7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы Жүйрік ат (мектепалды даярлық тобы)

Сабақ тақырыбы Жүйрік ат (мектепалды даярлық тобы)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: мүсіндеу

Тақырыбы: Жүйрік ат

Мақсаты:

1)Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін сақтай отырып жүйрік атты мүсіндеу.

2)Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

3)бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, төзімділікке тәрбиелеу.

Түрі : жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: суреттер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң,қайырлы күн болсын!

II Мақсат қою кезеңі.

Жүйрік ат мүсінін мүсіндеуді үйрету.

III Жаңа сабақ

«Түйе , жылқы, сиыр, қой - төрттүлік осы біліп қой»

Аяғым тұлпар жылқымын

Мақтанымын жұртымның.

Ерге қанат тұлпар - мен қай түлкі келер маған тең?!

Сүтім - қымыз, етім - ем.

Білесің бе оны сен?

Біздің аталарымыз күні бүгінге дейін жылқының көмегін пайдаланды, сүтін ішеді, көлік ретінде пайдаланады, бәйгеге қосады.Жылқы ең жүйрік жануар, оның сүтінен қымыз дайындалады.

1.Қоңыр түсті еремексазды алып, екіге бөліп, алақанымызға салып жылқының денесін сопақша тәріздес қылып жасаймыз.

2.Сол дене бөлігінен кескіш құрал көмегімен бөліп, шымшып созу, тегістеу арқылы аяқтарын шығарамыз.

Сергіту сәті.

Табиғатты қорғаймыз

Шөп жұлып ағаш қимаймыз

Ұясын құстың бұзбаймыз

Қайнар көзі тірліктің-

Суды да ысырап қылмаймыз.

Аулада гүлдер баспаймыз,

Көгалды таптап баспаймыз.

3.Ермексаздың бір бөлігін қиып созу, дөңестеу, сылап тәсілдері арқылы ұзартып мойнын , басын шығарамыз.

4.Бас бөлігінен шымшу арқылы жалын шығарамыз, кескішпен бедерлейміз.

5.Ермексаздың кішкене бөлігінен екі құлағын жасаймыз, бас бөлігіне жапсырамыз. Соңынан жылқының құйрығын жасаймыз.

ІV Түсінгендерін зертеу кезеңі.

-Балалар біз бүгін ненің мүсінін жасадық?

-Қандай түсті ермек сазды пайдаландық?

-Қандай тәсілді пайдаландық?

V Бекіту кезеңі

Балалар бүгінгі сабағымызды мынандай өлең жолдарымен аяқтаймыз.

«Құлын»

Құлдырайды құлын

Желбірейді тұлым

Желігеді жүйрік

Төгіледі құйрық.

VI Балаларды мадақтау.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал