7


  • Учителю
  • «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты

«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі















«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты







( Шағын орталық топтарының 1 мамырға арналған ертеңгілігі)



Өткізген: Акмурзаева Гаухар

Кудабаевна



































2016 оқу жылы



«Ұлт бірлігі - ұлы байлық» атты



1 мамыр - Халықтар бірлігі күніне арналған

ертеңгілік



Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.





Көрнекілігі: интерактиуті тақта, қабырға газеттері, буклеттер.



Барысы.



Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер !Сіздерді 1- Мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.

Бүгінгі мерекеге біздің бүлдіршіндеріміз өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.

Ендеше «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған



Хор. «Дос болайық бәріміз» орындайтын ортаңғы топ бүлдіршіндері.



Жүргізуші:

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысың бар халықтың ынтымағы!

Бармысың қазағымның ынтымағы!



Сахнада "Украин халықтарының биі" орындайтын кіші топ бүлдіршіндері.



Жүргізуші:

Өлкемде өлмес тірі аңыз

Қалады , жаздан қыстанда.

Жұрағат жұрттар тұрамыз

Осындай Қазақстанда



Би: «Орыс халқының биі» орындайтын ортаңғы топ бүлдіршіндері.



Жүргізуші:

Тәуелсіздік кеңдігің

Кескен халық бірлігі

Ынтымағы барша елдің

Нұрын шашқан күн бүгін.



Олай болса, балаларымыздың 1-мамыр мерекесіне арналған тақпақтарына кезке берейік.





1.Ерасыл

Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, би билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.



2.Ақжарқын.

Достық- шырағымыз,

Достық- ұранымымыз

Достық туымыз

Достық жыр әніміз





3.Бектас

Бейбітшілік қыраны

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны,

Еркіндігі халқымның.





4.Әсем

Біз балдырған тең басқан!

Досқа құшақ кеңге ашқан.

Тілейміз әділдікті!

Ашық болсын кең аспан.









5.Таймас

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан!





6.Наргиз

Туыспыз біз бәріміз,

Бір отанды сүйеміз!

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз!



7.Махаббат:

Барлық елдің бөбегі,

Бір-бірімен туысқан,

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағым күміс таң.



Жүргізуші:

Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,

Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,

Өзбек менің өз ағам - дейді қазақ

Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген. - дей келе сіздердің алдарыңызда

«Балапан» тобы бүлдіршіндері «Өзбек» би өнерін тарту етеді.



Жүргізуші:



Қазақ жері достықтың гүлістаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күлімдесе еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Би: «Қара жорға» биі орындайтын «Ботақан тобының» бүлдіршіндері





Жүргізуші:

Ән: «Ертегілер» орындайтын ортаңғы топ бүлдіршіндері



Жүргізуші:

Би: «Қамажай» биі орындайтын ортаңғы топ бүлдіршіндері.





Жүргізуші:

Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарламамыз аяқталды. Мереке құтты болсын!

Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім, шарықтай бер кемелден!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал