- Учителю
- Сабақтың тақырыбы «Жігіттер сұлтаны»
Сабақтың тақырыбы «Жігіттер сұлтаны»
Тақырыбы: «Жігіттер сұлтаны»
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Ата жолын жалғайық
Ел дәстүрін қолдамақ
Жігіттер шықты ортаға,
Бүгін «сұлтан» атанбақ! Деп жігіттерді ортаға шақырамыз. Сөз «Ақбота»балабақшасының директоры Бердібаева Сания Ретханқызына беріледі.
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныстыру.Сайыс түрімен таныстыру.
1.Өзін таныстыру. «Сегіз қырлы, бір сырлы»
2.Сұрақ жауап. «Тапқырлық, білгірлік,білімділер»
3.Спорттық өнер көрсету.
4.Сән үлгісі. «Әсемдік жігітке де жарасады»
Жүргізуші:Айбат алған ұлан бол,
Халқың сүйген сұлтан бол.
Бүгінгі мынау сынақта
Тұғырдан таймас қыран бол дей. Отырып ұландарымызға сәттілік тілейміз.
«Таныстыру»
Бірінші сұлтан:Орынбасар Бекжан
Армысыңдар халайық
Амандасып алайын
Сәлем сөзді қабыл ал,
Бекжан атты балаңның
Таныстырып өтейінші өзімді
Мақтан тұтам Беріш деген тегімді
Ұлымын Кенжебектей әкемнің
Кім танымас Айнұр атты анамды
Нағашылар Қосай атты ауылдан
Нұрдәулетпен ағам Ернар бауырдан
Еркелеймін Тазагүлдей әжеме
Мен осылай жарыламын ағымнан
Екінші сұлтан: Доғдырбай Ерасыл.
Қош келдіңіздер! Ағайын алдыңызға
Иіліп сәлем берем баршаңызға
«Көгершін» тобы қатысуға
Келіп тұрмын ортаңызға
Мен өзімді таныстырып өтейін
Руым Ескелді, нағашым Бектемістің жарысы
Доғдырбайдай әкем бар асқар тауым
Әлиядай анам бар саябағым
Әкем мен анамның ең кенжесімін еркелеген
Доғдырбайұлы Ерасыл мен боламын
Бүгінгі жігіттердің сайысында
Намысты қолдан бермей жарысайық
Жүргізуші: Әділқазы алқасынан бірінші сайыстың бағасын сұрау.
ІІ сайыс. «Тапқырлық, білгірлер, білімділер»
Сұлтандар конверт таңдап ішіндегі екі сұраққа жауап береді.
1 ші сұлтан: Орынбасар Бекжан.
Жеңіс күні қай күн? 9мамыр
Қазір қай мезгіл? Көктем
2-ші сұлтан: Доғдырбай Ерасыл.
Төрт түлікті ата? Жылқы, түйе, қой, ешкі, сиыр,
Еліміздің астанасы қай қала? Астана.
ІІІ сайыс.
Спорттық өнер көрсету.
4 сайыс «Мен кішкентай ақынмын»
Орынбасар Бекжан.
Каратэден шаралар көрсетті.
Доғдырбай Ерасыл.
Өтірік өлең.
Қоян алдап түлкіні
Жолға тастап кетіпті
Қорланып ол жылапты
Аю келіп жұбатты.
Нан кірді де, түсіме
Қарным ашып, дәрі іштім
Ғаламшардың күшімен
Өз өзіммен таныстым.
5. сайыс. «Әсемдік жігітке де жарасады» деген атпен өтетін сән үлгісі.
Ұландармыз сән үлгісіне киініп келгенше «Балдырған » тобының қыздарының «Қамажай» биін тамашалаңыздар.
Музыка ырғағымен ұландарымыз әр түрлі жүрісте арқылы киімдерін көрсетті.
Жүргізуші: Уа, жігіттер жігіттер
Бар өнерді салыңдар
«Сұлтан» атын лайықтап
Біреудің жеңіп алыңдар
Қымбатты қонақтар,ата аналар!Осымен жігіттерге қойылған талаптарымыз аяқталып келеді. Біз соңғы сайысымыздың қортындысын сұрай отырып,әділқазылар алқасынан бүгінгі «Ақбота»сұлтанын анықталуыңызды сұраймын. Әділқазы төреағасы сайысты қортындылап, әр балаға тоұтала отырып,сайыс жеңілпаздарын хабарлайды.Алған орындары бойынша жүлделерін үлестірледі.