- Учителю
- Утренник на тему Анашым-мақтанышым
Утренник на тему Анашым-мақтанышым
№32 «Мөлдір» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші:Ғабиден Ш
Атырау-2016ж
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Армысыз ұстаз - аналар,
көктемдей құлпырған қыздар! Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Ана
- әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,қадірлісі,
қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, әйел -
аналардың дәстүрлі мерекесі 8 - наурыз да ару қаламызға келіп
жетті. Өздеріңізді шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем
мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
1-Д.Айкөркем
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
2- Айшабибиі
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
3-Медина
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі
Шансылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі
4-Айару
Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мерекеңіз бүгіңгі
Құтты болсын,анажан
5-Үміт
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
6-Іңкәр
Айналайын анашым,
Әлпештеген мамашым,
Еміп өскен бөбекпіз.
Маматайдың мамасын.
Ән: «Апам үшін»
Ортаға Көктем келеді
Көктем- Сәлем,сәлем балақайлар,
Әзиз әже назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар алақайлап.
Жерге кілем жаба келдім
Құстар әнін ала келдім
Жан бітіріп табиғатқа
Әсем әнге сала келдім.
-Сәлеметсіңдерме балақайлар!8 наурыз аналар мерекесі құтты болсын!
Мен сендерге көктемнің шуақты күндерін ала келдім,күн жылынды,құстар келіп,барлық тіршілік оянды.
Осы кезде шиқылдап көктемнің алғашқы құсы Қараторғай келеді.
Қараторғай:-Шиқ-шиқ,шиқ сәлеметсіңдер ме балалар мен салқын жақтан жылы жаққа ұшып келемін.Күн қандай тамаша ,нұрын төгіп тұр,менің былтырғы достарым қайда екен ?-Әлі ешкім көрінбейді,көктемнің шуағын сезінбей жатырғой деймін. Мен олардың барлығын әдемі дауысыммен шақырайын. (құстың үні)
Би.Құстар биі
Бір бала ортаға шығады
- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім
бар. Әжетай, сені жақсы көремін.
Көктем
-Балалар сендердің әжелерің бар ма?
-Әжелерің сендерге ертегі айтып бере ме?
-Сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?
-Ендеше әжеге кім тақпақ айтып береді?
1-Айкөркем
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.
2-
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
3-Аяулым
Менің әжем ақ әжем,
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем
Көктем
-Ой балалар жарайсыңда балалар енді біз ойын ойнайық.
Ойын: «Әжемнің жібі»
Мақсаты: Тарқатылған жіп шумақтарын жинау
Ән: «Ақ әже»
Қоңырау дыбысы естіледі.
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр?)
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі,
Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін. Қоңырауды сылдырлатып
қонақ шақырыңдар үйлерге.
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Қоңырау соғады, музыка әуенімен балапандар қонаққа келеді
Би «Балапандар»
Ән әуенімен Кикимора кіреді
Кикимора: Орман аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені мұнда.
Мен қырсық, жаман емеспін
Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын,
әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе
білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені
де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау
тартады
Балалар кезекпен: әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті
ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі
билей алады.
Би «Домбыра»
Кузя кіріп көңілсіз айтады:
Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
Сен Кикимора жаман емессің
Сен көңілді, күлкүлісің
Күлімдеп маған тез
Болшы сен анашым...
Кикимора: Әрине қымбаттым.Сен боласың ұлым менің. (Қуанып билейді)
Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Ән: «Құттықтаймын мама»
Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым
мен саған ботқа пісіріп берейін.
Кузя:-балалар мен бүгінгі аналар мерекесінде анама сыйлық жасаған жоқпын. Маған сыйлдық жасауға көмектесесіңдер ме?
Ойын: Гүл құрастыру
Кузя гүлді анасына сыйлайды.
-Балалар рахмет сіздерге.Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Жүргізуші:Балалар біздің де аналарымызға дайындаған сыйлығымыз бар
еді ғой ,бізде аналарымызды құттықтап сыйлығымызды
табыстайық.Құрметті қонақтар 8-наурыз мерекесіне арналған
ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңыз үшін
рақмет.Сау болыңыздар!