- Учителю
- Экологиядан ашық сабақ Жабайы аңдар
Экологиядан ашық сабақ Жабайы аңдар
МҚКК № 5 сәбилер бақшасы
Ашық сабақ
Тәрбиеші:А Шарапатова
2015-2016 оқу жылы
Күні 18.03.16«Әлеуметтік»
Бөлімі:
«Экология негіздері»
Тақырыбы:
«Жабайы аңдар »
Мақсаты:
Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір - бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Мотивациялық -қозғаушы
: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? қыс
- Ал сендерге қыс ұнай ма?
- Қыс несімен ұнайды?
- Қыс әртүрлі болады, боран соғады, аяз болады.
- Осы қысқа біз қалай дайындаламыз?
Ұйымдастыру
іс-әрекеті
- Балалар қысқа біз ғана емес жабайы жануарлар да дайындалады.
- Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
- Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
- Балалар, ормандағы аңдар қысқа қалай дайындалды?
Балалар: Тиін өзіне тамақ дайындайды, жаңғақ, саңырауқұлақ жинайды.
- Аю жаз, күз айларында тамаққа тойып алып қыс бойы ұйқыға кетеді.
- Ал қоян үстіндегі сұр тонын аппақ тонға ауыстырады. Сөйтіп өзінің жауларынан қорғанады. Қыста жас ағаштардың сабағын жейді.
Слайд көрсету. Жабайы жануарларды көрсетіп әр біреуіне тоқталып кету. Қысқа қалай дайындалатынын және немен қоректенетіні туралы толық мағлұмат беру.
Д/О: «Не артық»
Таңғажайып сәт.
- Балалар кім терезе қағып тұр? Аузына хат тістеген құсты қолыма аламын.
- Бұл суықторғай екен ғой, бізге хат әкеліпті.
- Хатты оқу үшін мына жұмбақты шешулерің керек екен.
1. Қыста жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
2. Тәтті көрсе бас салар,
Аумайды жас баладан.
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
3. Өзі айлакер,
Өзі қу.
Жүрген жері айқай шу.
4. Үсті толы ине
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме
Жарайсыңдар балалар. Барлық жұмбақты шештіңдер.
- Тәрбиеші: Хат біздің ормандағы аңдардан келген екен. Соны оқып берейін. Біз орман аңдары жаз бойы бір - бірімізбен дос болдық, бірге ойнадық, сөйтіп қыстың қалай келіп қалғанын білмей қалдық. Күн күннен күнге суыта бастады. Сөйтіп аңдар өздеріне жылы тон тігіп берулерін сұрайды.
- Сендер мейірімді балаларсыңдар, аңдарға көмектесесіңдер ғой?
- Қазір бәріміз орманға барып достарымызға көмектесейік.
- Балалар орманда өзімізді қалай ұстауымыз керек?
- Дұрыс балалар
Сергіту сәті.
- Ал енді көзімізді жұмамыз да менің соңымнан қайталаймыз.
1, 2, 3 орнымызда тұрып айналамыз,
Ертегі орманға тап боламыз.
- Міне алдыларыңда сиқырлы орман тұр.
- Қараңдаршы қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?
- Енді оларға жылы тонды қайдан алуға болады? Дүкеннен.
- Орманда дүкен жоқ тек орман ательесі бар, сондықтанда қазір бәріміз тігіншіге айналып әр түрлі дақылдардан аңдарға жылы тон тігіп береміз.
- Қандай дақылдарды көріп отырсыңдар? Күріш, тары, қарақұмық т. б дақылдар.
- Аюдың тонын қандай дақылдан жасайсың?
- Қоянның тонының түсі қандай?
- Оны қандай дақылдан жасайсың?
- Тиіннің тонының түсі қандай?
Балалар желіммен аңдардың тонының түсіне қарай дақылдарды жапсырып жасайды.
- Қандай жақсы балаларсыңдар, сендер аңдарға керемет тон жасап бердіңдер. Жарайсыңдар.
Ал енді жасаған жұмыстарымызды алып орман алқабына жібереміз.
- Ал енді өзіміздің балабақшамызға барайық.
- Тағы да сол сиқырлы сөзімізді қайталаймыз.
1, 2, 3 орнымызда тұрып айналамыз,
Тобымызға тап боламыз.
- Балалар сендерге орман ұнады ма?
- Ерекше не естеріңде қалды?
- Сендерге орман аңдары риза болып жатыр, жарайсыңдар балалар.
аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.
Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
- Шуылдамаймыз, сіріңкемен ойнамаймыз, қоқым шашпаймыз, ағаштарды
Іс-қимылды жасайды
Рефлексивті-түзетуші
Мадақтау ,істеген жұмыстарын бағалату
Күтілетін нәтиже:Нені игереді:
Үй жиһаздарын не үшін қолданатынын
Нені біледі:
Үй жиһаздарының аттарын (диван,керуерт) күнделікті өмірде
МҚКК № 5 сәбилер бақшасы
Ашық сабақ
Тәрбиеші:А Шарапатова
2015-2016 оқу жылы
Күні 14.01.16Әлеуметтік
Бөлімі:
Тіл дамыту
Тақырыбы:
Қуыршақ Айгерімнің бөлмесі
Мақсаты:
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруді үйретуді жалғастыру.
Жиһаз атауларымен таныстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Бөлме жиһаздарының суреттері,топтағы жиһаздар.
Мотивациялық -қозғаушы
-Сәлеметсіңдерме балалар?
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
-Жарайсыңдар,балалар енді орнымызға отырайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады екен?
Балалар осы күз мезгілінің соңғы айы мамыр.
-
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Сәлеметсіз бе?
-Жапырақтар бүршік атып,күн жылынады,жаңбыр жауады иа балалар.
Ұйымдастыру
іс-әрекеті
Балалар бүгін қонаққа кім келді?
Музыка әуенімен қуыршақ билеп кіреді
Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Балалар мен қуыршақ боламын.
-Қуыршақ қош келдің, біз бүгін балалармен Айгерімнің бөлмесі туралы оқу іс-әрекетін өтіп жатырмыз , сенде қатысқың келеді ма?
-Ой қандай жақсы болды менде қатысайыншы балалар ?
Балалар қуыршаққа ойыншық туралы тақпақ айтып береміз бе?
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін
Кешкедейінжалықпай
Олармен ойнап жүремін.
-Жарайсыңдар,Қуыршақ
сізге балалардың тақпағы ұнады ма?
-Қане біз қуыршақ алып келген сандықшаны ашайық.
Балалар мынау кандай ойыншық?
-Ондай ойыншық біздің топта барма?
-Балалар Айгерімнің өз бөлмесі бар екен.
Қане қараңдаршы?
-Бөлмесі қандай?
-Бөлмесінде не бар екен?
-Дұрыс жиһаздар,
-Мынау не?
-Үстел не үшін керек?
-Ол үстелдің түсі қандай?(қызыл)
Біздің топта үстел бар ма?
-Мынау не?
-Дұрыс,орындық.
-Ол орындық не үшін керек?
-Мынау не?
-Ол диван не үшін керек?
-Мынау не?
-Ол керуерт не үшін керек?
-Ол керуерттің түсі қандай?
-Мынау не?
-Дұрыс,шкаф
-Ол не үшін керек?
-Оның түсі қандай?
-Біздің топта шкаф бар ма?
-Балалар,сендердің бөлмелеріңде қандай жиһаздар бар?
Сергіту сәті
Балалар музыка әуенімен билейді.
Д/о: Әйгерімге не керек
Балалар өздеріне берілген ойынды пайдалана отырып
Әйгерімге не керек екенін табуы керек.
Қуыршақ
Сәлеметсіз бе?
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін
Кешке дейін жалықпай
Олармен ойнап жүремін.
Әдемі
-Үстел
-Үстел тамақ ішу үшін керек.
-Орындық
-Орындақта отырамыз.
-Диван
-Керуерт
-Керуертте жатамыз.
-Қызыл
-Шкаф
-Оған біз киім саламыз.
Балалар қайталайды.
орындық, үстел,керуерт.
Қызыл
Ия
Отыру үшін
Жатып ұйықтау үшін
Демалу үшін
Қоныр
Киім жинау үшін
сары
ия бар
үстел ,орындық диван
іс-қимылдар жасайды
Рефлексивті-түзетуші
Рефлексивті коррекциялаушы
-Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесінде қандай жиһаздар бар екен?
Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетін қорытындылау.
Сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже:Жәндіктерді өзара салыстырып, ажырата білу керек.
Нені игереді:
Зерттеу мен бақылау жұмыстарын игереді.
Нені біледі:
Табиғат аясындағы өсімдіктер мен жан-жануарларға мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін көрсете біледі.