7


  • Учителю
  • Ашық сабақ математика пәнінен Цифр мен заттар арасындағы сәйкестік

Ашық сабақ математика пәнінен Цифр мен заттар арасындағы сәйкестік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ақшұқыр мектеп - лицейі» мемлекеттік мекемесі

«Кәусар» шағын орталығы







































«Ақжелкен» естиярлар тобы

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

















Өткізген: Калиева Мария Жанабаевна

Ақшұқыр селосы





Бекітемін ___________

Өтетін күні: 23.02.2016

Пәннің аты: Математика



</ Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестік.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. 5 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау; заттың қасиеттерін (оң жақ, сол жақ, геометриялық пішіндерді) қайталау;

  2. 5 көлеміндегі сандар құрамын бекіту; саусақ қимылын дамыту.

  3. Оқушыларды тапқырлыққа, шапшандылыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: балапан дәптер, сандар, фигуралар, презентация.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Пән аралық байланыс: ағылшын, орыс тілі, балалар көркем әдебиеті, тіл дамыту.Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Менің ойым - мейірімді,

Менің жүрегім - мейірімді,

Мен - мейірімді адаммын!

Балалар назарын сабаққа аударады.

Шаттық шеңберіне тұрып ғажайып сөздерді қайталайды.

Ізденістер, ұйымдастыру

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы айтайық?

Қыс мезгілінің қай айы?

Бір аптада қанша күн бар?

Өте жақсы балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз қарапайым математика.

Ойын «Пішіндер»

Ойының шарты: Геометриялық пішіндерден әр түрлі бейнелер құрастыру

Балалар біздер ертегі тыңдағанды жақсы көреміз ба?

Қандай ертегілер білеміз?

Ойын «Сандар қатары»

Ойын шарты: балалар сандардың тура ретімен қатарын құрайды.

Сабақ ертегі сабақ түрінде өткізіледі. Интерактивті тақтада бауырсақтың суреті көрсетіледі.

Сұрақ - жауап

  1. Балалар, мені таныдыңдар ма?

  2. Мен қандай ертегі кейіпкерімін?

  3. Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

  4. Ендеше, бүгінгі сабағымызда өздерің жақсы көретін ертегі кейіпкерлерімен кездесесіңдер.

Атасынан, әжесінен қашып жолға шыққан бауырсақтың алдынан кенет қоян кездесті. Балалар қоянның қарыны аш екен. Қоян бауырсақты жемекші, егер біз қоянның шартын орындасақ бауырсақты босатады.

Балалар қоянды орыс тілінде және ағылшын тілінде айтайықшы

Дәптермен жұмыс

№1 тапсырма

Сәбіздерді қызғыл сары карандашпен бояу.

Балалар қоянның тапсырмаларын жақсы орындадыңдар. Ол сендерге риза болып бауырсақты босатты.

Бауырсақ әрі қарай домалап жүре бергенде алдынан қасқыр кездеседі. Оның да қарыны аш екен бауырсақты жемекші. Қасқырдың бізге қояр шарты бар. Қасқырдың шартын орындасақ бауырсақты босатады. Не істейміз, балалар көмектесеміз бе?

№2 тапсырма

Қолғаптардың сынарын тап!

Ал балалар енді бауырсағымыздың алдынан аю шығады. Ол да бауырсақты жемекші. Аюдың бізге қояр шартын бірге орындайық. Аю балалармен бірге көңілді би билегісі келеді екен. Кетті олай болса!

Сергіту сәті

Балалар бауырсағымыздың алдына қу түлкі шығады. Оның да бізге тапсырмасы бар екен.

4 тапсырма

Жеміс жидектердің санын цифрлармен сәйкестендіру.

Мінекей балалар қу түлкі де бауырсаққа тиіспеді.

Ал бауырсақ болса келген ізімен домалап орманды аралап ата - әжесіне аман - есен қауышады.

Балалардың жауабы







Балаларға 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды біледі.





1,2 бала тура кері санайды.







Ертегіні естеріне түсіру.

Балалар сұрақтарға жауап береді.













Балалар ертегіні тыңдай бастайды, кедергілерден өту үшін тапсырмаларды мұқтият орындайды.









Балалар өздеріне риза болады.













Балалардың жауабы тыңдалады.





Аюдың тапсырмасын орындайды.









Балалар сергіту сәтін орындайды. Қимылдармен көрсетеді.



















Қасқырдың тапсырмасын орындайды



Балалар ұжымдасқан түрде тапсырманы орындайды.





Балалар бауырсақтың ата-әжесіне аман-есен қауышқанына қуанады.

Рефлексті қозғаушы

Бағалау, балаларды мадақтау.

Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Балалар біз сандар туралы көп білетіндігіміздің арқасында, мейірімділігіміздің арқасында бауырсақты да құтқардық. Бауырсаққа ақылды бол дейміз.

Бауырсақ тарату.

Балалар сабақтан жақсы әсер алады.

Сабаққа жақсы қатысқан балалар мадақталады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: 1-5 дейінгі сандардың құрамын қайталау. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін білу. Затты санымен сәйкестендіру

Болуы керек: Балапан дәптер, түрлі-түсті қарандаштар, геометриялық пішіндер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал