7


  • Учителю
  • Технологиялық карта Алақай, қыс келді

Технологиялық карта Алақай, қыс келді

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технологиялық карта Алақай, қыс келді







Аташева Ардах Батыровна.

Орал қаласы. №49 «Ақ ниет» бөбекжайы.





«Бәйтерек» ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Денсаулық»,«Қатынас»,«Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Дене шынықтыру», «Тіл дамыту», «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Мүсіндеу», «Қоршаған ортамен таныстыру».

Тақырыбы: «Алақай, қыс келді!».

Мақсаты: Б.М. Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау.

Д.М. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды мүсіндеу іскерлік дағдыларына машықтандыру, мүсіндеуді меңгерту.Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Т.М. Балаларды табиғатты аялай білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу. Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ойындар, әңгімелесу, мадақтау.

Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Қыс мезгілі туралы әңгімелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер, теледидар, геометриялық пішіндер, тақтайша, ермексаз, шар.

Билингвалды компонент: Қыс - зима, қар - снег, аяз - мороз, қоян - заяц.



Себепті қызығушылығын ояту кезеңі



Балалар бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келіп отыр екен, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Сәлемсіздер ме қонақтар?

Жылулық шеңберіне жиналу.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Жүрек жылуын алайық,

Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға сыйлайық.

Балалар енді мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, кәне кім тез табар екен?

Жұмбақ айту.

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыстың орысшасы - зима деп аталады.Қане, бәріміз қайталап айтайықшы - зима.

Қыс мезгілінде ауа - райы қандай болады?

Аяздың орысшасы - мороз деп аталады.

Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр?

Қардың орысшасы - снег деп аталады.

Қар қайдан жауады?

Қардың түсі қандай?

Ал сендер қандай қысқы ойындарды білесіңдер? Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Балалар әуенмен залға кіріп жарты шеңбер болып тұрады.









Қимылмен көрсетеді.





































Шешуі: Қыста.

Қыс мезгілі.







Суық, аяз болады.







Қар басып тұр.







Аспаннан жауады.

Аппақ мамықтай.

Шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі







Балалардың назарын теледидарға аудару. Мына суреттерге қараңдаршы, кімдерді көріп тұрсыңдар? Олар не істеп жүр? Балалар немен ойнап жүр?

Балалар сендер қыс туралы тақпақтар білесіңдер ме? Қане, кім айтқысы келіп тұр?



























































Жарайсыңдар, балалар, сендер қыс туралы көп тақпақ біледі екенсіңдер.

Қызықты сәт.

Осы кезде әуенмен секіріп орманнан ақ қоян келеді.

Балалар, бізге қонаққа не келді?

Сәлеметсіз бе, аққоян?

Аққоян:

Сәлеметсіңдерме, балалар?Қандай әдепті балаларсыңдар. Мен сендердің дауыстарыңды естіп таланттарыңды, өнерлеріңді көрейін деп келдім. Мен сондай - ақ өзіммен бірге бірнеше тапсырмалар ала келдім. Алдымен мұқият, асықпай тыңдап алыңдар.

1-тапсырма.

Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. Ол не?

2- тапсырма.

Қораптағы пішіндерді алып санату. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Түсін сұрау.

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

3 - тапсырма.

Енді балалар мен сендердің спортқа бейімділіктеріңді де тексергім келіп тұр. Ертеңгілік жаттығуды орындату. (Құралсыз).

4- тапсырма.

Балалар, сендер барлық тапсырманы да жақсы орындап шықтыңдар, енді қыс туралы ән білесіңдер ме?

Ән: «Қыс келді».

Аққоян:

Балалар, сендер өте өнерлі, білімді екенсіңдер, енді менімен ойын ойнағыларың келе ме?

Олай болса қазір мен сендермен «Шарды ұстап ал» ойынын ойнағым келіп тұр. Кімнің епті, шапшаң екенін көрейін. (Ойынның шартын түсіндіру).

Аққоян:

Балалар, сендер ойынды да тамаша ойнайды екенсіңдер.

Тәрбиеші:

Балалар, міне аққоян келіп біздің көңілімізді көтеріп тастады. Ендеше аққоянға арнап әдемілеп сәбіздер мүсіндеп берейік. Жасалу жолын түсіндіру.Үлгі ретінде бір сәбізді мүсіндеп көрсету.









Дайын жұмыстарды себетке салып аққоянға сыйлаймыз.

Аққоян мадақтап, рахметін айтады.

Аққоян: Мынадай тамаша өнерлі, балаларға менде құр қол келген жоқпын. Сендерге арнап сыйлықтар ала келдім. Оны тәрбиеші апайларыңа беремін, топқа барып жейсіңдер. Сау болыңдар, балалар.





Балалардың жауабы.







Аруханым:

Біздің байтақ далада

Асқар тауда қалада

Биыл ғажап іс болды,

Таңғажайып қыс болды.

М.Аружан.

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне, жарысып.

Қалды артта қыр алап,

Іздерінен қар ұшып.

Асанәлі:

Сәтке қарап тұрмайсың,

Көңілді еді қыс қандай.

Шаңғыменен зырлайсың,

Қанат бітіп ұшқандай.

Нұрғанат.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар,

Жауса, жаусын ақша қар.

Ұлан.

Тағы да қыс түсті де,

Тон жамылды қырқалар.

Қайың, терек үстіне,

Қона қалды ұлпа қар.

Малика:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып - жылтыр боп жатады.











Аққоян келді.

























Шешуі: Қар.







(Қызыл, сары, жасыл)



Сергіту сәті.

Қимылмен көрсету





















Ия, білеміз.

Ән айту.







Ия, ойнағымыз келеді.







Ойынға қызыға қатысу.



















Балалар өз бетінше жұмыстанады. Мүсіндеу іскерліктері артады. Ұсақ саусақ моторикасы

дамиды. Жұмысты таза жасауға үйренеді.











Сау болыңыз, аққоян. Қоштасып кетеді.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі





Бекіту сұрағы: Бүгін бізге қонаққа не келді? Қандай жыл мезгілі туралы тақпақтар айттық? Қыстың орысшасы қалай аталады? Қардың орысшасы қалай аталады? Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз сендерге ұнады ма? Осымен бүгінгі оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.



Аққоян келді.Қыс мезгілі туралы.

Зима.

Снег.



Ия, ұнады.



Сау болыңыздар.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс мезгілі, қысқы табиғат көрінісі туралы, қысқы ойын түрлерін біледі.



Қандай түсініктерді игерді: Әдемілеп мүсіндеуді.



Меңгерген іс - әрекет дағдылары мен іскерліктері: Табиғатқа қамқорлықпен қарауды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал