- Учителю
- Ашық сабақ 6 саны мен цифры
Ашық сабақ 6 саны мен цифры
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 6 саны мен цифры
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау дағдысын дамыту. 6
санымен таныстыру, Білімділігі: Сандардың құрамына байланысты алған
білімдерін бекітіп, білім және білік-дағдыларын қалыптастыру.
Логикалық тапсырмаларды орындату. Дамытушылығы: Баланың тілін, ой-
өрісін, логикалық ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге
дағдыландыру. Тәрбиелілігі: Көзімен көргенін есіне ұстап сақтауға,
шығармашылық еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
сергіту сәті, дидактикалық ойындар, әліппе дәптермен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақтадан дайындалған тапсырмалар, сандар,
әліппе дәптер
Сабақ барысы:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қәне амандасайық!
Біз әдепті баламыз,
Алдыменен қонақпен.
Амандасып аламыз.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз.
Сәлем! -дейік үлкенге
Жылулық шеңбер.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік! - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы
болсын, орнымызға отырайық.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Балалар, біз бүгін Ғажайыпстанға саяхатқа шығамыз, ал бізбен
бірге Аяжан мен Елдоста бар. Міне желаяқ пойызымен Ғажайыпстанға да
жеттік.Балалар, бұл саяхатта біз көптеген тапсырмаларды орындаймыз.
Сонымен қатар қазір біз Білімпаз атайға барамыз.
1.Білімпаз атаның бізге арнаған санамағы бар екен соны бірге
жаттаймыз. 2.Электронды оқулық арқылы бүгінгі жаңа тақырыппен
танысамыз. 1,2,3,4,5,6 3. Дидактикалық ойын: «1,2,3,4,5,6 тура
,кері санау» 4.Елдос пен Аяжан бізбен бірге саяхатымызды
жалғастырамыз. Келесі аялдама «Ертегілер елі» деп аталады. Мұнда
Аяжан мен Елдостың достары бар екен. Ал оларға біздің көмегіміз
керек. Олар мына пойызға міну үшін мына есептерді шығару керек. Ал
біз осы уақытқа дейін 5 ке дейінгі сандармен танысып оның құрамында
білеміз. Ендеше біз бүгін қандай санмен таныстық?
Балалардың жауабы: 6 саны мен цифрымен таныстық.
-Жарайсыңдар . Ендеше біз Аяжан мен Елдостың достарына көмектесу үшін мына сан құрамын орындайық.
6 6 6 6 6 6
1 2 3 4 5 6
Сергіту сәті: Бейне материал
Достар әнін бірге айтамыз. -Бір серігіп алсаңдар, сабағымызды одан
әрі жалғастырайық.
-Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Дәптермен жұмыс: Балаларға дәптердегі тапсырмаларды түсіндіру,
орындату.
Ғажайыпстандағы достарымызбен қоштасып оларды шығарып саламыз.
-Сау болыңыздар. -Көңіл күйлерің қалай? -Өте керемет
Қорытынды: Сұрақ-жауап
Күтілетін нәтиже:
Бейне жазбалалр көру арқылы танымдық қабілеттері арта түсті. Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы байқалды. Есте сақтау қабілеті дамиды. Заман талабына сай білімді , білікті , дүниетанымы кең , шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптасады.
КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «6 саны мен цифры»
</ Дайындаған: Кенжеғариева А.А.
2015жыл