7


  • Учителю
  • Мейірімді жүрек өзін-өзі тану сабағынан ашық сабақ

Мейірімді жүрек өзін-өзі тану сабағынан ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК



Сабақтың мақсаты: балалардың санасында махаббат әлемі мен мейірімді сезімдер ұғымдарын кеңейту; балалардың қайырымдылық сезімдерін дамыту; кiшiпейiлдiлiкке, кісілікке тәрбиелеу.

Әдістер: сұхбат, түсіндіру, ойын, жаттығу.

Құрал-жабдықтар: хрестоматия; жүрек пішіндес жұмсақ ойыншық, альбом.

Шаттық шеңбері

Балабақшам, армысың,

Сені қатты сүйемін!

Достарым, аман бармысың,

Сендерді қатты сүйемін!

Әңгімелесейік

- Сендер қалай ойлайсыңдар, суық, «мұз» жүректе махаббат өмір сүре алады ма?

- Барлық адамдардың жүректерінің орнында мұз болса не болар еді?

- Мұз жүректі еріту үшін не істейтін едіңдер?

(Балалардың ойлары.)

- Бір дана адам өзінің кітабында былай деп жазған екен: «Мейірімді жүрек бар.



Қатал жүрек бар.

Жақсы көретін жүрек бар.

Жек көретін жүрек бар.

Ыстық жүрек бар.

Суық жүрек бар.

Жомарт жүрек бар.

Сараң жүрек бар.

Адал жүрек бар.

Ақ жүрек бар.

- Адамның өзі ғана жүрегінің мейірімді немесе қатыгез болуын шеше алады.

Армандайық

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Науаи.

- Өз «жүрегіміздің үнін» естіп «армандап» көрейік. Мейірімді жүректерің не дейді?

Тәрбиешi музыка әуенi аясын Қ.Мырзаәлiнiң «Көңiл» шығармасын оқиды.

Бой сергіту

- Жүректі қуантуға да болады.

Бір, екі, үш, төрт, бес, (бір орында жүреді)

Күн шығатын келді кез. (қолдарын жоғары көтереді)

Күн сәулесі төгілді, (қолдарын екі жаққа созады)

Балалар тұрды көңілді. (бір орында секіреді)

Алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, (бір орында жүреді)

Қарайды күн бiзге оң. (бір орында секіреді)

Біз ержетіп ертерек, (тізе бүгіп отырады)

Мектепке кеттiк ертелеп. (бір орында жүреді)

Жаттығу
«Жүректі жұбату»

- Балалар менің қолыма қараңдаршы. Бұл не? (Тәрбиеші балаларға жұмсақ ойыншықты көрсетеді.) Кішкентай «жүрек». Ол жылап тұрған тәрізді (құлағына тосады).

- Саған не болды, Кішкентай «жүрек»? Менің құлағыма айтшы. (Тәрбиеші ойыншықты құлағына жақындатады).

- Балалар! Кішкентай «жүрек» адасып кетіпті. Ол үйiнiң қайда екенін білмейдi. Ең аяныштысы - ол махаббаттың не екенін білмейді екен, оның ешкiмi жоқ екен. Қандай аянышты. Не істейміз, Кішкентай «жүрекке» қалай көмектесеміз?

(Балалардың ойлары.)

-Әрқайсың Кішкентай «жүректі» аялы сөздермен жұбатып көріңдершi.

(Балалар ойыншықты шеңбер бойымен бір-біріне береді.)

- Жылама, Кішкентай «жүрек», мұңайма. Сен енді жалғыз емессің. Бізбен бірге қал. Біздің топта өмір сүр, бізді қуантып жүр. Ал біз сені жақсы көріп, қуантатын боламыз.

Өзіңмен өзің

Тәрбиеші балаларға қолдарын жүректерінің тұсына қойып, оның дүрсілін тыңдауды ұсынады.

- Өзіміздің жүрегімізді тыңдайық. Үндемей ойланайық...

Тәрбиеші өзі де жүрегінің тұсына қолын қояды.

- Менің жүрегімде махаббат өмір сүреді. Сендердің жүректеріңде де махаббат бар деп ойлаймын. Тек мейірімді, ашық жүрегі бар адам ғана кішіпейіл және қайырымды бола алады.

«Жүректен жүрекке» шеңбері

- Қолымыздан ұстап, жалғыз емес екенімізді сезінейік. Мен сендерге мынадай тілек айтамын:



Махаббатқа толып жүректер,

Орындала берсін тілектер!

Махаббат оты жалынды,

Жылытсын бәрін, бәріңді!



- Естеріңде болсын, махаббат сөздері мен істері кез-келген мұз жүректі еріте алады!

Шығармашылық тапсырма

- Альбомдағы бетті мұқият қара. Өзіңе ұнайтындай етіп жүректі боя, суретшінің көмегін падалануға немесе аппликация жасауға болады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал