсайды?».

Түрлі түсті бояуларды пайдалана отыра дөңгелек пішінді шардың суретін салуға үйрету, тазалыққа тәрбиелеу.

1

4

«Мерекеге дайындық».

Балаларға мерекеге пайдаланатын әртүрлі әшекейлердің суретін салуға, шарлар салуға дағдыландыру, қол икемдерін дамыту.

1

Мамыр





1

Жапырақсыз ағаш

«Эбру» техникасымен су бетіне сурет салу дағдыларын арттыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.

1

2

Күн шуақтары

Алақанды бояуға батырып қағаз бетіне түсіре білуге үйрету. (Акварельный краска).

1

3

Көбелек

Қағазды умаждап, жаймен тегістеп, саусақты бояуға малып, умаждалған қағаз бетіне көбелектің суретін салуға үйрету.

1

4

Ұшып жүрген құс

Құстың құрылысы жайлы түсініктерін кеңейту, қылқаламмен сүйкей жағыс түрін меңгерту.

1





Барлығы :

36







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал