- Учителю
- Гүл салынған құмыра Мектепалды даярлық сынып
Гүл салынған құмыра Мектепалды даярлық сынып
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Жапсыру.
Сабақтың тақырыбы: Гүл салынған ваза
Мақсаты: қағазды бірнеше бүктеу арқылы қию әдісіне жаттықтыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту, математикалық ұғымдарын бекіту, сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, қайшы, желім, құмырадағы гүл, әже (қуыршақ).
Сөздік жұмыс: күлте.
Билингвальды компонент: гүл - цветок, құмыра - ваза.Іс-әрекет қозғаушылық
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
«Тілек шоғы» жылулық шеңбері.
Педагог әр баланың қолына бір-бір гүлден таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады. Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы» болып, педагогтің өзіне оралады.
Кімде-кім жақсы тілек айтса, жақсы тілек айтса, сол үлкен жақсылыққа айналып өзіңе қайтады.
Балалар жылулық шеңберін құрып, айналып жүреді.
Бала педагог ұсынған гүлін өзінің гүлімен қосып келесі балаға береді.
Ұйымдастыру - іздестіру
Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі.
Тосын сәт:
Кенет есік қағылады.
Педагог:
-Балалар, біреу есік қағып тұр, кім келді екен?
Қолында гүлі бар әже кіреді.
Әжей:
-Бүгін менің немерем Әселдің туған күні,-дейді.
Педагог әжей әкелген гүлшоқты құмыраға салып қояды.
-Енді сіз біздің балалардың өнерін көріңіз.
-Балалалар, Әселге арнап осындай құмырадағы гүлді жапсырып дайындық.
Билингвальды компонент: гүл - цветок, құмыра - ваза.
26-бет, 10-шы үлгіге қарау.
Құмырадағы гүл туралы әңгіимелеу. Алдымен педагог балалрға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды, содан соң гүлдерді жапсыру техникасын көрсетіп, түсіндіреді.
-Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін қиямыз.
Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
-Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату.
-Құмырада неше гүл бар?
-Күлтелерін снап көрейік?
-Сабағын санайық?
-Жапырағы нешеу екен?
Балалар өздері білетін бақша гүлдерінің атын айтады.
Балалар әжеймен амандасады.
«Гүл - цветок, құмыра - ваза» сөздерін қайталайды.
Балалар әңгімеге белсенді араласып отырады. Бәрі мұқият тыңдайды.
Балалар 28-беттегі 10.2-үлгімен жұмыс істейді.
Балалар өлең ырғағымен қимыл-қозғалыстар жасайды.
Қиып алған бөліктерін 27-беттегі сюжетті суретке жапсырады.
Балалар санайды.
-3 гүл бар.
-1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
-1, 2, 3.
-1, 2, 3, 4, 5, 6.
Рефлексті -түзетушілік
-Балалар, осы дайындаған гүлімізді Әселге сыйлаймыз. Әже, қараңызшы, біздің балалар қандай әдемі гүлдер жасады.
Әже педагогпен бірге балаларды мадақтайды.
Әже балалармен қошатасады.
Балалар бір-бірінің жұмыстарын жасаған өз білгендерінше бағалайды.
Әжемен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Гүлді үлгі бойынша жапсырады;
Қандай түсініктерді игерді: Туған күніне сыйлық жасау керектігін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: затқа қарап жапсыру дағдысын.