- Учителю
- Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз» (әңгіме құрату)
Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз» (әңгіме құрату)
Қараоба орта мектебі
«Айгөлек» шағын орталығы
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз» (әңгіме құрату)
Тәрбиеші: Аскер Март
2015-2016 оқу жылы
Технологиялық карта
Айы күні: 28. 04.16
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз» (әңгіме құрату)
Мақсаты:
а)Достыққа, татулыққа, бауырмашыл болып өсуге үйрету;
ә) Өзара татулық сезімдерін дамыту;
б)Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сурет үлгілері, мақал - мәтел, бейнетаспа, жұмыс дәптері.Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шеңбер бойына тұрғызады. Педагог ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан» өлеңін оқиды, балалар «Мен» деп сөзді хормен айтады.
- Жүрегім менің кім?
- Тірегім менің кім?
- Жаным менің кім?
- Сәнім менің кім?
- Ботақаным, Бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің.
Балалар шеңбер
бойына тұрады
«Мен» деп
жауап береді
Мен
Мен
Мен
Мен
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Кіріспе әңгіме
- Бүгінгі іс-әрекетімізде «Тату доспыз бәріміз» деген тақырыпқа әңгіме құраймыз.
- Балалар, біздің топта көптеген ұлдар мен қыздар бар, ұлттары әртүрлі.
Мысалы: Ерасыл - қазақ
Пампух - әзірбайжан
Изабель - неміс
Мая - түрік
Мунира - ұйғыр
Көрдіңдер ме, балалар, біз көп ұлтты халықпыз. Біз бәріміз тату-тәтті тұрамыз.
Сурет бойынша әңгіме құрату.
Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
- Біздің қаламызда әртүрлі ұлттар тұрады, ал сен дер осы ұлттарды атап бере аласыңдар ма?
- Біздің ол ұлттармен қарым қатынасымыз қандай?
- Біз өз балабақшамыздың ішінде қандай ұлттың тілін меңгеріп
жатырмыз, осы меңгеріп жатқан тілімізде өлең айтып бере аласыңдар ма?
Дидактикалық ойын:
«Не деу керек?»
Дәптермен жұмыс:
Алма мен доптың суретін салып, бояу.
Түрік, орыс,
Қазақ, өзбек,
неміс, кәріс, т.б.
Татумыз
Әр бала оз
тілінде өлең
айтады.
Тапсырманы
орындайды.
Рефлексиялық -
түзетушілік
Өлең оқу арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: достықты, татулықты, бауырмашыл болып өсуді.
Игереді: сұрақ-жауап арқылы әңгімелеуді.
Меңгереді: достықты қадірлей білуді.