- Учителю
- Табиғатым байлығым ашық сабақ
Табиғатым байлығым ашық сабақ
Ербатыр ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық
картасы
Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы:Табиғатым байлығым.
Мақсаты Өлі табиғат пен тірі табиғат арасындағы байланысты түсіндіре отырып, табиғатты тануға деген қызығушылығын арттыру.
Табиғат байлығын бағалауға, қорғауға, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, өсімдіктер, жануарлары суреттері,жақсылық пен жамандық суреттері
Шаттық шеңбері.
Армысың, шапағатты Күн-Ана!
Армысың, қайырымды Аспан-Ана!
Армысың,мейірімді Жер-Ана!
Құт дарып, әлемді жарылқа!
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Педагог сабақ басталмас бұрын балабақша ішіндегі- Табиғат аясына шағын саяхат жасайды.-
-Балалар біз сендермен қайда бардық?
-Балалар,сендер нені көрдіңдер?
-Балалар табиғат деген не?
-Бізді қоршаған орта табиғат деп аталады.Ол жазира дала,биік таулар,көгілдер,жан-жануарлар,құстар т.б.
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Кәне атайықшы.
-Өлі табиғат пен тірі табиғаттқа нелер жатады екіге бөліп
Тақтаға ілуіміз керек.Өлі табиғатты «Ө»дыбысының жан-жағына орналастырамыз, «Т»дыбысының жан-жағына тірі табиғатты орналастырамыз.
Табиғат сондай тамаша! Кім табиғат туралы өлең тақпақ айтады?
Сергіту сәті:
Құс қанатын жайды,
Аққу тойнын созады,
Үйрек келіп қонады.
+-Балалар енді біз бәріміз бірге
«Жақсылық-жамандық» ойынын ойнайық.
-Ағаш отырғызу...
-Орманды өртеу...
-Құстарға жем шашу...
-Құстың ұясын бұзу...
-Құстарға ұя салу..
-Суды ластау...
-Орманда қалдық заттарды қалдыру...
-Гүлдерді баптау...
-ағаштарды кесу...
Тамаша өте жақсы.
Ал енді сендер табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Жақсы,балалар.
Жүректен жүрекке:
Балалар өз ризашылығымызды білдірейік,жарайма!
Балалар жан-жағына қарайды.
-Табиғат аясына.
Күнді,гүлдерді,көбелектерді,құстарды,ағаштарды,жануарды.
Д.Ажар
-Табиғат,табиғат,
Тамаша ғой табиғат.
Табиғатта ойнаймыз,Гүлдей өсіп жайнаймыз.
.Табиғат екіге бөлінеді.
Өлі табиғат және тірі табиғат.
Балалар ретімен орналастырды.
Ернар:
-Бау-бақша белдер,
Ормантау,көлдер,
Көрікті шексіз даламыз.
Өзіміз туған
Көбелек өуған,
Өлкеде өсіп толамыз.
Жаннұр:
Сүйем сені туған жер,
Әжем жөргек жуған жер,
Шапқан жауды еліме,
Батыр бабам қуған жер.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
-Жақсылық.
-Жамандық.
-Жақсылық.
-Жамандық.
-Жақсылық.
-Жамандық.
-Жамандық.
-Жақсылық.
-Жамандық
-Тау бұлағымен сәнді,көл құрағымен сәнді.
Жер құтты болса,мал сүтті болады.
Балалар табиғатқа өз ризашылығын білдіреді:
-Күн сәулесін шашқаның үшін,
-Ағаш көлеңкең үшін,
-Бұлт жаңбыр сепкенің үшін,
-Табиғат сұлулығың үшін рахмет!
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар біз сендермен табиғат аясында нені түсіндік,нені үйрендік?
Дұрыс,біз,табиғатты қорғауға,аялай білуге үйрендік.Табиғат-Анаға көмектесуді үйрендік.Табиғат- барлық адамдардың ортақ үйі..Табиғатты қорғау -Отанымызды,елімізді,жерімізді қорғау.Балаларды мадақтау.
Балалардың жауабы
Табиғаттың байлығын әр бала өзінің түсінігінше айтты.
.Біз табиғатты ластамаймыз оны күтіп баптап сүйіспншілікпен қараймыз.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Табиғат аясындағы әсемдікті бақылауды.
Түсінеді: Тірі табиғат пен Өлі табиғатты ажырата білуді.
Қолданады: Табиғаттың байлығын қорғай білуді,оны баптап, сүйіспеншілікпен қарауды.