- Учителю
- Экология негіздері. Тақырыбы: Үй жануарлары (қой, ешкі)
Экология негіздері. Тақырыбы: Үй жануарлары (қой, ешкі)
</ Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Үй жануарлары» (қой, ешкі )
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы айтып түсіндіру. Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту. Ж ануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екеңдігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Балалардың қол моторикасын дамыту. Бастаған жұмысын аяқтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Көрсету, түсіндіру, үйрету, сурет салдырту.
Қолданылатын көрнекілік: үй жануарларының суреттері.Кіріспе бөлім
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Арайлап таң атты
Қайырлы таң балалар,
Алтын шапақ таратты
Қайырлы таң балалар.
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балалар.
Балалар шаттық
шеңберіңде турып бір-бірімен күлімдеп амандасады, жылы тілектерін білдіреді. Жарты шеңберге отырып оқу іс-әрекеттке бейімдеулері. Тәрбиешіні мұқият тыңдаулары.
Ұйымдастыру ізденгіш кезең
II-Негізгі бөлім.
Балаларға жыл мезгілі, ауа райы туралы
сұрақтар қою.
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Жұмбақ жасыру
Кіп-кішкене бойы бар
Айналдыра киген тоны бар
«Қой»
Өзі жуас, өзі момын
Бір шешпейді тонын.
«Қой»
Мынау - қой, ал мынау - ешкі.
Біз бүгін осы екі жануармен танысамыз.
-
Қалай ойлайсыңдар, қой мен ешкі үй жануарларына жатама, әлде жабайы аңдарға жатама?
-
Неге олай ойлайсындар?
Қой мен ешкі туралы түсіндіреді.
«Дұрысын тап» ойыны
Балаларды үш топқа бөліп, ойын ережесін түсіндіреді.
Жүннен тоқылған киімдер, сүт тағамдары мен еттен жасалған тағамдардың суреттерін араластырып, үстелдің үстіне шашыратып қояды.
Сергіту сәті.
Үстінде үйдің түр еді мысық,
Қасына келді бір торғай ұшып,
Бас салмақ болып, ыршыды мысық,
Жөнелді торғай пір етіп, ұшып.
Биіктен жерге, топ ете түсті,
Мысықтың қалды жамбасы ісіп.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды, қойылған сұрақтарға толығымен жауап береді.
Ол, қой
Ол, қой.
Үй жануарларына жатады.
Өйткені оларды бағып, оларға қора жасап береді. Ойын ережесі бойынша бірінші топ жүнннен тоқылған киімдерді, екінші топ - сүттен жасалған тамақтарды, үшінші топ - еттен жасалған тамақтарды іріктеп, олардың аталуын, қолданылуын, пайдасын, қай жануардың берген өнімі екендігін айтып береді. Балалар қай жануар екенің табады.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлекциялы-түзету кезең
III-Қорытынды бөлім.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Балалардың жаңа іс-әрекеттен түсінген түсініктерін сұрақ-жауап әдісімен бекіте отырып, балалардың жауаптарын мақтау, мадақтау арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылау.
Тәрбиеші әр балалармен жеке жұмыс жүргізе отырып, балаларға сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар үй жануарлары туралы білу керек.
Болу керек: Жаңа тақырып жайлы мағлұмат болу керек.
Істей білу керек: Балалар оқу-іс әрекетінен алған білімдерін іс-әрекетте қолдана білу керек. Жұмбақтың шешуін таба білу керек.