7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,сабақтарда түскен суреттеріне слайд шоу, сыныпты шарлар мен гүлдермен безендіру.

Қатысушылар:Оқушылар, ата-аналар.

Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар тілашар тойы құтты болсын. Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерім қадамдарың сәтті болсын.Талаптарыңа нұр жауcын деп, ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.



Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа енді жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер!

Айналайын балалар,

Алда Мектеп-Ана бар,

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.



Ата-ана:Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бата беріп шашуын

Ақ әжеміз шашасыз.

(Ортаға үлкен апа шығып, сандықты ашып шашу шашады, батасын береді).Ән:Тілашар тойы.Хор.

Арай

Жүрегімде қуаныш,

Мен бүлдіршін баламын.

Енді жайнап нұр жүзім,

Мен оқушы боламын.

Ерасыл:

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.







Томирис

Алты жасқа толған біздей баланы,

Мектеп ана құшағына алады.

Ата - ана қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт болды биыл міне балаңыз.

Нұрбек :

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз болып өсетін,

Біз оқушы боламыз.

Айғаным:

Даярлығым - балбұлағым,

Лаулап жансын шам - шырағың,

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.

Шыңғыс:

Алтыға толып биыл мен

Әдепті бала боламын

Қуантып ата-анамды

Мектепке кетіп барамын

Шырай:

Қызық күндер өткіздік

Балабақша баяғыда

Көп ойнадық, көп күлдік

Ел мен Отан жайында

Аслан:

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер білім үйреніп,

Білімді ұрпақ боламыз

Зарина:

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асынып,

Мектепке барам асыға

Арсен:

Алғаш рет өзіңнен,

Білім алды балалар!

Оқу сырын өзіңнен,

Біліп алды балалар!

Музыка ойналып: (Буратино мен Мальвинаның келуі)

Мальвина: Жүр, деймін жүр.Мен саған балалар мектепалды даярлық сыныбында қалай оқиды екенін көрсетемін.

Буратино:, Мектепалды даярлық сыныбында деп, неге қайталай бересің. Мен онсыз-ақ бәрін білемін.

Мальвина: Бәрін деймісің? Ал сен оқу және есеп шығару білесің бе?

Буратино:Есеп шығар? (Буратино басын қасиды)

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме Буратино мен Мальвина! Сендер қайдан келе жатырсыңдар?

Мальвина: Міне, Буратиноны мектепалды даярлық сыныбына әкелдім. Ол мүлдем мектепке барғысы келмейді. Ал жазған кезде тіпті дәптеріне қарауға ұят.

Тәрбиеші: Мұның қалай Буратино. Егер сен оқымасаң, білімсіз, әрі сауатсыз адам болсаң, мектепке қалай барасың? Ал сауатты болу үшін жақсы оқу керек.Тыңдап көрші, біздің балалар мектепке дайын ба?- екен.

Енді бүлдіршіндеріміздің сауат ашу бойынша алған білімдерін тексеріп көрейік:

Арсен:

«А» дегенің - ана ғой,

Ана деген дана ғой.

Томирмс:

Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

Аслан:

«Б» дегенің - бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

Шырай:

«Гу» - деп алғаш бөбектер,

Гуілдейді ақырын.

Ерасыл:

Ғалым, ғылым, ғасырды,

«Ғ» білімге асырды.

Зарина:

Әр үйде бір қақпа бар,

П- аумаған тап солар.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.



Математика пәні бойынша білімдерін бекіту.



Айым:

Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрамын.

Нұрбек:

Бірден кейін тұрамын,

Бірден кейін тұрағым.

Бірді бірге қосқанда

Мен шығамын шырағым.

Айғаным:

Екіден соң әрқашан,

Үш саны мен тұрамын.

Орныма барамын,

Екі айшық саламын.

Шыңғыс:

Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды.

Төрт дегенің баяғы

Төрт түліктің аяғы.

Сымбат:

Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағын,

Оңай табасың бесті.



Тәрбиеші тапсырма береді:Интербелсенді тақта арқылы.

Ойын: Күн шуағы

-Балалар мынау қандай пішін?

-Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата-анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.

1.Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 4

2.Бір аптада неше күн бар?7

3.Машинаның дөңгелектері нешеу? 4

4.Екі қоянның аяқтары нешеу?8

5.Бағдаршамда неше көз бар?3

6.Бір жылда неше ай бар? 12 ай бар

-Балалар, ненің суреті шықты? Күннің суреті.

-Жарайсыңдар балалар!

Ән:Әрқашан күн сөнбесін.

Мальвина: Көрдің бе, Буратино! Балалар бәрін біледі, ал сен болсаң, үп-үлкен болып ештеңе білмейсің!

Буратино: Иә, расында да ұят болды.

Тәрбиеші: Көрдің бе, Буратино біздің балалар қандай ақылды. Олар қандай тапсырмалар болсын орындай алады. Оның бәрі білімнің арқасында.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, Біз мектепке не үшін барамыз?

- Оқып -білім алу үшін

- Білімді азамат болу үшін

- Үйрену үшін

- Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

Тәрбиеші: Сондықтан, Буратино ақылды болу үшін, білім керек екен.

Сен ертеңнен бастап мектепке баруға дайындал .Келістік пе?

Буратино: Келістік. Мен барып сабаққа дайындалайын. Қош сау болыңдар, балалар!

Айғаным: Буратино,Мальвина бізбен бірге бір би билеп кетіңдерші!

Би:Буратино.





Тәрбиеші: Қазір балалар сендермен «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иә, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Ертеңгісін тұрамыз ба?

7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

Ән: Ұстазым

Ата - аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?

3. Тамағын уақытылы бересіз бе?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Тәрбиеші : Көктем жаздың кереметі көп екен

Көбелектер әсем гүлдің сәні екен

Шақырайық олай болса ортаға

Биші топты «Көбелектер» биімен.

Би: «Көбелектер»

Ата-аналарға арналған ойын.

Би: «Вальс»

Ән: Біз мектепке барамыз.

Тәрбиеші: Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата - ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата - анаға сөз береміз.________________________________________

Тәрбиеші: Түлектерге тілегін мектеп директорының орынбасары:_________________ ­­­­­марапаттарын табыстау үшін (Дипломдармен марапаттау)

Тәрбиеші: Сіздерге бүгінгі көңілді көңіл күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз.

Тәрбиеші: Балалардың білімі құтты болсын

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал