7


  • Учителю
  • Қадыр Мырза Әли Досымды өкпелеттім

Қадыр Мырза Әли Досымды өкпелеттім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Досымды өкпелеттім» Қадыр Мырза Әли

Мақсаты: Құрдастарымен ара-қатынастың ережелерін сақтауға үйрету. Ойында және ара-қатынаста сыпайылықты көрсете алуға көмектесу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелеу,көрсету,ойын,сұрақ-жауап

Жаңа сөз: Өкпелету, ренжіту.

Билингвалды компонент: Дос - друг

Өкпелету - обидеть

Мотивациялық қозғаушы









































Мотивациялық

қозғаушы

Таңертеңгі жиын

«Сәлем!» - дедік күнге біз,

«Сәлем!»-дедік жерге біз.

Сәлемдесіп достармен,

Бірге ойнап, бір күлген.

-Жарайсыңдар балалар, сәлемдесіп болсақ орнымызға жайғасайық.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қанеки қыс сөзін орыс және ағылшын тілінде қалай айтады екен?

-Жарайсыңдар балалар,енді айтыңдаршы қыс мезгілінің басқа мезгілдерден қандай ерекшелігі бар?

-Дұрыс айтасыңдар, қар жауып, күн суытады.

-Қыс мезгілі жайында кім өлең шумақтарын айтады?

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз достық жайында болмақ.

-Ал достық дегеніміз не, балалар?

-Достарымызды ренжітуге болады ма?

-Балалар,осы достыққа байланысты қандай ертегілерді білесіңдер?

-Балалар бүгін «Үйшік» ертегісін еске түсірейік. Мен ертегіні айтып отырамын, ал сендер кейіпкерлерді тауып кілемшеге жапсырасыңдар, жарайды ма?(Ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді тауып қойып шығады)

-Балалар, көрдіңдер ме, аңдардың арасында да достық болады екен.

-Ал,балалар достық жайында қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1) Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.

2)Аққуды атпаймыз, достықты сатпаймыз.

3) Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

-Қалай ойлайсыңдар жалғыз ойнаған көңілді ме, әлде достармен бірге ойнаған көңілді ме?

-Оны білу үшін, Қадыр Мырза Әли аталарыңның өлеңімен танысамыз.Қадыр Мырза Әли 1935 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Атамыздың көптеген өлеңдері бар, бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде «Досымды өкпелеттім» өлеңімен танысамыз.

-Балалар, өлең не жайында екен?

-Не себепті досын ренжітіп алды?

-Достарымызды ренжітуге болады ма?

-Балалар, менің электронды почтама хат келген сияқты,қане көрейікші кімнен екенін.

-Балалар, бұл «Балауса» тобындағы Санжардан келген екен. Қанеки Санжардың не жібергенін көрейік. (Санжар досын ренжітіп алады. Балалардан досымен қайта бірге ойнау үшін не істеу керектігін сұрайды)

-Балалар, Санжарға көмектесе аламыз ба, қалай ойлайсыңдар?

-Санжардың досын ренжіткені дұрыспа?

-Санжар досынан не сұрау керек?

-Балалар енді жұмыс үстеліне барып, көлік құрастырып берейік.(Балалардың жұмысы)

-Жарайсыңдар балалар, құрастырған көлігіміз досымызға ұнайды деген ойдамын. Енді ортаға жиналып сергіту жаттығуын жасайық.

Мен досыма қарап алдым,

Қолға қағаз, қалам алдым.

Дөңгелетіп басын салдым,

Екі сызып шашын салдым.

Ұқсатқан жөн түрін енді,

Міне мынау мұрын еді.

Салынды езу, құлағы енді,

Күлімсіреп шыға келді.

Ең соңынан көзін салдым,

Айнымаған өзін салдым.

-Жарайсыңдар, балалар орындарыңа жайғаса қойыңдар.

-Балалар, біз қандай оқу іс-әрекетін өттік?

-Қандай өлеңмен таныстық?

-Досты ренжітуге болады ма екен?

-Қанеки кім бүгінгі өлеңді айтып береді?

-Ал, енді осы өлеңді ортаға екі бала шығып сахналап берсіңдерші.

-Жарайсыңдар, балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы араласып, қатысып отырдыңдар.Сендерге көп рахмет.







Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Достықты қадірлей білуді;

Не үйренді: Воскобович ойындарын ойнауды;

Не білді: Кешірім сұрауды, кешірімді болуды;



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал