7


  • Учителю
  • Н. Н. Ефименконың мектепке дейінгі мекемелерде балаларды сауықтыру мен денелерін шынықтырудың жаңа әдістемесі кеңес

Н. Н. Ефименконың мектепке дейінгі мекемелерде балаларды сауықтыру мен денелерін шынықтырудың жаңа әдістемесі кеңес

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



</



Н. Н. Ефименконың мектепке дейінгі мекемелерде балаларды

сауықтыру мен денелерін шынықтырудың жаңа әдістемесі.



Баланы шынықтырудың дәстүрлі әдістері өткен ғасырдың 80 - жылдарында ескіріп қалып қойды және қайта қажет етеді. Бала денесін шынықтырудың ғылыми - әдістемелік түпнұсқасын қайта құрып, өсіп келе жатқан ұрпақтың дене шынықтыру әдістемесін жаңарту керек.

Н.Н.Ефименко - орыс зертеушісі, 10 кітап, 3 мемлекеттік бағдарламаның, 30 - дан аса әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Ол бала денесін шынықтыруды зерттей, зерделй келе, төмендегідей ғылыми - әдістемелік нұсқаулық ұсынады. Аталмыш нұсқаулық 8 алтын қағидадан тұрады.

Бірінші алтын қағида: түрлі бақылаулар нәтижесінде, балаларға жаттығуды «жатқан» қалпында бастап, отырып, жартылай отырып, тұрып жалғастырған тиімді екеніне көз жеткіздім. Еңбектеуден - жеңіл жүруге, өрмелеуден - жүгіруге, содан кейін барып, секіту жаттығуларына кірісу өте тиімді болып келеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясына сүйенер болсақ, әрбір дүниеге келген сәби дәл осы ретпен өзінің іс - әрекетін дамыта түсері анық.

Екінші алтын қағида: бірінші қағиданың жалғасы іспеттес. Кез келген жатып, төрттағандап, отырып, тізерлеп орындалатын жаттығуларды ең төменгі позадан бастап, орташа позаға, одан жоғарғы позаға ауысу керектігі айтылады. Яғни, омыртқаға салмақты бірте - бірте жеңілден ауырға қарай салумен шектеледі.

Үшінші алтын қағида: Кез келген жатып, төрттағандап, отырып, тізерлеп орындалатын жаттығулар «эмбрион позасынан» басталуы керек. Демек, дене мен дене мүшелерін біртіндеп жазу, біртіндеп тіктеу керек. Үшінші алтын қағидаға қатысты, ағылшын зерттеушісі Лайоэлл Уатсонның пікірінше, адамның демалуына ықпал ететін ең оптималды поза - оның бір жанымен тізесін бүгіп жатқан кезі. Зерттеу нәтижесі бойынша, кез келген тірі ағза осы қалыпта жатқан кезде өзіне күш - қуат алады.

Төртінші алтын қағида: Кез келген бастапқы қалыпта алғашқы болып бас, мойын, мойын омыртқасына, кейін иық пен белге, одан әрі дене бұлшықеттері (кеуде, іш, арқа) соңынан барып, бел және бел омыртқасына арналған жаттығулармен жалғасын табады.

Бесінші алтын қағида: қол және аяққа арналған жаттығуларды денеге жақын тұстағы мүшелерден, яғни, иықтан, жамбас бұлшықеттерінен бастау керек. Біртіндеп келе, білезік пен тобық сүйектері мен саусақтар мен башпайларға арналған жаттығулар да қамтылуы тиіс.

Алтыншы алтын қағида: баланың денесі төменгі позада баяу, тербелмелі қимыл - қозғалыс жасаса, керісінше, жоғарғы позада жылдамдықты, шапшаңдықты қажет ететін жаттығулар болуы тиіс.

Жетінші алтын қағида: тағы бір қызықты биологиялық заңдылықпен тығыз байланысты. Адам денесі төменде болған сайын, оны қоса көлденең қалыпта, ағза тынығу үстінде болады. Ал, керісінше, дене жоғарыда болған сайын және тік қалыпта бұлшықеттерге бағытталған жаттығулар күрделірек болуы тиіс.

Сегізінші алтын қағида: ірі, денеге жақын бұлшықет массивтері (иық, кеуде, іш, арқа, жамбас) баяу, қалыпты жаттығулар тән. Ал, ұсақ дене мүшелеріне жылдам, тез қайталанатын жаттығулар тән.

Қорытындылай келе, бұл жүйенің түбегейлі жаңа екенін және баланы шынықтыру мен сауықтыру тұрғысында өте тиімді екенін айтқым келеді. Аталмыш әдістер көптеген сау балалармен, мүгедек балалармен, церебральді паралич ауруымен ауыратын балаларға тәжірибе ретінде жасалып, оң нәтижесін көрсеткен.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал