- Учителю
- Ашық сабақ.Тақырыбы: Үй жануарлары Жалын тобы
Ашық сабақ.Тақырыбы: Үй жануарлары Жалын тобы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ
САРЫБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ МДШО КММ
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Үй жануарлары
«Ақбота» шағын орталығы «Жалын» тобы
А.Ж.Жумадилова
2016 ж
«Бекітемін»
Мектеп директоры С.Ж.Имуханбетова
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Үй жануарлары
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
-
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
-
Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (үйрек - үйректер - үйректің балапаны; түйе - түйелер - бота - боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.
-
Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: балалардың көңілін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері: «Жылы сөздер»
Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрып,өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады.
Мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
-Қарғаның түсі қара болады. Бірақ қарға өз баласын «аппағым» деп еркелетеді екен. Ал кірпінің үсті тікенек болады. Бірақ кірпі баласын «жұмсағым» дейді екен. Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады.
Үй жануарлары жайлы түсіндіру.
</ -Үй жануарлары қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, жылқы, қой - ешкі, есек, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Үй жануарларын адамдар күтіп - баптайды. Олардың қорегі шөп, жем.
Дидактикалық ойын: «Адасқан төлдердің анасын тап»
Ойын шарты: Адасып қалған төлдердің аналарын тауып беру.
Балалар ойын шартын мұқият тыңдап, адасып қалған төлдердің аналарын тауып береді.
Жекеше және көпше айтуды үйрету.
Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, 1 қой, 1 жылқының суреттерін іліп балаларға жекеше түрін айтқызу. Осы суреттердің жанына жануарлардың суреттерін қосып, көпше түрлерін айтқызу.
Сергіту сәті: Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз -
Мойнымызды бұрамыз,
Аяқтармен топ - топ басып,
Орнымызға барамыз.
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!
-
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
-
Қай тай лақтай?
Қай лақ бармақтай?
Оқу іс - әрекетін қорыту: Сабақ туралы әр баладан өз ойын сұрау, барлық балалардың сөйлеуіне мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жекеше және көпше түрде айтуды
Игереді: мақал - мәтелдің мағынасын
Меңгереді: жануарлардың төлдерін ажырата біледі