7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Тәрбие сағаты «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Күні: 14.12.2015 ж

Тақырыбы:

«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»



Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің «Елімнің еркіндігі Қазақстан» атты ашық тәрбие сабағымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің балалар зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндері.

Жүргізуші: бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып

қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек бала -дағы ең кіші.

Рәміздерім- ӘНҰРАН, ТУ, ЕЛТАҢБА,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі-демекші балалардың орындауында Қазақстан Республикасының Әнұраны.

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Астана қандай қала?

Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй! - деп, Абай атамыз айтқандай, ортаға «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндерінің "Елім менің аңсаған" әнімен қарсы алыңыздар.

Хор: «Елім менің аңсаған»

Жүргізуші:

- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі - Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем. Ізгіліккке леп едім

Жақсылыққа сеп едім

Тәуелсіз елдің ертеңін

Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміздің мерекелік өлең шумақтарын қабыл алсаңыздар!

1.Айзере:

Тәуелсіздік таңын сүйем,

Таңмен бірге келді өлең.

Көк туыңа басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

2. Үміт:

Аласармас аспанымда,

Күн мен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында,

Бостандықтың желі еседі.

3.Ұлпан:

Маған қымбат ұлы елімнің,

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

4.Мақсат:

Сарарқаның даласында

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің

Баққа қолы жеткен күн.

5.Ержанат:

Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен,жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөленде.

6.Балнұр:

Тәуелсіздік- бақ туын,

Қолға ұстаған сәт бүгін

Болсын әр дайым шат күнім!

7.Сая:

Балабақша серпін нық,

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік- ынтымақ

Тәуелсіздік- еркіндік.

8.Жанайым:

Желтоқсанның ызғары -ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

«Елімай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар,қыздар-ай.

9.Амир:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

10.Алмаз:

Он алтыншы желтоқсан,

Ел мейірі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

11.Толқынай:

Естісін ел үніңді

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер, жас ұлан!

12.Асылмұрат:

Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

13.Камила:

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні бұл.

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні-бұл.

14.М.Сырым

Қуан қазақ

Күн туды қуанатын

Қазақ елі азат,

Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат.

15.Т.Сырым:

Егемендік-бұл елімнің елдігі

Егемендік-барлық ұлттың теңдігі

Егемендік-елін,жерін қорғаған

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

16.Әли:

Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері-бағымыз.

Қайнарынан мөп-мөлдір,

Сусындайды жанымыз.

Жүргізуші:

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Ақ шашты аналар,әзиз әкелер аман болсын!

Әр қашан сәбилердің күлкісі үзілмесін!

Жүргізуші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы - сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтағым келіп отыр.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал