7


  • Учителю
  • Ашық сабақ.Валеология.Ғажайып түсмектепалды даярлық

Ашық сабақ.Валеология.Ғажайып түсмектепалды даярлық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Валеология

Тақырыбы: Адамның дене мүшелері. «Ғажайып түс» ертегісі

Мақсаты:Валеология пәні бойынша адам дене мүшелерімен таныстыру,сөздік қорларын,ойлау дүниетанымын, ортаға деген көзқарастарын дамыту. Салауатты өмір салтына баулу, зейіндерін қалыптастыру. Таза жүруге ,дене күтімін сақтауға тәрбиелеу.

Түрі:Жана тақырып меңгерту

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын элементтерін қолдану

Көрнекілігі:Интербелсенді тақта, суреттер, плакаттар, магнит тақтасы,айнат.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Сәлемдесу/Шаттық шеңбері/

ІІІ. Психологиялық дайындық:

Батылмыз,тапқырмыз,ақылдымыз,білімдіміз,

Өзімізді көрсетеміз бүгін біз.

Өткен сабақты пысықтау:

/Сынып бөлмесіне кір-қожалақ бала кіреді/

Бәрі хормен:

Анау бала

Бетін қара,

Кір-қожалақ қап-қара.

Тырнағы өскен,шашы көптен

Алынбапты-ау,масқара!/бала ұялып жан-жағына қарайды/

-Бұл қандай бала?

-Салақ,жалақау бала

-Балалар,қолдарыңдағы айнаға қараңдаршы,сендер мына Жалқаубекке ұқсайсыңдар ма?

-Жоқ,біз тазамыз.

-Сендер сабаққа мұнтаздай таза боп келу үшін қандай тазалыққа арналған заттарды пайдаландыңдар?

-Айна,тарақ,сабын,су,бет орамал.

-Бұл заттарды Жалқаубек біле ме екен?

Жалқаубек: Жоқ мен бұл заттармен дос емеспін. Бірақ сендерге қарап қатты ұялып тұрмын.

-Олай болса, мына тазалық заттарын ала ғой. Сенде даярлықтың балалары секілді таза бала боласың.Сонда сенің достарың көп, денің сау болады./балалар Жалқаубекке айна, тарақ, сабын,орамал береді/

Жалқаубек: Рахмет сендерге! Мен барып жуынып сендер сияқты таза бала болып келейін.

Тазалыққа арналған заттар үнемі енді менің де досыма айналады деп уәде беремін.

Сергітусәті:

Күнде ерте тұрамыз,

Беті-қолды жуамыз.

Бір-екі деп жаттығу

Жасап,жасап аламыз

Бір,екі,үш

Бір,екі,үш

Бойға жидық күш!

ІҮ.Жаңа сабақ

/Есік тоқылдатып,хат тасушы кіреді/

Хат тасушы:Сәлеметсіздер ме,мынау даярлық сыныбы ма екен?

Тәрбиеші:Ия,не айтайын деп едіңіз?

Хат тасушы: Сіздерге дәрігер Салауат хат жіберді.Қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: Бұл хаттың ішінде не жазылған екен,қане, көрейік. Мұнда жұмбақ жасырылыпты,шешіп көрейік.

Жұмбақ:

1.Өзі домаланған шар,бірақ онда ауыз,құлақ, мұрын бар./Бас/

2.Болмас оның осалы,баспен денені қосады./мойын/

3.Қимылдаса қос шебер,қыруар,қыруар іс өнер./қол/

4.Мойынға,қолға,аяққа

Ең керегіосы,ойланып шешіп көрші/Кеуде/

5.Қайда барам десең де,

Сені алып барады

Адамндардың қашанда

Ең керекті таяғы/Аяқ/

/Балалар жауаптарын айтқан сайын дене мүшелері суреттері слайдтан шығып,адам бейнесі құралады/

Міне,балалар сендер адамның дене мүшелерін тауып, адам құрастырдыңдар.Адамның дене мүшелері бас,мойын,қолдар,кеуде және аяқтардан тұрады екен.Ендеше,мен сендерге «Ғажайып түс»ертегісін айтып берейін/слайд арқылы/

/Ертегінің мазмұнын айтып түсіндіремін,ертегіні түсінген соң рөлдерге бөліп сахналау./

Ойын: Шатасқан дене мүшелері

/Балалар көздерін жұмады,педагог өтірік өлең оқиды.Көздерін ашып өлеңнің қатесін табады/

Басыма киіп шұлықты,

Қолыммен біраз жүгірдім.

Аяғыммен үйге су әкеп,

Мойныменен тынықтым.

Қатты шөлдеп кеткен соң,

Кеудемменен су іштім.

Қортындылау:Адамның дене мүшелері қандай бөліктерден тұрады?

Дене мүшелерінің барлығы қажет пе,жоқ па?

Жарайсыңдар,балалар! Сендер бүгін өте белсенділік көрсеттіңдер! Мен сендермен мақтанатын боламын! Сыныбымызға келген қонақтармен қоштасайық!

Орнымыздан тұрайық,

Шеңберді біз құайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал