7


  • Учителю
  • Ертеңгілік Тақырыбы: Айналайын Анашым

Ертеңгілік Тақырыбы: Айналайын Анашым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Айналайын анашым»

ертеңгілік сценариі

Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер, бала бақша ұжымының тәрбиешілері. Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңіздің бірі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!!!

Балаларымыздың сіздерге дайындаған «Айналайын анашым» атты ІІ кіші «Қарлығаш» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Ортаға қошеметпен ІІ кіші «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерін шақырайық.

Уа, ағайын, ағайын. Көктем келді жайнаған. Бау-бақшада бүгін той. Қош келдіңіз ағайын. Раушан гүлдер жайнаңдар. Гүлдей жайнап тұрыңдар. Құттықтаймыз сіздерді. Мерекеңмен бүгінгі.

Балалар тұрып тұрады.

Балалар бәрі бірге: Құттықтаймыз анашым, 8-ші Наурызбен!!!



Балалардың аналарға арналған тақпақтарын тамашалаңыздар.

1-бала: Дулат

Бүгінгі көктем күнінде,

Барлық адам қуанар.

Аналарды мейраммен,

Құттықтайды балалар.

2-бала: Айжан

«Жаным» дейсің мені,

Жаратушым - бір сен.

Жалғыз өзің, тегі,

Жанашырым білсең,

Айналайын ана!

3-бала: Мадина

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсем деймін шаттандырып.

4-бала: Бекарыс

Ананың біз гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз.

5-бала: Мерей

Мен айтамын тақпақ, Мамамды мақтап. Менің мамам әдемі, Менің мамам аппақ.

6-бала: Арсен

Қандай бала болмайық,

Анамызға балдаймыз.

Көтерейікші көңілін,

Ән салайық бәріміз.

Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»

7-бала: Бексұлтан

Ақ анашым, әппағым, Өзің жайлы тақпағым. Арналады сіздерге, Бар баланың тақпағы.

Балалардың тақпағын қабыл алыңыздар.

8-бала: Ерасыл Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

9-бала:Максат

Анаң болса қасында,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

10-бала:Аяна

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

11-бала: Құрмет Анам менің аппақ,

Үйретеді тақпақ.

Анам оны жаттап, Айтып берсем өзіне, Қуанады мақтап.

12-бала: Арнұр

Айналайын анашым,

Аялайсың, бағасын.

Сен үшін балалармен,

Ән шырқайық бәріміз.

Ән: «Алло» Айжан мен Дулаттың орындауында.

Жүргізуші: «Тәтті нан» ертегісінен көрініс тамашалайық.

Әже (кіреді) Міне қамырым да көтерілді, жұмсақ, дәмді, тәтті нан пісетін болды. Қамырды илейін. Арасына картоп, сәбіз салайын. Ару көктем қонаққа келгенде дәм татқызайын.

(Тәтті нан секіреді).

Әже: Ой, мынау не? Мына тәтті нан маған бірдеңе айтқысы келеді. Менің сиқырлы орамалым қайда? Орамалмен жабады.

Чуф-чуф көрінші,

Чуф-чуф тірілші.

Тәтті нан тіріледі.

Тәтті нан: Сәлеметсіз бе, Әже! мен бәрін естідім. Сіз көктем аруын күтіп отырсыз. Көңілді мереке болатын болды. Жарайды мен көктемді қарсы алайын.

Мен тәтті нанмын, Көңілденіп келемін.

(Қоян шығады алдынан). Қоян: Сәлем тәтті нан, мен сені жеймін. Тәтті нан: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін: Мен тәтті нанмын, Әжемнен қаштым. Жолда жүгіріп келемін. Көктем аруын күтемін.

Қоян: Сен дәмдісің, сонда да жеп қоямын. Тәтті нан: Балалар көмектесіңдерші, қоян неден қорқады?





Балалар: Желден қорқады.

Қане, бәріміз жел болып үрлейік. Балалар үрлейді, қоян қашып кетеді. Тәтті нан домалап кете береді, алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Сәлем тәтті нан мен сені жеймін. Бокс-бокс.

Тәтті нан: Тоқташы сен қорқытпа, Тезірек қаш орманға. Керек етсем егерде. Ұрып тастаймын сені де.

(Қасқыр қорқып кетеді) Саған не болды тәтті нан, неге мені ұрасың? Тәтті нан: Балалар қасқыр неден қорқады? Балалар: Иттен. Ендеше бәріміз итше үрейік АФ-АФ-АФ Қасқырдан құтылған тәтті нан әрі қарай домалап кетеді. Алдынан түлкі шығады. Тәтті нан: Қой мен шаршадым, әрі қарай көктем аруын іздей алмаспын., деп томарға отыра кетеді. Осы кезде түлкі келеді. Түлкі: Мен әдемі түлкішек, ән салуды ұнатқан. Ой, бұл не өзі? Тәтті нан: Не емес кім? Мен тәтті нанмын, сұлу көктемді күтуге шығып едім, жете алар емеспін.

Түлкі: Қандай дәмді нан, алақаныма отыршы. Тәтті нан: Ия, балалар бірінші алақаныма отыр, одан мұрыныма отыр, сосын бауырсақ сияқты мені аф-ф деп жеп қойғың келеді ғой. Одан қайта дос болып, аналар мерекесін бірге қарсы алайық.

Жүргізуші: Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, бірге көңіл көтеріңіз.

Ойын: «Гүлдерді тез жинау» ойынын ойнайық.

Жүргізуші: Қайырымды, қасиетті.

Ең ардақты ақ әжем. Әрбір сөзі өсиетті. Баға жетпес ақ әжем.

Балалардың әжелерге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

13-бала: Асия

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

14-бала: Асанали

Өзің мені өсірген,

Айналайын, ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, дана әжем.

15-бала: Айару

Шай қайнатып берейін,

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем!

16-бала: Заңғар Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.



17-бала: Мейіржан Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамын мен құттықтаймын.



18-бала: Тамирлан Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі. Жүргізуші: Қазір біздің жігіттерімізбен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар. Би: «Вальс»

Жүргізуші:

Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық. Аялы да, алтын нұрлы анашым. Жүрегіммен мәңгі бірге боласың, Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет. Балаларымыздың сіздерге дайындаған сыйлықтары бар, соны қабыл алыңыздар.



«Балақай» бөбекжайы КМҚК

















Тақырыбы:





Ертеңгілік Тақырыбы: Айналайын Анашым

«Қарлығаш» тобы

Тәрбиешілері: Тоқталған Б.

Кузембаева Қ.О.





Приозерск қаласы

2016ж.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал