7


  • Учителю
  • Тех.карта Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?

Тех.карта Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№5 технологиялық карта



Білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным».

Бөлімі: Қауіпсіз мінез - құлық негіздері, валеология.

Тақырыбы:Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?

Мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын кеңейту. Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.

Алдын ала жұмыс: тазалық туралы әңгімелесу, мақал - мәтелдер жаттату.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Әліппе - дәптер, қуыршақ.

Сөздік жұмыс: микроб.

Билингвальді компонент: өте ұсақ оргенизм - микроб.



Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

- Мына ғажайып баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын жіберемін. Қабыл алыңдар! Балалар оң қолымызды жүрегімізге қояйықшы. Жүрегіміздің дүрсілін сезінеміз бе? Жүрегіміз қандай?

- Олай болса жүрегімізден шыққан жылуды бір - бірімізге сыйлайық.

Балалар жауаптары:

- Менің жүрегім мейірімді.

- Батыл.

- Бақытты.

- Қуанышты.

- Жылы.

- Қайырымды.

- Жұмсақ.

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар, мына қуыршаққа қараңдаршы. (Кір - кір қуыршақты көрсету). Бұл баланы біз «таща деп айта аламыз ба?

- Ендеше осы баламен танысып, ортаға шақырайқ. Оның аты - Елдос. Ол балабақшаға бармайды екен. Денсаулық, тазалық туралы ештеңе білмейді екен. Олай болса, балалар, біз Елдосқа үйретейік. Келісесіңдер ме?

Жекебас тазылығы туралы түсіндіру.

- Әр адам күнделікті қолын жуып, тісін тазалауы керек. Егер қолдарың кір болса, іштеріңе микроб кіріп, ауырып қаласыңдар. Сабын мен су нағыз достар екенін түсіндіру.

Жұмбақ жасыру:

Ертемен күнде сен,

қолыңды сүйкейсің.

Кетіп кір - ласын,

тап - таза боласың.

Бұл не?

- Тамаша, ал енді айнаға қарап күлейікші.

«Тіс күлкіге сән берер» деген нақыл сөздің мағынасына тоқталу.

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайнамай.

Тіс туралы түсінік беру. Отыз екі тіс болатындығы, оны сақтау үшін күніне екі рет тазалау керектігін айту.

Тамақ ішкен соң, міндетті түрде шаю керектігін ескерту.

- Балалар, Елдосқа қараңдаршы, ол мұңайып, ұялып қалыпты. Өзі таза болып жүруге уәде беріп, сендер сияқты балабақшаға барса, көп нәрсе үйренетіндігін айтады. Ендеше, балалар, Елдосқа жекебас тазалығын сақтап жүр деп «Тазалық сөмкесі» деген сыйлық берейік.

Сергіту сәті:

«1» дегенде тұрайық,

2 - алақанды соғайық,

3-4-5 - бір - бірімізге қарап,

6-7 - жымиып,

8-9 - орнымызды табайық.

Билингвальді компонент:

Микроб - өте ұсақ тірі организм.

- Ал, балалар, Елдоспен қоштасамыз, келесі оқу іс - әрекетінде мұнтаздай таза Елдосты күтеміз.

Әліппе - дәптермен жұмыс:

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сөздік жұмыс:

Микроб - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ тірі организмдер.

Балалар қуыршақ Елдосты қарсы алады.

- Жоқ.











Қол жуу ережелерін есте сақтауға тырысады.













- Сабын.









- Тіс.

Мұқият тыңдайды.



















Қимыл арқылы сергіту сәтін орындайды.







Қайталайды:

- Микроб - өте ұсақ тірі организм.

Тапсырманы орындайды.

Қайталайды:

- Микроб - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ тірі организмдер.

Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытынды жасайды: - Тіс күтіміне байланысты қандай ережелерді есте сақтау керек?

- Қолды қалай тазалап жуу керек?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтижелер:

Орындайды: жекебас тазалығын сақтау шараларын.

Түсінеді: күнделікті жекебас тазалығының маңызы зор екендігін.

Қолданады: гигиеналық ережелерді күнделікті өмірде.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал