- Учителю
- Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
Технологиялық карталары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр.
Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуіне ықпал ету, қоршаған ортаға -үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір-бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сурет дәптері, төмпешіктер салынған тіс пастасы, таяқшалар.Балаларды терезенің алдына шақырып, даладағы жауып тұрған қарды бақылауды ұсынады. Содан соң орындарына отырып, суреттерге көңіл бөлуді сұрайды.
Суретте не көргендерін, айнала қоршаған ортада жыл мезгіліне байланысты болып жатқан өзгерістер жайында әңгімелеседі.
-
Қар қандай болады? Қай мезгілде жауады?
-
Қысқы орман көріністерін көрсетеді.
Сөздік жұмыс жүргізеді.
Терезенің алдына келіп, бір-біріне бөгет болмайтындай тұрып, жауып тұрған қарды бақылайды. Өз ойларын айтады. Қыс мезнгілінде қар жауады, күн суытады. Сөздік жұмысында «жеңіл», «үлпілдеген», деген сөздерді қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балаларға үлгі сурет салынған дәптерлер таратады. Сол дәптерлеріне алғашқы жауып тұрған қарды сүйкеп жағу тәсілімен салғызады. Бұлттардан жапалақтап жауып келе жатқан қарды қылқаламмен, жердегі жатқан қарды тіс пастасымен салу жолдарын түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.
Бір-біріне бөгет жасамайтындай орналасып, таяқшаларын тіс пастасына ақырындап малып, қағаз бетіне сүйкеп жағу арқылы қардың суретін салады. Төмпешіктеріне қардың суретін нүкте тәрізді жағып үйіп қояды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалардың аяқтаған суреттерін тақтаға іліп қойып, осы әдемі көріністі талқылайды.
-Аппақ қарға ұқсайтын тістерімізді көрсетіп, бір-бірімізге күлкі сыйлауды ұмытпайық.
Суреттеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады. Бір-біріне күлкі сыйлап, сабаққа көңілді аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: қыс мезгілі басталғанда алғашқы қар жауатынын.
Түсінеді: қар аспаннан жерге қонақтап, жер бетін басып қалатындығын.
Қолданады: таяқшамен жағу арқылы қар суретін салуды.