7


  • Учителю
  • “Ханталапай ” ұлттық асық ойыны.

“Ханталапай ” ұлттық асық ойыны.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: “Ханталапай ” ұлттық асық ойыны. Мақсаты: Ұрпақтан-ұрпаққа рухани құнды қазынадай мирас болып қалған халықтың салт- дәстүрлері мен мәдениетін ата-бабаларымыздың бай мұрасын құрметтей білуге, балалардың өз халқына,ұлтына салт-дәстүріне құрметпен қарауға баулу. Инабат- т
предварительный просмотр материала

Карманов жалпы орта білім беретін мектеп- балабақшасы

















«Ханталапай» ұлттық асық ойын байқауы.

(5-6 жас балалар арасында оздырылған сайыс)

























































МАД жетекшісі: Тлеккабулова.Г.Ғ

















2015-2016 оқу жылы.

"Ханталапай " ұлттық асық ойыны.





Мақсаты: Ұрпақтан-ұрпаққа рухани құнды қазынадай мирас болып қалған халықтың салт-

дәстүрлері мен мәдениетін ата-бабаларымыздың бай мұрасын құрметтей білуге,

балалардың өз халқына,ұлтына салт-дәстүріне құрметпен қарауға баулу. Инабат-

тылыққа, ептілікке , тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: топтық сайыс.

Заттық дамыту ортасы: Қамшы,киіз үй жабдықтары,қоржын,асық,ұлттық киімдер,бесік

жабдықтары, оюлы текемет, сырмақ, алаша.

Ұлттық салт-дәстүрді ұрпаққа өнеге ете отырып "Ханталапай"ұлттық асық ойыны ашық деп жариялаймыз!

Мектепалды даярлықтың кішкентай бөбектерін қазақтың ұлттық асық ойыны "Ханталапайға" шақырамыз!

Сайысымызды бастау үшін құттықтау сөз мектеп-балабақша директоры:Танзенов Жұпмағамбет Танзенұлына беріледі.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: Әділқазылар алқасының төрайымы мектеп-балабақша тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары: Сапашева Дания Дүйсекенқызы.

Мүшелері:Ата-аналар комитетінің төрайымы ардагер ұстаз: Марданова Гүлбар Дайырқызы.

Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі : Жалмұханов Самат Түсіпқалиұлы.

Мектеп- балабақша әдіскері: Төлегенова Аймыгүл Құрманғалиқызы.

Жүргізуші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Ханталапай ұлттық асық ойнына!

Ойынды ұйымдастыруға бөлінетін уақыт-5мин:

- ойын ережесімен таныстыру;

-балаларды асықтармен таныстыру; (суреттерін көрсету арқылы)

-қой млының асықтарымен ойналады;

-асықтар ұлттық оюмен өрнектелген қоржынға салынады;

-"Алғырлар"және "Зеректер" тобы болып екіге бөліну;

1-топ "Алғырлар";

2-топ "Зеректер";

Бір топтан (2) баладан шығады.Әр бала қоржынынан (5) асықтан тігіп ойынға қатысады.Балалар "Хан" асығы қолына тиген бала, алғашқы болып ойынды бастайды.асықтарды атады.(5) асық ұтқан бала "Хан" алады.Тигізе алмай қалған бала, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді.Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады.Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз тобындағы асығы көп балаға береді.Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса,тобындағы балалардың жауап беруіне болады.Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды.

Ережесі ойын кезінде:

1.Қозғалуға , сөйлеуге болмайды;

2.асық қимылы болса ойналмайды;

3.Ату кезінде басқа асыққа қате тисе ойналмайды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал