7


  • Учителю
  • Урок на тему Біз мектепке барамыз

Урок на тему Біз мектепке барамыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Адам- атадан

туғанда есті болмайды:

естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,

дүниедегі жақсы,

жаманды таниды дағды,

сондайдан білгені,

көргені көп болған адам

білімді

болады. Естілердің айтқан сөздерін

ескеріп жүрген кісі

өзі де есті болады.

Абай Құнанбайұлының он тоғызыншы қара сөзінен.



Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»

Мақсаты: Мектепке дайындығын анықтау.

Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдете түсу.

Көрнекі құралдар: Тасбақа, сандар, әріптер, (оқу құралдары: қалам, қайшы, өшіргіш, сызғыш, дәптер, кітап) суреттер.

Сабақ барысы:

1-сабақ қазақ тілі.

Тапсырма 1.

Балаларға әр түрлі әріптер беріледі, сол әріптерден сөз құрау керек. Мысалы: (мектеп, оқу, білім, сабақ)

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту

Тапсырма 2.

Сөйлем құрау. Мақсаты: Балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

Стол үстінде әр түрлі заттар тұр, сол заттардың біреуін алып, оның не екенің немесе қандай қызмет атқаратының айту.(сөйлеммен).Мысалы: Мынау қайшы.Қайшымен біз қағаз қиямыз.

Үзіліс. Есте сақтауға байланысты ойын. (10 сөз)

2-сабақ сауат ашу.

Тапсырма 3

Қоршаған ортаны танып, білуге байланысты сұрақтар беріледі, сұрақтар мазмұны төмендегідей. (доп беру арқылы)

1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)

2. Қазақстан Республикасының президенті (Н. Ә. Назарбаев)

3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)

4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)

5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

6. Біз қай қалада тұрамыз? (Семейде)

7.Өзіннің мекен-жайынды атап берші.

8. .Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады? (Күннің көзінен)

9.Мақалды жалғастыр: (Отан - оттан да...................)

10. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)

11.Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)

12.Сөйлем неден құралады? (сөзден)

13.Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге - дауысты, дауыссыз)

14. Адамның көру мүшесі? (көз)

15.Аяз ата қай мерекеде келеді (жана жылда)

Үзіліс. Психогимнастика. Сергіту сәті. Балаларға әр түрлі қимыл көрсетіп тұрған суреттер көрсетіледі. Балалар сол бойынша музыкамен қимылдарды көрсету керек.

3- сабақ математика

Тапсырма. Логикалық ойлауға, есептеуге. (Монтессори технологиясы бойынша). Тасбақамен жұмыс

Балаларға сандар беріледі, мысалы: 6+3 =

7+3=

4+5=

3 -5=



Әрбір санның жанына фишка қойылады. Мысалы: 5 саны болса 5 фишка.

Рефлексия. Айна беру арқылы сабақта не ұнағандығы жайлы сұралады. Мысалы: Мен айдай сұлу Айсұлумын.Маған сабақта ұнады.....

Күтілетін нәтиже:

Не меңгерді: Жаңа технология бойынша санап үйренді ( қосып, алуға), сөйлем құрауды білді.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал