- Учителю
- Эссе Менің жаңашыл сабағым
Эссе Менің жаңашыл сабағым
Қапшағай қаласы №2 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Садуакасова Таугуль Саманбекқызы
Эссе «Менің жаңашыл сабағым»
/1/.Қазақстан өзінің даму жолына түсіп, Елбасымыздың басшылығымен жылдан- жылға өзгеру үстінде. Егемендік алғаннан кейінгі және қазіргі уақыттағы заман талабы халық санасына салмақты өзгерістер енгізуде . Білім саласы да көптеген ауқымды өзгерістермен толығуда. Еліміздің болашағын қалайтын, қазіргі мектепте өсіп келе жатқан болашақ ұрпақты тәрбиелеуші мен білім беріп өмірге бағыттаушы - мұғалім
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында ,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам - деп ақын
жырлап өткендей шынымен де мен үшін «бақыт» деген тармағы кең ұғымның бір шеті осы ұстаздық мамандықпен ұштасып жатыр. Анығында «ұстаз» деген кім? Ұстаз - шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.
Өзімді , бүгінгі таңда , «керемет ұстазбын» деп айту астамшылық болар деп ойлаймын. «Ұстаз» деген ұлы атаққа ие болу үшін әлі талай маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп ,талай - талай белестерді бағындыру керектігін мойындаймын.
Ал, мен - заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары , үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуін мақсат етіп қоюым өзімнің жаңа жолға бет бұруымның алғашқы баспалдағы деп білемін.
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге ,өз ойларын анық жеткізуге ,өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруді ,естіп ,көріп, білгенін түйіндеп,пайдалана білуге үйретуді көздейді.Әр сабағымды оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа алдым. Барлық сабақтарымды ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастырудан бастадым. Өткен тақырыпты жұппен,топпен талқылауды ұсындым. Постермен жұмыс кезінде барлық оқушы жұмыс жасап жаңа тақырыпты өздері ашуына, өзара әңгімелесуге, ұсыныс айтуға бағыттап отырдым.Ондағы мақсат- тақырыптың мазмұнын әр түрлі тәсілдермен тереңірек ашу, балаға беретін білім мен тәрбиені оқушыларға анықтату..Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыратын «ДЖИКСО», «Блум таксономиясы», «Инсерт» сияқты стратегиялар мен түрлі әдіс- тәсілдерін қолдандым.Нәтижесінде оқушылардың ой өрісін дамып, өзара пікір айтуға дағдыланып, сабаққа деген қызығушылықтары артты
Бағалау - одан әрі оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. (Нұсқаулық,56 бет). Сабағымда бағалаудың әр түрлі тәсілдерін жоспарладым. Біз дәстүрлі сабақта бағалауға көп көңіл бөлмейді екенбіз. Бағдарлама негізінде бағалауда оқушылар өзін- өзі бағалап, пікірлерін айтып отырады. Дәстүрлі сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Ойлап қарасам, мен оқушыны ойландыруға жағдай жасамаған екенмін. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды.
/2/Жаңа технология (Блум таксономиясы) бойынша өз сыныбымда өткізген бір сабағыммен таныстырмақпын. Мұндағы мақсатым - өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Балалардың танымдық ойлау қабілетін, ойын батыл айта білуін, ұжымдық жұмысқа бейімделуін дамыту. Сабағымның тақырыбы:Жж дыбысы және әрпі.
Мақсаты. Оқушыларды Ж дыбысы және әрпімен таныстыру. Ж дыбысының басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге,сөзбен дыбыстық талдау жасауға,сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету
Күтілетін нәтиже: 1. Ж дыбысы және әрпі туралы мәлімет алады. 2. Ж дыбысы және әрпі жайлы тақырыпты топпен талқылай отырып, түсінеді. 3. Бірін-бірі үйренуге жетелейді. 4. Өз бетімен жұмыс жасайды. 5. Өзінің пікірін дәлелдеуді үйренеді. 6.Бірін-бірі бағалауды үйренеді.
Балалардың көңіл -күйлері жаман емес секілді.Олардың бойынан балалықтың нышанын ғана байқайсың. Еркін, ерке балалар… Жаңа сабақты бастамас бұрын өзім көшбасшылық жасап балаларды түстер бойынша топ-топқа бөлініп отыруларын ұйымдастырдым. Сыныпта 4-топқа бөлінді .1. .«Сауат ашу» тобы
2. «Әріптер» тобы
3. «Дыбыстар» тобы
4. «Белсенділер» тобы
Әр бала өз орнын тауып отырғаннан кейін әдеттегіше үй тапсырмасын сұрап алуды жөн көрдім. «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнауды ұсындым,балалар бейнежазбадан сұрақтар беріледі сол сұрақтарға жауап берулері керек балалар мүмкіндіктерінше таласып жауап берді .Екінші тапсырмам «Дыбыстарды ажырата білейік!»ойыны арқылы жүргізілді. Бейнетақтадан дыбыстарды ажыратып, өз үйіне орналастыру керектігін түсіндірдім . барлық бала жауап бергілері келіп,таласып тапсырманы тез арада орындап тастады Өтілген «Ы» дыбысы туралы толық білім алғандарын байқатты ,әрине бұл сол сабақты топпен жұмыс жасаудың және түрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып жүргізілген сабақтың нәтижесі деп білемін. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін интерактивті тақтадан «Ж» дыбысына байланысты топпен жұмбақ шешуді ұсындым. Оқушылар жұмбақтардың шешуін тапқан соң ,жұмбақ шешуінің қандай дыбыстан басталып тұрғанын сұрап және бүгінгі сабақтың тақырыбы осы «Ж» дыбысы екенін айттым. Әрі қарай мағынаны тану бөліміне өтіп ,«Ұшқыр ой» әдісі арқылы балалар жаңа сабақпен танысты.Балаларға төмендегі сұрақтарды бердім
1.Сонымен балалар жұмбақтардың шешуінің алғашқы әрпі қандай дыбыстан басталып тұр?
2.Енді, балалар қолымызды иегіміздің астына қойып «Ж» деп барлығымыз қайталаймыз.
3.Ж дыбысы қандай дыбысқа жатады екен балалар, себебі?
Келесі Түсіну кезеңіне «Ойлан, тап.» әдісімен топтық және жеке жұмыс жасады. Тапсырма :«Ж» дыбысынан басталатын сөздер ойлап табу. Қолдану кезеңіне «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.Шарты:бейнежазбадан өтілген әріптер көрсетіледі және сол әріпке сөз ойлап ,сол сөздің (мысалы А-алма) орысша,ағылшынша атауын айту керек. Балалар әр тапсырманы мұқият тыңдап топпен ақылдасып, белсенді жауап берді.
Талдау кезеңі: 1.."Алгоритм" әдісі..Жаға, жусан, жолбарыс, саржайлау сөздеріне дыбыстық талдау жасату,балалар ұйымшыл болып топпен жұмыс жасады,осы тұста топ ішінде түсінбеген оқушыларға топ оқушыларының түсіндіріп айтып жатқанын байқап қуандым.Бұл менің топпен жұмыс жасатудағы жетістігім деп білемін. Екінші «Текше» әдісі(жеке жұмыс) Жаға, жусан, жолбарыс, саржайлау сөздерін текшелермен дыбысқа бөліп жаздыру. Балалар өте мұқият және жылдам тапсырманы орындады, яғни бала өтілген сабақтарған алған білімін осы сабақта пайдалана алып жатыр. Келесі жинақтау кезеңі : 1. «Кім жылдам?»әдісі Сөздердің ішінен «ж» дыбысынан басталатын сөздерді тап және қорша .Берілген тапсырманы оқушылар жұппен отырып жасады. Келесі «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.Тапсырма : Өлеңнің ұйқасын тап? Балалар тақтада берілген өлеңнің ұйқасын әр топ жарыса отырып жауабын айтты.
Қорытындылау кезеңі: «Ой генерациясы» әдісі. (Сыныппен жұмыс) Балалар бүгінгі сабақта не білдік, қалай ойлайсыңдар? Деген сұрақ қою арқылы сабақты қорыттым.Балалар Ж дыбысын танығандарын және оның сөздерде пайдаланатындығымызды және анасының,бауырының аттары осы дыбыстан басталатындықтарын ,дауыссыз дыбыс екендігін т/б жауаптар айтты .Бұдан кейін оқушылар үшін сабақтың ең маңызды кезеңі - бағалау.
Бұл сабақта дәстүрлі сабақта кездеспеген бағалау әдісі де өз әсерін тигізді. Біз бағалау тек оқыту мен білім беруден кейінгі болатын процес деп түсіндік. Ал шын мәнінде бағалау- оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екендігіне көзіміз жетті. Шын мәнінде мектепке оқушы жақсы баға алсам деп армандап келеді. Сол бағаны алу үшін де сабақ үстінде өзінің қабілетін , белсенділігін танытып тырысып бағады. Бұрынғы сабақта ешқандай талдаусыз тек қана бір жақты (мұғалім) бағаланса, қазіргі 7 модуль төңірегінде түрлендірілген сабақта бағалау сабақтың басынан соңына дейін жүргізіліп отырылды. Бұл сабақта формативті( мұғалімнің мадақтауы,қолпаштауы) бағалаудың негізінде жиынтық бағаны шығардым. Сабақ барысында оқушылар әр кезең бойынша тапсырманы орындағанда ортада жатқан жұлдызша,төртбұрыш,үшбұрыш фигураларын өздеріне алып отырды.(әр оқушы өзін-өзі осылай бағалап отырды) Әр оқушы жинаған фигураларын санап «Басбармақ» әдісі арқылы өзін -өзі бағалады және әр топтың жинаған жұлдызшаларын санау арқылы қай топтың жеңгенін анықтап ,мадақтадым.Сабақтағы көңіл күйін смайлик арқылы білдірді.
Осындай жақын арадағы даму аймағында балалар жұмыс істесе , ең алдымен , сынып ішінде достық қарым-қатынас орнайды, екінші балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.
Міне, 35 минут те аяқталды… Мен бұл сабақтан ерекше ләззат алып, демалып шықтым. Өйткені сабақтағы барлық жұмысты оқушылардың өздері іске асырды. Бұл кезеңде мен оларға тек бағыт беруші ғана болдым. Жеті модульді сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді.
Мен енді басқа машинаға отырдым деп есептеймін. Бірақ бұл көліктің жүргізушісі - (мен емес) менің оқушыларым. Олар басқарушы,жаңа жол іздеушілер , ситуациялардан шығып ,мақсатына жетушілер. Ал мен болсам, бағыттаушымын.
Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды өзгерттім, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден бала еркіндігін шектемеу, төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін- өзі реттеуді үйренді, бесіншіден бағалауды өзгерттім және әріптестеріме де ықпалым болды. Менің түсінгенім- жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.
«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біз діттеген мақсат - мүддемізге жетіп, «ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.