- Учителю
- Статья на тему: Жас баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы
Статья на тему: Жас баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы
</ «Жас баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы.»
Кабиева Назымгуль Тлеубековна
«Қызғалдақ» балабақшасы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылы
«Логикалық ойлау» дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Баланы алғашқы күнінен бастап қоршап тұрғанның барлығы оның дамуына үлкен маңызды орын алады.Анасының мейірімді дауысы, жаңа сөздер, кішкентайларға арналған тақпақтар және балалар әндері, дене жаттығулары және қимылды ойындар- міне осылар баланың ары қарай дұрыс өсуіне және дамуына септігін тигізетін нәрселер. М. Жұмабаев «Ойлау - жанның өте бір қиын терең ісі. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген екен.Логика, есте сақтау және зейін- бұлар мектеп жасындағы баламен қарым қатынастың негізгі құрамды бөлігі деп санау қате пікір.Бұл аталған дағдылар мен біліктерді балалар 6 жасқа толғанша дамыту қажет, нақтырақ айтсақ -бала дүниеге келген сәттен бастап. 3-5 жас бұл «неге?» сұрағы жасы. Бұл жастағы бала сізге күніні 100 рет «неге» деп сұрай береді.Бұл жаста бала айналаны танып білуге құштар болады, қызығушылықпен танып біледі.Сондықтан да балақайдың 100 рет «нег» деген сұрағына жауап беруден жалықпаңыз. Керісінше өзіңіздің тәрбиеленушіңізге оқып беріңіз, сонда алдыңызда отырған баланың ақылды екендігіне және үнемі оқуға ынтызар екендігіне көзіізді жеткізесіз.Сонымен қатар ересекпен қарым қатынасқа түсу барысында баланың логикасы дамиды, келешекте қажет болатын аса қиын емес нәрселердің шешімін табады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың интеллектуалды қабілетінің әсерлі дамуы- жаңа замандағы өзекті мәселелердің бірі.Ойлау қабілеті дамыған балабақша балалары оқу материалын жылдам есте сақтайды, өз күштеріне сенімдірек, жаңа жағдайға жылдам бейімделгіш,мектепке дайындығы өте жақсы болады.Оқытудың инновациялық әдіс тәсілдерін МДМ оқу үрдісіне енгіздіре отырып, сабақ баланың психикалық дамуын жетілдіріп отыруы қажет екендігін естен шығармаған дұрыс.Балалардың қабылдауын, зейінін, есте сақтау мүмкіндігін, ойлау қабілетін, тілдік қабілеттерін және қимыл қозғалыс белсенділігін,бір сөзбен айтсақ, барлық психикалық қызметтерді және жеке қасиеттерді арттыруы қажет.Бұлардың барлығы бағдарламаны жетік меңгерудің негізінде жатқан қасиеттер.Баланың ойлау әрекетін қалыптастырудың, оның интеллектісінің дамуының маңызды құралы -ойын болып табылады. Мектепке дейінгі педагогикада көптеген түрлі материалдар бар: балалардың интеллектуалды дамуын қамтамасыз ететін әдістер, технологиялар, олар: Дьенештің логикалық блогтары, Кюизенердің таяқшалары және Воскобовичтің ойындары және өзге де басқатырғыштар.
Бұл ойындардың негізгі міндеті-кішкентай адамның дамуы, оның бойында бар және анықталған қасиеттердің түзетілуі , оны шығармашылық, ізденіс әрекетіне айналдыру.Бір жағынан еліктеуге мүмкіндік беріледі, ал екінші жағынан- қиялдауға және жеке шығармашылығына алаңқай беріледі. Осындай ойындардың арқасында балада барлық психикалық қызметтер дамиды, ойлау операциялары, құрастыруға үлгілер жасау қабілеттері дамиды, математикалық ұғымдары қалыптасады.Бастапқы сатыдағы кезең баладада іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, балалардың танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді.
«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балалардың белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
-
Қызығушылығын арттыру;
-
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
-
Шығармашылық ізденісін дамыту.
Логика- біздің ойлау әрекетіміздің ең маңызды жарты шары. Ол ойымызды дұрыс тізбектеуге, болып жатқандар туралы ойлауға көмектеседі, көптеген жағдайлар мен құбылыстарды түсіндіреді. Ойын баланың логикасының дамуында еш нәрсеге айырбастауға келмейтін көмекші.Ойын кезінде танылғанның барлығы есте оңай сақталынады емес пе.Кез келген жерде ойнай беруге болады: үйде, көшеде, жолда да.Логиканы дамытатын ойын түрлері өте көп. Ең ішкентайлар үшін «Әрі қарай қалай?» ойыны жақсы келеді.Мысалы, сіз балаға «Ит үреді, ал мысық...» деген фразаны айтасыз немесе «Күн таңертең шығады, ал кешке...» дейсіз.Бала сіздің айтқан ойыңызды аяқтауы қажет.Бала сәл скен соң рольдеріңібен ауысуға болады. Бала осындай сөз тіркестерін өзі ойластырсын ал, сіз жалғастырасыз.Бұл ойын арқылы сіз балада тез ойлауын, елестетуін және тапқырлығын дамытасыз. Мысалы серуен кезінде қолыңызға геомериялық пішіндер ала кетіңіз.(төртбұрыш, шеңбер, үшбұрыш, тік тртбұрыш). Баладан айналасын қоршаған ортасын осы пішіндерге ұқсас заттарды табуды сұраңыз.Бақшаның саяжайынан, ауласынан, тіпті саяжайға бара жатқан жолда да.Бұл да балалардың логикалық ойлауын дамытады.
Санау дағдыларын дамыту үшін күнделікті өмірде баланың көңілін стол үстінде жатқан заттарға аударыңыз, терезенің алдында екі гүл бар, бір столда екі қасық жатыр.Ағашта бір торғай қонып отыр.Осылайша сіз бала бойына математика негіздерін қалайсыз.Бұл біліктер бала мектепке бармай жатып ақ ойша қосуға санауға үйретеді.Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:
-
Машық. Сергіту;
-
балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
-
Іздену тапсырмаларын орындату;
-
балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);
2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).
Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да балаларды логикалық ойлауға бағыттайды. Бала психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынандай жолдармен дамиды:
-
Ақыл-ой әрекеті үстінде;
-
Білімді меңгеру;
-
Тіл үйрену;
-
Жылдам есептеу.
Ой процесінің негізгі формалары
1 .Ұғым 3. Индуктивті ой қорытындысы
2. Пікір 4. Дедуктивті ой қорытындысы.
Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:
-
Затты әрекеттік.
-
Көрнекі-бейнелі.
-
Сөздік логикалы.
Логикалық ойлау балаларды тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді. Балабақшада ересек даярлық топ балаларының логикалық ойлау мүмкіндіктерін шыңдау мақсатында
К. Йерасектің болашақ оқушының мектепке дайындығын бағдарлау тестісінің ауызша сұрақтарын қолдануға болады.
1. Жануардың қайсысы үлкен - жылқы ма, ит пе?
Жылқы 0 ұпай, қате жауап = -5 ұпай
2. Күндіз жарық па, әлде түнде...
Қараңғы - 0 ұпай, қате жауап =-4 ұпай
3. Аспан көк, шөп...
Жасыл =0 ұпай, қате жауап= -4 ұпай
Сонымен қатар В.С. Мерлиннің әдістемесі бойынша логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесінен тапсырмалар алуға болады. «Артық сөзді алып тастау» әдістемесі бойынша баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Әдістеме 4 сөзден тұратын 15 сериядан құралған. «Артық сөзді алып тастау» .Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссек, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.
Осындай тапсырмалар орындау барысында балаларда субъектілік алғы шарты туындайды:
-
Танымдық қызығушылығы артады;
-
Ой-өрісі дамиды;
-
Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.
Қорытындылай келе мынандай сызба-нұсқаны ұсынамын:
Ересек топ балаларының ойлау белсенділігінің даму деңгейінің көрсеткіші.
Дамытушы міндеттер
Балалардың жетістігі
1 Танымдық үрдістің , ойлау операцияларының дамуы
Балалар аса көп заттарға қатысты операциялар жүргізуге,( салыстыру,бөлшектерге бөлу, топтастыру, абстрактылау), заттардың қасиетін аша отырып мұқият тыңдуға және жеңіл тапсырмаларды шешугеқабілетті.
2Нысандардың қасиеттерін ажырата алу білігінің дамуы, оларды атай алуы, болмаған жағдайда саналы түрде анықтап көрсете алуы
Балалар заттарды қасиеттеріне қарап жалпылауға (бір, екі, үш),заттардың ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіре алады, өздерінің ойларын дәйектей алады, геометриялық пішіндерді жүйелейді және топтастырады.
3Балаларда кеңістікті бағдарлау түсінігінің дамуы"up>
Балалар заттардың контурын жүргізеді, контурдың ішінде сызбалар жүргізеді, бір парақ қағаз бетінде бағдарлайды, жоғарыдан төмен қарай жұмыс жасайды, тегіс бетте солдан оңға қарай және кеңістікте жоспарды пайдаланып жұмыс жасай алады.
4 Шығармашылық қабілеттерінің дамуы
Балалар тамаша қиялдайды, үлгілер жасайды, құрастырады. Блоктарды қолданып заттардың бейнелерін құрастырады.
5 Тілдік әрекетке байланысты психикалық қызметтердің дамуы
( монологты сөйлеудің дамуы)
Балалар өздерінің әрекетін түсіндіре алады, өз әрекеттеріне анализ жасайды, өзінің қабілеттеріне талдау жасай алады.
Балалар өз ойларын және пікірлерін нақты және анық тілмен нақты да дәл айта алады.
Тыңдайды және өзгені тыңдауды үйренеді.
Балалардың интеллектуалды даму деңгейі жоғары, орташа және орташадан төмен деңгейлерге бағаланады. Диагностиканы жүргізу үшін балалардың әртүрлі әрекет үстіндегі сәтін, әңгімелесу кезіндегі, ойын тапсырмалары кезіндегі әрекеттерін бақылау қажет. Бала өзін тексеріп жатқандығын, даму деңгейін анықтап жатқандығын сезбеуі керек. Диагностикалық тапсырмалар балада ойнауға деген ниетпен,тек қана ересекпен қарым қатынасқа түсу қуанышын ғана тудыруы қажет.