7


  • Учителю
  • Технологическая карта на тему: Көңілді аққалалар Шығармашылық Сурет салу

Технологическая карта на тему: Көңілді аққалалар Шығармашылық Сурет салу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тексерген»

Оқу ісінің меңгерушісі _____________ Рамазанова Г.С.

Технологиялық карта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Балапан» тобында

Тәрбиеші: Жуманова А.Б.

Күні,айы,жылы: 08.01.2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу

Тақырыбы: «Көңілді аққалалар»

Мақсаты : Аққала суретін салу үшін суық түстерді - көгілдір, қара көкті таңдап алу қажеттілігін үйрету. Қылқаламды әртүрлі - қатты, ақырын басып, жуан, жіңішке із түсіру, дөңгелекті үзіліссіз салуға жаттықтыру, балардың көзбен мөлшерлеуін, байқампаздығын дамыту.

Алдын-ала жасалатын жұмыс : сергіту сәттін сөзін жаттату, қыс мезгілінің суретін дайындап қою.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,сурет салу әдісін үйрету,ойын ойнату.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Аққала суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: Аққала, шырша, сурет дәптері,гуашь бояулары, қылқалам, су, сүлгі.

Билингвальді компонент: аққала-снеговик,қыс-зима.Қызығушылығын

ояту кезеңі

«Аққаланы құрастыр!» ойынын ұйымдастырамын.

Сұрақтарға толық жауап береді.



Іздену

ұйымдастыру

-«Қыс мезгілі» туралы әңгіме жүргіземін. Балалардан толық жауап аламын, сөйлем құрап сөйлетемін, дыбыстарды анық айтуларын қадағалаймын. Дұрыс айтпаса өзім айтып, балаға қайталатамын.

Сергіту сәті:

Домалатып ақ қарды,

Ұлпа қарлар жинаймыз.

Үлкен, кіші, орташа,

Дөңгелектеп құраймыз.

Мұрнын жасап сәбізбен,

Баскиімін - шелектен.

Көңілденіп, секіріп,

Аққаланы жасаймыз.



Балаларға осы аққаланың суретін әдемі етін салуды ұсынамын.

Ол үшін бізге ақ немесе көгілдір түсті бояулар керек.

Аққала үш бөліктен тұратынын, бірінен-бірі үлкен дөңгелек пішінді жұмыр қарлардан болатынын көрсетемін. Суретін салғанда шеткі сызықтарын анық басып, сызып салу керектігін көрсетемін. Бояуды дөңгелектің бойымен домалата бояуға үйретемін. Аққаланың бейнесі жақсы көрінуі үшін басына шелек суретін салуды, мұрны сәбізден бола алатынын ескертемін. Соңынан қарды көгілдір қарындашпен сызып салуға болады.

«Тұра және кері сана» дидактикалық ойыны.

- Айналаны, шыршаларды аппақ қар басқан, далада қар жауып тұр. Балалар аққала жасап жүр.

Технологическая карта на тему: Көңілді аққалалар Шығармашылық Сурет салу











Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Технологическая карта на тему: Көңілді аққалалар Шығармашылық Сурет салу











Дөңгелекті үзіліссіз сызып салады.

Үлкен, орташа, кішкентай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін ұқыпты орналастырады. Қылқаламды әртүрлі басып: қатты, ақырын, жуан, жіңішке із түсіреді, мұрнын үшбұрыш, шелегін төртбұрыш етіп жасайды.













Рефлексивті қорытындылау



Балалар, Жаңа жыл мерекесі қай жыл мезгілінде болады?

Қыста қандай ойын ойнайсындар?

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытамын, белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтаймын.

Далаға барып «Аққала жасау» ойынын ойнауды ұсынамын.

Жақсы жасаған Аққаларды балалар өздері атап айтады.





Күтілетін нәтиже:



Біледі: суық түстерді ажырата білуді.

Игереді: Аққаланың суретін салуды.

Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай қылқаламды алмай сызуды, бояуды.

да,берілген тапсырманы меңгереді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал