7


  • Учителю
  • Үштұғырлы тіл мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары

Үштұғырлы тіл мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Қарлығаш» бөбекжайы КМҚК























Баяндама

Тақырыбы: «Үштұғырлы тіл» мемлекеттік

бағдарламасын жүзеге асыру жолдары

















Тіл маманы: Арыстанбекова А.А.































2015 ж

"Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі"

Н.Ә.Назарбаев



Тілдердің функциясын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі - «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

Жобаның қорытындысы:

  • Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп бітірушілер - 100%;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген жалпы халық саны - 95%;

  • Мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу -100%;

  • Республикамыздағы орыс тілін меңгерген азаматтардың үлесі - 90%;

  • ағылшын тілін меңгерген халық үлесі - 20%;

  • Өз тілдерін меңгерген өзге ұлт өкілдері - 30%.

  • үш тілді жетік меңгергендер жалпы халықтың 20%-ын құрауы керек;

Осы көрсетілген нәтижеге жетуде «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асырудың маңызы зор.

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Үштұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасының оқыту

Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі - топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы - 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға - аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға - аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.

Mектеп жасына дейінгі балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.

Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты - үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5-10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.

Балаларға тілдің үштұғырлығын үйрету

Ағылшын тілін үйрету әдістемесін таңдау барысында қай жастағы балаларға арнап әзірленгендігін ескеру қажет.

Ойын әдістемесі балаларды да, педагогтерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы - ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.

Зайцевтің әдістемесі үш жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі балаларға арналған. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. Зайцевтің белгілі текшелерінде ағылшын алфавитінің де әріптері пайда болды.

Глен Доманның әдістемесі сәбилерге арналған. Бұл әдістемеде баланың көру арқылы есте сақтауы қатыстырылған, атаулары жазылған суреттер есте сақталады және оқуға үйрету үдерісін одан әрі жеңілдетуге көмектеседі, карточкаларын қолдан жасауға болады. Глен Доман өз кітаптарында айқын әрі нақты құраллар береді. Карточкалар жұмысты сәбилермен ғана емес, сонымен қатар, ересектеу, тіпті мектепалды жастағы балалармен де қолдануға болады.

Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған. Тілді үйретуші сабақтар жүйесі үшін тақырып таңдайды, берілген тақырып бойынша қызықты бір нәрсе білуде балаларға көмектесетін әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады. Балалар дербес орындауы үшін тапсырмалар алады (немесе ата-аналарының көмегімен). Қорытынды сабақтың уақыты келгенде балалар жобаның тақырыбына ауқымды шығармашылық жұмыстарымен келеді.

Аралас әдістеме - бұл жерде таңдауы бойынша түрлі әдістемелерді құрастыруға болады. Мысалы, ойындар ойнау, тақпақтар мен әндер жаттау, жобаларды әзірлеу және т.б. Әдістеменің құндылығы - әртүрлілігінде. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.

Тәжірибеде қолданылып жүрген барлық мектеп жасына дейінгі кезеңде тілді үйрету әдістемелері ата-аналарға үйде өз баласымен дербес айналысуға көмектеседі.

Заттық-дамытушы орта тілдік кеңістікке ену үшін:

- таспа, диск және басқа да тасымалдағыштарда музыкалық аудио материалды;

- сөздік, үстел үстіндегі баспа ойындары, құралдар, кітаптарды;

- жағдайға байланысты, рөлдік, лексикалық мазмұны бар сахналандырылған ойындарды;

- ертегілерді сахналау, тақпақтарды мәнерлеп оқуда балалар өздерінің жетістіктерін көрсете алатын ертеңгіліктер мен мерекелерпайдаланылады.

Мектепке дейінгі оқыту тұжырымдамасының негізін қалайтын кезеңдер оқытудың әдістемелерін, тәсілдерін, үлгілері мен құралдарының спектрін кеңінен қолдануға әкеледі. Бұл ретте балалардың жеке, сонымен қатар, олардың жалпы мәдени дамуы мен микро әлеуметтік ортасы - отбасының ерекшеліктері ескеріледі.

Негізгі тәсілдері:

а) балаларға таныс емес тілде үлкендердің тіліне еліктеуі;

б) көру, есту және әсем бейнелерді құру. Нәтижесінде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың ауызша емес құралдарының басымдылығы (суреттер, заттардың графикалық бейнелері мен сөйлемдердің құрылымдары, музыка);

в) оқу-дидактикалық ойындарды қолдану;

г) жұмбақтар;

д) өз ойын білдіріп, өзін-өзі бағалауды арттырудағы психологиялық кедергілерді болдырмайтын ертегілер мен шағын әдеби шығармаларды драмалау.

Жұмыс ұстанымдары:

1. Мадақтаудың түрлі құралдарын қолдану, ауызша және материалдық.

2. Бала бойында баланың тілдік қабілетін арттыратын педагог пен балалар арасындағы оң қарым-қатынастарды қалыптастыру.

3. оқыту үдерісінде педагогтің сөйлеу тілінің баланың жаңа үйреніп жатқан тілде 90% болуы.

4. Лексиканы жүйелі енгізу: лексикалық тапсырмаларды арттырып, біртіндеп бекіте отырып 3 сөзден бастау. Соңында күнделікті өмірде жинақталған сөздік қорын арттыру.

5. Балалардың қысқа мерзімді есін ескере отырып, әрдайым алдыңғы өткен материалға қайта оралып, оны келесі қайталауларға енгізу.

6. Сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымдарға үйрету.

7. Жұптық және топтық үйретулерге айрықша ықылас бөлу. Бұл топта қолайлы психологиялық ахуал құруға және тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі.

8. Педагогтің сұрақтары мен бұйрықтарына әсерінің жылдамдығын дамытады.

Тілдің үштұғырлығы бойынша ұйымдастырылған оқу ісінің тақырыптық мазмұндылығы «Қатынас» білім беру саласының білім мазмұнының іріктеу талаптарының принциптері бойынша құралады.

Оқытудың негізгі принциптері: қызықтылық, жүйелілік, түйіндемелік, қолжетімділік, көрнекілік және шынайы қарым-қатынас болуы тиіс.

«Тілдің үштұғырлығының дамуы» курсының аяқталуымен балалар лексика-грамматикалық құрылымдардың зерттелген тыңдалым машықтарын меңгеруі керек, берілген тақырып бойынша айқын сөйлеу, оқып жатқан тілдерде өлеңдер мен тақпақтарды білу.

5-6 сөйлемнен құралған заттарды сипаттайтын шағын әңгімелер, жеке тәжірибеден оқиғалар құрастыру; әдеби шығармалардан түсінгенін айту, суреттер бойынша мәтін құрастыру. Ойыншықтар, суреттер бойынша баяндамалық әңгімелер шығару, жұмбақтар мен салыстырмалы жұмбақтар құрастыру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту барлық салаларда жүзеге асады, бірақ мектепке дейінгі мекемелерде басты оқытудың түрі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқыту қызметі болып табылады. «Қатынас» білім саласы құрылымының әрекеті әр түрлі өзара байланыстағы сөйлеу жұмысының, сөздікті жетілдіру және жандандыру, грамматикалық сөйлеу тіркесін қалыптастыру, дыбыстық сөйлеу мәдениетін және т.с.с. тарауының процессі ретінде белгіленеді. Осы кезеңде, мектепке дейінгі жаста, байланысты монолог сөзін дамыту негізгі мақсат болып табылады. Оқытылудағы тілдердің дұрыс айтылуын қалыптастыру барысында есту қабілеті және фонематикалық қабылдау, сөйлеу аппаратының моторикасы, яғни сөйлеу мүшелерінің қозғалғыштығының айырықша мәнділігі бар. Көптілде айтылуын қалыптастыруға фонематикалық есту қабілеті міндетті шарт болып табылады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың фонематикалық қабылдау қабілеті өте жоғары деңгейде дамитындығы байқалады; олар дыбыстарды дұрыс айтып, олардың жіңішке және сараланған дыбыстар, сөз түрлері мен жеке дыбыстарды қалыптастырады.

Барлық балалар игеруге міндетті негізгі лексикалық қормен қатар игерілетін белгілі рецептивті лексиканың көлемі: күнделікті әдетті айтылатын сөздер, ұйқастырмаларда және тыңдалымға арналған мәтіндерде кездесетін лексика.

Сөйлеудің дұрыс ырғағы мен екпінін қалыптастыруда сөйлеу тынысы ерекше орын алады.

Сөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды. Тыныс гимнастикасында әр түрлі сюжетті жаттығулар қолданылады: («Сағат» «Ұшақ» «Сорап» және т.б.). Тыныс гимнастикасы әр түрлі ойын жаттығулар түрінде өтеді. Балалар мақта шарларын, қағаз сызықшаларын, шарларды үрлейді, сабын көпіршіктерін жібереді және т.б.

Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды. Жаңа сөздерді сөйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-қатынас жасау тек белгілі сөздік қордың жинақталуы мен есте сақталу жағдайында ғана мүмкін.

Сөздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала бейтарап сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Белсенді сөздікке жаңа сөздерді енгізу: ойыншықтар, нақ пішін, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбаларға сүйене отырып, бейнелерді көру нәтижелі болып табылады. Жаңа сөздердің айтылуы мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерудегі тілге енгізілетін жаңалықтар келесі кезеңдерден өту қажет: педагогтің үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра білу; сөйлеу кезінде оларды тану және түсіну.

Оқытылу барысына жаңа сөздер мен сөз тіркесі қосылғанда өз ретімен енгізілуі қажет. Жаңа сөздер алғашқы рет енгізілсе, балалардың назарын оларға және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалар жаңалықтарды шамадан тыс қабылдамауына көңіл бөлу керек.

Белсенді сөйлеуде пайдаланылатын сөздер біртіндеп енгізілуі керек және жүйелі түрде қайталанып тұру қажет. Белсенді сөздікті толықтыру фразалық сөйлеуді біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асу қажет.

Мағыналы мәтінді, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет.

Жаттау немесе жатқа оқу кең қолданылады (ертеңгілікте орындау, сәбилердің алдында көңіл көтеру, туыстардың сыйлығына және т.б.). Осы жаттығулар баланың күш-қуатын жұмылдырады, әрі басқа тілде өз қалауынша айтуға ықыласын арттырады.

Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтен жеңілдеткен түрде еске сақтау тәсілдерін қолдану талап етіледе. Балалармен лексикалық мәліметті нақты бекіту үшін, оны бірнеше рет қайталау қажет. Баланың сөздік қорын толықтыру үшін, қайталау барысында тек белгілі ғана емес, жаңа лексиканы пайдалану қажет.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту барысында лексикалық, грамматикалық және фонетикалық дағдыны қалыптастыруына үлкен назар аудару қажет. Осы дағдылар болмаса сөйлеу өнері айтарлықтай сапалы болмайды, балалар дұрыс айтуды және оқытудағы тілдердің сөйлеу қалыптылығын сақтай алмайды.

Күнделікті, әртүрлі тұрмыстық жағдайда ұйымдастырылған оқу қызметі процессінде және дидактикалық ойын барысында өздігінен әртүрлі сөздіктерді қолдануда жүзеге асады. Маңызды тілдесуді ұйымдастыруды, балалардың сөйлеуге назарын аудару, сөздік қорына, баланың жинақталған сөз құрамы байлығын пайдалану педагогтың рөлі болып табылады.

Театр әрекеті, сүйікті ертегілердің ерекше үзінділерін сахналау, кейіпкерлер диалогін пайдалану орыс және ағылшын тілдерін үйренуді белсендіруге, грамматикалық құрылымды және жүйелі сөздің дамуына мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі жастағы баламен (орыс және ағылшын) тілдерді үйрену барысында тілдің үштұғырлығы жағдайында дыбыс мәдениетін меңгеру - балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру барысын анағұрлым қарқындатады, тіл байланысын кеңейтеді.

Оқытылып жатқан тілдердің дыбыстарын дұрыс айтуды қалыптастыруға оқыту барысында сөйлеу жаттығуларын өткізу қарастырылған. Мұндай жаттығуға дыбысты жеке сөздің, сөйлемнің ішінде айтылуы кіреді. Педагог балаларды әрбір үйретілетін дыбыстың артикуляциясымен таныстыруға және оның барлық балалармен дұрыс айтылуын қадағалауға міндетті.

Тілдің үштұғырлығын дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру және дұрыс жоспарлау үшін балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту мен байытудың жалпы жағдайын анық білу қажет.

Оқытудағы жетістік көбінесе балалармен жұмыс жасаудың құрылымына тәуелді. Оқытудың басында (2-3 минут) баланы қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қызықты араласатын күйге түсіретін, кернеу мен шығармашылықты шешетін оқыту-ойнату әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.

Балалардың белсенділігін арттыру үшін олардың қазақ және ағылшын тілдерінде күлімдеп, жақсы рең білдіріп, : «Жақсы!», «Жарайсың!», «Дұрыс!» және т.б. сөздермен мадақтап отырған дұрыс.

Ұйымдастырылған оқыту әрекетінде балалардың фонематикалық есту қабілетін, сөйлеу қабілеттері мен дағдыларын, қарапайым сөйлеу талдауын дамытуға бағытталған 2-3 минуттық фонетикалық жаттығуды («Фонетикалық минут») өткізу қажет. «Фонетикалық минут» келесі ойындар ретінде өткізілуі мүмкін: «Жаңғырық», «Алқа», «Сағат», «Сөздер адымдайды» және басқалары.

Балаларға таныс емес тілдегі жаңа сөздермен алғаш танысу кезінде кең мағынада көрнекілікті пайдалану қажет. Тек бұйымды көрсету мен оның атын атаумен ғана шектелуге болмайды. Шет тілінің сөзі баланың жадында ешқандай аудармасыз сақталу үшін оның тек есту және көру қабілетін ғана емес, сонымен қатар басқа талдағыштарды іске қосу қажет: түйсіну (бұйымды ұстау), иіс сезімі (мысалға, раушан гүлін иіскеу), татым (мысалы, қант, балдың, тосаптың дәмін көру). Мүмкіндігінше заттың өзін көрсеткен жөн, содан соң ол заттың әртүрлі жағдайдағы басқа заттармен салыстырмалы түрдегі суреттерін көрсету қажет. Мысалы, үстел әр түрлі пішінде, әр түрлі өлшемде және тек қана төрт аяқты емес, үш аяқты да немесе бір аяқты да болады.

Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт - тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай. Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы».





















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. - Астана, 2007

  2. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, Астана 2013 жыл. Мектепке дейінгі ұйым пелагогтарына арналған тілдердің үштұғырлығын дамыту. Бағдарлама

  3. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, Астана 2013 жыл Мектепке дейінгі ұйым пелагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы. Әдістемелік құрал

  4. Ақиқит. 2011жыл, №4. «Ел тәуелсіздігінің нышаны - мемлекеттік тіл», ф.ғ.к. М.Салқынбаев.

  5. Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. Алматы. - «Дастан» баспасы, 2000 - 336бет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал