7


  • Учителю
  • «Отбасы тәрбиесі негізінде мектеп жасына дейнгі балалардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру»

«Отбасы тәрбиесі негізінде мектеп жасына дейнгі балалардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

Ақсукент ауылы № 20 С.Сейфуллин

мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Кушекбаева Фериде Алментайқызы



«Отбасы тәрбиесі негізінде мектеп жасына дейнгі балалардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру»

«Адамзаттық күштің маңыздысының бірі - адамгершілікке ұмтылу. Осыдан біздің ішкі тұрақтылығымыз бен тіршілік етуіміз басталады. Біздің өмірімізде адамгершілік қана біздің

қылықтарымызға әсемдік пен сенімділікті береді. Оны жігерлендіру мен оның мағынасын анық түсінуге көмектесу - білім берудің басты мақсаты - дейді Альберт Эйнштейн

Ал ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл - Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, рухани -өнегелі тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...»

Бүгінгі қозғалайын деп отырған тақырыбымыз «Отбасы тәрбиесі негізінде мектеп жасына дейнгі балалардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» жөнінде болмақ.

- Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады.

-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында (2009ж.): «...Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады», - деп тұжырымдағандай рухани-адамгершілік құндылықтарды өрістетуде отбасының рөлі ерекше. Отбасында тұрмыстың қалыпты жағдайлары жасалып, адамның мінез-құлқының негізі, сондай-ақ, еңбекке, қоғамдық ортаға, адамгершілік, идеялық және рухани құндылықтарға деген қарым-қатынасы дамып, жетіледі.

Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісінің басты мақсаты - ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол жас ұрпақ өкілдерін тәрбиелеу болып табылады.

-Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі - барлық тәрбиенің бастамасы. Біздер балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің біріміз. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.

Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани -өнегелі тәрбие - тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс.

Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі,көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-өнегелі дамуы мектеп алды даярлық тобы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Мысалы: Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен. Балалардың рухани адамгершілік танымын қалыптастыру үшін мен сабақтарымда ертегілерді көп пайдаланамын.

Мысалы: Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат сабағын алар болсам сабақтарымдағы әдіс - тәсілдерді балалардың жас ерекшелігіне қарай таңдаймын. Мәселен: көріністі сахналау , мозайка құрастыру, және ертегі суреттерін мазмұн бойынша орналастыру. Бұл әдіс - тәсілдер балаларға ұнады және сабақта да өте белсенді қатысып, ертегі бойынша сұрақтарға да белсене жауап беріп отырды.

«Отбасы тәрбиесі негізінде мектеп жасына дейнгі балалардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру»«Отбасы тәрбиесі негізінде мектеп жасына дейнгі балалардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру»

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани- адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы эқсперимент ретінде жүргізіліп келеді.

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған Рухани-адамгершілік тәрбие мәселесі- негізгі мәселе болып табылады.

«Өзін-өзі тану» пәні - баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйретеді.

Сондай - ақ оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата - аналармен жүргізілетін жұмыстың орны орасан. Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынып отырамын:Мысалы: «Сөзді кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыр және т.б.

Ендігі тоқталатын мәселе балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы

Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Ертеректе жаңадан нәрестелі болған екі жас қарияның алдына келіп: - Баламызға тәрбие берсеңіз деп едік, - дейді. Сонда кемеңгер: - Сәбилеріңнің туғанына қанша болды?» - деп сұрайды.

- Үш ай.

- Ей, құлындарым, балаға тәрбие беруден үш ай кешігіп қалыпсыңдар, - депті. Шынымен де, бала тәрбиесі бір сәтті де қалт жіберуге болмайтын ұлы да игі іс. Ал сол тәрбие беруде баланың көңіліне, ішкі жан-дүниесіне қатты тимейтіндей етіп берудің өзінде үлкен мән-мағына жатыр. Себебі, жас бала жаратылысынан ата-анасының қамқорында болып, өмірдің барлық келбетін ойын арқылы қабылдайды. Баланың негізгі іс-әрекетінің өзі - ойын. Халқымыздың баланы «ойын баласы» деп те атауы бекерден бекер болмас.

Балаға дүниенің қызығы сол - ойын, барлығын ойынға айналдыру. Сондықтан балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіру ата-ананың да, ұстаздардың да, бір сөзбен айтқанда жөн сілтеушілердің міндеті. Халық даналығы да соны меңзейді.

Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б. секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал - ұлттық ойындар. Педагог ретінде қысқа мерзімді даярлық топтары балаларына тәрбие мен білім беруде, құндылықтарды үйретуде халық ойындарының маңызы өте зор екендігіне көзім жетіп отыр.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, Алматы, «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар.аталған ұлттық ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, ақсүйек, алакүшік алтыбақан, ақшамшық, арқан аттау, арқан тартпақ, асық, аттамақ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, епті жігіт, дауыстап атыңды айтам, қыз қуу, күміс ілу, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, шалма, соқыр теке, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген орамал, бес асық, сұрақ-жауап, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, ұшты-ұшты, т.б. түрлері өте көп. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.

Осы ойындардың ішінен сабаққа, іс-әрекетке, жағдайға, баланың жас ерекшелігіне байланысты таңдап, керектісін қолданамын.

Сонымен қатар асықпен ойналатын ойындардың түрі сан алуан. Сабақтың элементі ретінде де қолдануға болады. Балаларға шапшаң, епті болуды баулиды, сонымен қатар асық табиғи зат болғандықтан, бала денсаулығына еш зиянын тигізбейді

Ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Әр сабақтың ерекшелігіне, тақырыбына сәйкес ойын түрлерін алмастырып пайдаланған жөн деп есептеймін. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін осй ойындарды үйреткен жөн. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Рухани - өнегелі бала ұқыпты, ұстамды, мейірімді, сыпайы,білімді, мәдениетті болуы керек.

Осы баяндамамды мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.

Әкем,анам үлкенді сыйла деген,

Сол сөз маған ізгілік,құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан,кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Осы астарлы сөзді әрқашанда ұмытпайық.

Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға өнеге бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1.Журнал «Бала мен балабақша» 2011 жылы №5

2.Журнал «Отбасы және балабақша» 2010жылы №8

3. Журнал «Отбасы және балабақша» 2009жылы №2

4. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы

адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы,1992.

5. Бала тәрбиесі № 2 2006 жылы № 4 2008 ж

6.Амонашвили Ш.А.Вдохновение и творчество - путь обновления образования //11Международные педагогические чтения.- М., 2012.- 23-32 с.

7.Мукажанова Р.А.,Омарова Г.А.,Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе.Учебно-методическое пособие для учителей.-Алматы:ННПООЦ «Бобек»,2013.-176 с

8.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы 14.01.2012

аймерденов Ш.Н. «Өзін-өзі тану» сабақтарында этнопедагогика идеялары арқылы оқушыны рухани дамыту (Оқыту әдістемелік құрал)

9.Кел, балалар, ойнайық! - Алматы «Арда» 2006 ж.

10. Қазақтың ұлттық ойындары - Алматы «Рауан» 1991 ж.

11. «Балбөбек» бағдарламасы бойынша педагогикалық жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері - Алматы «Арда» 2006 ж.

12.Ақ сандық, көк сандық - Алматы «Жазушы» 1988 ж.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал