7


Урок ашық сабақ Сенсорика

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
  1. Амандасу.

  2. Пішіндермен танысу.

  3. Тосын сый.

  4. Ақылды Ақтөспен серуен.

  5. Топқа оралу.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көп апайлар қонаққа келді. Қанекей бәріміз орынымыздан тұырып амандасайық.

Балалар: - Сәлеметсіздер ме! деп амандасады.

Тәрбиеші:-Рахмет балалар сендер бүгін менің кішкентай балапандарымсыңдар. Ойынымызды бастамас бұрын жем шоқып тынығып алайық. (Осы кезде тәрбиеші балалармен жем шоқиды. Шөжелерім әнімен) Біз енді тоқ болдық. Орынымзға жайғасып бүгінгі ойынымзға кірісейік. Балапандар бүгін ерекше күн мен сіздерді әр түрлі пішіндермен таныстырамын.

Менің қолымдағы дөңгелек пішінің түсі қандай балалар?









Балалар: Сары деп жауап береді.

Тәрбиеші: Балапандар қане тағы қайталап атайықшы түсін деп, үш рет қайталатқызу. Балапандарым дөңгелек пішіні допқа ұқсайды солай ма?

Балалар: иә деп жауап береді:

Мына төртбұрыштың түсі қандай екен балалар?





Балалар: Қызыл деп жауап береді.

</ Тәрбиеші: балапандар қәне қайталайықшы деп, қызыл деп үш рет қайталатады.

Балапандар төртбұрыш үйдің қабырғасына ұқсайды солай ма?

Балалар: иә деп жауап береді.





Ал, менің қолымдағы үшбұрыштың түсі қандай екен?

Балалар: Көк деп жауап береді.

Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балапандар, қандай ақылдысыңдар. Үшбұрыш үйдің шатырына ұқсайды солай ма балапандар?

Балалар: иә, деп жауап береді.

Енді менің кішкентай балапандарым бақшаға серуенге шығып қайтайық. Серуенде үйшікті кездестіреді.

Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балапандарым, өте дұрыс.

Тосын сый. Бақшада үйшіктің арасынан Ақылды Ақтөстің келуі.

Тәрбиеші: Ой балапандарым, Бізге қонаққа күшікте келіпті.

Ақылды Ақтөс: Балапандар мен сендермен серуендесем бола ма?

Тәрбиеші: Әрине.

Серуенде көлікті кездестіреді.

Ақылды Ақтөс: Балапандарым мына көліктің несі жетіспейді?

Балалар: дөңгелегі деп жауап береді.

Ақылды Ақтөс: Дұрыс балапандарым, енді кім дөңгелегін құрастырады?

Жандос, Айжарқын дөңгелегін құрастырады.

Ақылды Ақтөс: Балапандарым көліктің дөңгелегі қандай пішінге ұқсайды?

Балалар: дөңгелекке деп жауап береді.

Ақылды Ақтөс: Дұрыс балапандар, қандайақылдысыңдар.

Сергіту сәті: Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Әй,әй балапан,

Жамандықтан қаш.(Өлең жолдарын қимылмен орындайды)

Серуенде келе жатып хауысты кездестіреді.

Ақылды Ақтөс: Балапандарым жазда менің досым Айша осында ойыншықтарын жоғалтып алып еді. Кім тауып береді?

Сезім хаус ішінен қуыршақты алып береді.

Ақылды Ақтөс:Жәрайсың Айша қуанып қалатын болды. Допты кім тауып береді?

Шыңғыс хаустың ішінен допты алып береді.

Ақылды Ақтөс: Ақылды балапандарым, өздерің қандай әдемі едіңдер. Енді мен қайтайын Айшаға ойыншықтарын апарып берейін. Бір қуанып қалсын. Қош болыңдар.

Тәрбиеші: Балапандар тобымызға оралайық. Балапандар менің сендерге сыйлығым бар. Балапандар мен сендерге ыстық бәліш әкелдім. Бәліштің пішіні үшбұрышқа ұқсайды солай ма баларандар?

Балалар: Иә, деп жауап береді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал