- Учителю
- Баяндама Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тіл байлығын дамыту
Баяндама Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тіл байлығын дамыту
МҚКК № 7 сәбилер бақшасы
Баяндама
"Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың
тіл байлығын дамыту"
Орындаған: Кузкенова А.А
Павлодар қаласы
«Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың
тіл байлығын дамыту»
Тақырып мақсаты:
Жаңашыл тахнологияларды қолдана отырып, жаңылтпаштар, мақал, жұмбақтар мен ертегілер және т.б. арқылы балалардың тіл байлығын дамыту . Балалардың сөйлеу мәнері мен дыбыс ырғағын дұрыс жеткізе білуіне жағдай жасап, оларды талпынысқа итермелеу.
Міндеттері:
-
Балалардың жалпы білік-дағдыларын арттыру;
-
Сөз қорын молайтып, ойлау дағдысын дамыту;
-
Туған елін, жерін мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Менің ұстанымым:
- Алға қойған мақсатқа жету;
-
Әр түрлі ұлт балаларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету;
-
Жаңашыл технологияларды қолданып балалалардың танымын дамыту.
Мақсатты жүзеге асыру негізіндегі қолданылатын әдістер:
-
Ертегілер;
-
Мақал-мәтелдер;
-
Жұмбақтар;
-
Санамақ;
- Жаңылтпаш;
-
Өлең шумақтары.
Мысалы келтірітін болсақ, осы әдістерге түрлі түсті суреттерді қолдансақ, балалар үшін өте қызықты әрі тез есте сақтайтын болады:
Мақал мәтелдер: - Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы;
- Көз жетпеген жерге сөз жетеді;
- Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі.
Мал атасы:
-
Жылқы атасы Қамбар ата;
-
Сиыр атасы Зеңгі баба;
-
Түйе атасы Ойсыл қара;
-
Қой атасы Шопан ата;
-
Ешкі атасы Сексек ата.
Санамақ:
Алма кетті домалап, өзен бойын жағалап.
Кім алманы қуады, сол ойыннан шығады.
Қуырмаш:
Қуыр-қуыр, қуырмаш.Балапанға бидай шаш.
Қоян:
Қоян, қоян ертемен оян, бетінді жушы,
Айнаға қарашы, шашыңды тарашы.
Ал енді бізді қушы.
Балалардың сөйлеу дығдысын жүзеге асыру кестесі
Баланың тіл дамыту сабағында жақсы оқуына негіз болатын жағдайлар:
-
Қызығушылық және өмірге деген сүйіспеншілік;
-
Сұраққа орынды жауап бере алуы;
-
Қысқы шығарманы өздігімен әңгімелеу;
-
Ертегі не іңгіме кейіпкерлерінің істеріне баға беру;
-
Өзінің қарым өатынасын көрсету.
Қазіргі заманға сай баланы дамыту ортасы ретінде ерекше танымалдыққа ие болған модулдік оқыту құралы болып табылады. Бұл оқыту көп функцианалды болып келеді.
Модулдік технологияны қолдану:
Қолайлы әдіс болып саналады
Психология ғылымының докторы Л.А.Венгер былай деген, іс-әрекеттің нәтижесімен түсінік қалыптастыруға көмектесетің, шығарма не, әңгіме кейіпкерлерінің қарым-қатынасын анықтауға болады.Бұл-модулдеу деп аталады.Ол ақыл- ойды қажет етіп, түрлі жағдайларды шешуге жеңілдік жасайды.
Монологты сөйлем
Бұл балалардың шығарманы әңгімелеп беруіне байланысты болып келеді. Шығарманы белгілі бір автор жазады, сондықтан бала ойдан ештене ойлап таппайды. Негізінде монологты сөйлем балаға қиындау болуы мүмкін, осы кезде баланың логикалық ойлауы жақсы жұмыс
істеу керек, сонымен қатар еске түсіру мен дұрыс жеткізе білу дағдысы оянады.
Бала ашықтығымен ерекшеленеді, логикалық ойлау тұрғысына сүйенеді, ой қозғауымен зейінің аударады.
Геометриялық фигуралар:
Көлеңкелі суреттер:
Тырна, көлбақа, арыстан, шаян,
тықан, қоян сияқты т.б суреттердің
көлеңкелерін қолдану.
Модулдеу әдісі:
-
Логикалық ойлауы мен эмоциялық әрекетін жеңіл байланыстырады;
-
Толық түсінік береді;
-
Кеңістікті бейнесін дамытады;
-
Есте сақау әрекетін тездетіп, жеңілдетеді;
-
Есту және көру анализаторларын қосады.
Модулдеу әдісін тек әңгімелеуге ғана емес, сонымен қатар сюжетті суреттер арқылы әңгіме құрастыруға, салыстырмалы мазмұңдама мен шығармашылық әңгімеде де қолдануға болады.
Әңгімелеу нәтижесінде:
-
Бала нақты түсінік алады;
-
Эстетикалық тәрбие алады;
-
Есте сақтау қабілеті жақсартады;
-
Ойын дұрыс жеткізе алады;
-
Эмоциялық сезімін оятамыз;
-
Логикалық ойлаудың дамуы жақсарады.
Осы модулдік технологияға «Бауырсақ» ертегісін салатын болсақ:
Балалар ертегінің мазмұның түсініп алған соң, модулдеуді жүзеге асыру негізінде ертегідегі кейіпкерлерді геометриялық фигуралар мен түрлі түстерді байланыстырып қолданамыз.
Алдымен ертегідеге ата мен әженің тұрған үйінен басталады, сондықтан үйді модулдейміз:
Үшбұрыш және төртбұрыш фигураларын қолданып, үйдің шатыры-үшбұрыш көк түсті, ал үйдің өзі - төртбұрыш қызыл түсті болады.
Бауырсық кейіпкерін- сары кішкентай дөңгелекпен белгілейміз:
Қоян кейіпкерін - сұр кішкентай дөңгелекпен белгілейміз:
Аю кейіпкерін - қоңыр үлкен дөңгелекпен белгілейміз:
Қасқыр кейіпкерін - сұр үлкен дөңгелекпен белгілейміз:
Түлкі кейіпкерін - тоқсары үлкен дөңгелекпен белгілейміз:
Модулдік оқыту құралын қолдануда балалардың тіл байлығы молайып,
жан жақты болуына көп көмегін тигізеді, сонымен қатар сабаққа деген
қызығушылығы арта түседі. Қазіргі заман балаларына сай сабақты өткізу
әр тәрбиешінің міндеті деп білем.Балалардың жарқын болашағын қазірден бастап ойластырып, оны дұрыс ұйымдастыра білуіміз қажет.