7


  • Учителю
  • Ертеңгілік:Ақ жарқын -жан анам

Ертеңгілік:Ақ жарқын -жан анам

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ақ жарқын-жан анам

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру

-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру

-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру

-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу



.Тәрбиеші:Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар,

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Бүгінгі «Ақ жарқын-жан анам» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Анашым анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам -деп балаларыңыз сіздерге бүгінгі лебіздерін ән-бимен жеткізбекші.

Олай болса келесі кезекті бүлдіршіндерімізге берейік.

Ортаға бүлдіршіндер гүлдерімен биге шығады.

Хор:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті әже -аналар!

Балалар жеке аналарына тілек айтып гүлдерін ана ,әжелеріне табыс етеді.

Қандай бала болмайық,

Анамызға балдаймыз,

Көтерейікші көңілін

Ән салайық бәріміз,-деп келесі кезекті әнге берейік.

Ән: «Құтықтаймын мама, туған күніңмен!»

Тақпақтар

Әр сөзімді сақтаған

Жүрегіме жаттаған Диас

Анашым деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек Адина

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет

Аналарды сүйеміз Сұлтанбейбарыс

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың. Нұрсұлу

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде,

шын сағынып қаласың.

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем. Жұлдыз

Жердегібар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен Елдос

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам барма екен

Баланың да тірегі

Даланың да тірегі Данияр

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Ән: Ақ мамам хор

Енді кезекті қызықты ойынға берейік.Балалар сендерді мектепке киіндіріп,құралдарыңды түгендеп жіберетін кім?

-Ия ана-әжелеріміз екен.Олай болса «Сөмке жинау» ойынын анасы мен баласына ойнатып жіберейік.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,



Бишілер билеп кетті тербетіле.



Аққудай қалықтаған теңіздегі,



Бишілер өнерлерін көрсетуде,деп келесі кезекті Қояндар биіне берейік.



Бүгін біздің сыныптағы қыздардың мерекесі болғандықтан қыздарымыздың қол шеберлігін тексеру үшін,»Моншақ тізу » ойынын ойнатқым келіп тұр.



Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.



Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,



Сіздер үшін мереке шашулары,- биді қарсы алыңыздар

Вальс

Ән:Достар

Ойын:»Гүл беру» музыка әуенімен

Би Стирка

Ән:Мамочка милая..

8 наурызға арналған тілек видео көрсету

Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарына.

Салтанатты кешіміз аяқталды,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,-дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

</<font face="Times New Roman, serif">аналарына сыйлықтарын табыс ету.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал