7


  • Учителю
  • Технологиялық карта 2-ші сәбилер тобына арналған

Технологиялық карта 2-ші сәбилер тобына арналған

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Кожанбаева Айнагүд Игенқызы

Павлодар қаласы, Баянауыл ауданы

Бірлік жалпы орта білім беру мектебінің

«Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешісі

Топ: 2-ші сәбилер

</<font color="#000000">Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы - нан»



Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:



«Нан қалай піседі».

Мақсаты:

Нан туралы білімдерін кеңейту, нанды қастерлеуге тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

арба, ауыл көрінісі суреттері, әже болып киіндірілген қуыршақ, дөңгелек стол және муляж бауырсақтар







Іс-әрекет кезеңі



Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы







Тәрбиеші: Балалар бүгін біз әженің ауылына қонаққа барамыз.

Ауылға байланысты суретке назарларын аударып, ауыл сөзін түсіндіреді.

Дидактикалық жаттығу: «Шапалақта»

Мақсаты: Балалардың есту қабілеттері мен зейіндерін дамыту.

Шарты: ауылға байланысты сөздерді естіп шапалақтайды.

Тәрбиеші: жақсы балалар ендеше әжеге сыйлық жасайық

Қандай сыйлық жасаймыз?

Жақсы, балалар, әжеге әдемі орамал жапсырайық

Тәрбиеші ауылға немен барамыз?

Балалар ойланып жауап береді

Тәрбиеші арбаға ұсас затты жасап ауылға барады.



Балалар тыңдайды, ауыл сөзін түсінеді.















Балалар ойланып жауап береді



(балалар шығармашылық орталығына барып әжеге дайын қыйылған пішіндерден әдемі орамал жапсырады)



Ұйымдастыру іс-әрекеті



Таспа қосылып, көңілді «Қошақан» әнімен балалар арбаға отырып ауылға барады.

Тәрбиеші: міне ауылдың шеті көріне басталды деп суреттерді іліп қояды (ауылдың шет қырына байланысты суреттер)

Тәрбиеші мынау ауылдың шеті (жазық кең жер, жайылып жүрген мал мен құстарға назар аударады)

Мынау ойлы жер, шөбі көк мұнда үй жануарларынын төлдері жайылып жүр, оларды бағып жүрген адамды шопан ата деп айтады.

(тәрбиеші түсіндіріп отырғанда жаңа сөздерді қайталатады, түсіндіреді)

Балаларды әже қарсы алады (тәрбиеші әженің рөлін ойнайды)

Әже келгендерің жақсы болды, менің ыстық наным, бауырсақтарым да дайын, келіңдер, отырыңдар.

(балалар орындықтарға барып отырады)

Тәрбиеші: балаларға дайын піскен нан мен бауырсақты көрсетіп: Балалар нанды неден жасайтының білесіңдер ме?

(тәрбиеші түсіндіреді) сүреттерді пайдалана отыра тәрбиеші нан қалай пайда болатынын айтып түсіндіріп береді.

Дидактикалық ойын: «Көреміз, ұстаймыз, сеземіз»

Мақсаты: Балалардың танымдылық процестерін дамыта отыра, анықтауға, зерттеуге, салыстыруға үйрету.

Құралдар: ұн, бидай, су, тұз, құрғақ ашытқы.

Шарты: Балаларға ұн, бидай, су, тұз, ашытқы азықтарды көрсетіп таныстырады.

Балаларға сұрақтар мен тапсырма: Мынау ұн (түсі қандай? қолымен ұстасаң қандай? (балалар ұстап көреді)

Ал мынау тұз (тұзды да қолдарымен ұстап көреді).

Тәрбиеші: балалар ұн мен тұз ұқсайма бір-бірлеріне?

(тәрбиеші көмектесіп түсіндіреді)

Тәрбиеші сусыз ешқандай да тағам жасалмайтынын түсіндіріп, суға көңілдерін аударады: Су қандай?

Судың түсі жоқ деп түсіндіреді

Мақал -мәтел:

«Ас атасы нан»

«Нан бар жерде ән болады»

Сергіту:

Нан қиқымын шашпандар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қатерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Балалар сөздерді айта отыра қимыл іс әрекет жасайды.

Дидактикалық жаттығу: «Суретке қарап дұрыс орыңда»

Балаларға нан өнімдері (тоқаштар, күлшелер, нан, домалақ нан, төртбұрышты нан, сайқа наны) туралы ұсақ суреттер таратылады.

Балаларға тапсырма: суреттеріне қарап нан өнімдерін топтастырады. (тәрбиешінің нұсқауымен, көмегімен)

Әже рахмет деп айтады балалармен қоштасады.

Тәрбиеші балалар бізге де балабақшаға қайтайық, деп балалармен арбаға отырады балабақшаға келеді.

Балалар арбаға отырады, әнді тыңдайды, бірге айтады.

























Балалар әжемен амандасады.









Балалар ойланып жауап береді

























балалар анықтайды



Балалар салыстырады ойланып жауап береді

















Балалар тәрбиешіні тыңдайды, естеріне сақтайды.















Шығармашылық орталығындағы балалар жапсырған орамал бейнесін көрсетіп, түсіндіреді (түстерді бекітеді) әжеге сыйлайды.

Рефлексивті-түзетуші





Біз кімге қонаққа бардық?

Әже қайда тұрады?

Ауылға бардық

Әже бізге не көрсетті?

Ұн, тұз, су, ашытқы заттарын алдарына қояды, балалар заттарға қарап естеріне түсіреді.

Балалардан нана туралы мақал мәтелді сұрап бекітеді (естеріне түсіріп көмектеседі)

Әжеге бардық



Әжеге ауылда тұрады.

Суреттер көрсетті (ұн, тұз, су) деп айтады







Қайталайды.

Күтілетін нәтиже:



Зерттеу мен бақылау жұмыстарын игереді.

Нені біледі:

Ауыл шаруашылығындағы еңбектеніп жүрген адамдарды құрметтеп қадірлеуге үйреніп біледі.

























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал